Accessibility links

Бакуде оппозицияшыл белсенді ұсталды


Бакуде ұсталған оппозицияшыл белсенді Туран Ибрахимнің әкесі Маммад Ибрахим.
Бакуде ұсталған оппозицияшыл белсенді Туран Ибрахимнің әкесі Маммад Ибрахим.

Бакуде Әзербайжанның оппозициялық Халықтық майдан партиясының белсендісі Туран Ибрахим ұсталды. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының хабарлауынша, белсенді 13 қаңтар күні өз үйінің жанында ұсталған.

Туран Ибрахимнің ағасы Тогрул Ибрахимнің айтуынша, белсендіні жұмысынан үйіне қайтып келе жатқанда жеті полицей ұстап әкеткен. Оның сөзінше, Ибрахим полиция бөлімшесіне жеткізіліп, "полицияға қарсылық көрсетті" деп айыпталған.

Ибрахим Тогрул Халықтық майдан партиясының жастар комитетінің мүшесі. Оның әкесі, Халықтық майдан партиясы төрағасының кеңесшісі Маммад Ибрахим қыркүйектің соңынан бері "бұзақылық жасады" деген айыппен қамауда отыр. Маммад Ибрахим өзіне тағылған айыпты "саяси астары бар" деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG