Accessibility links

Ақтөбе мен Семейде жерге қатысты митинг өтті


Жерге қатысты Ақтөбедегі митинг
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Жерге қатысты Ақтөбедегі митинг.

Ақтөбе мен Семей қалаларының орталығында жерге қатысты митингілер өтіп жатыр.

АҚТӨБЕ

Ақтөбеде Тұңғыш президент саябағында жүздеген тұрғын жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы бейбіт жиын өткізіп жатыр. Бұл туралы Азаттық тілшісіне жиынға қатысып жатқан құқық қорғаушы Ольга Климонова хабарлады.

Жер туралы жиын Ақтөбе мен Семейде өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:44 0:00
Жүктеп алу

Оның айтуынша, әкімдік өкілдері халықты сабырға шақырып, келісуге тырысып жатқанымен жиналған жұрт "барған сайын көбейіп, дес бермей жатыр".

- Келген адам қарасы барған сайын көбейіп жатыр. Басында бір ғана адам сөйлеп тұр еді, көптің алдында сөйлегісі келген адамдар көбейіп кетті. Әкімшілік өкілдері митингтің қатысушыларына айналды. Халықты тоқтата алмай жатыр, - дейді Ольга Климонова. Оның айтуынша, жиналғандар арасында ересек адамдар да, жастар да бар.

Азаттық тілшісі Климоновамен сөйлесіп тұрған кезде тұтқаның арғы жағынан ысқырықтар мен халықтың ұрандап жатқан дауыстары естіліп тұрды.

Ольга Климонованың айтуынша, кеше, яғни сәуірдің 26-сы күні әлеуметтік желіде митинг өтетіні туралы хабарлама болған. Бүгін түскі сағат бірден соң жұрт Тұңғыш президент саябағы төңірегіне жинала бастаған. Әуелі митингке келген адамдарды «саябақты дәрілейміз» деп кіргізбей қойған. Тұрғындар митингті тротуарда өткізе бастағаннан кейін әкімдік өкілдірі паркке кіруге рұқсат берген.

СЕМЕЙ

Семейде де сәуірдің 27-сі күні түстен кейін жүздеген адам қатысқан жерге қатысты митинг басталған. Бұл турасында Азаттық тілшісіне белсенді Майра Әбенова хабарлады. Оның айтуынша, жұрт шамамен түскі 14:00-де Семейдегі Жеңіс саябағында жиналған.

«Біздің бірінші талабымыз – жер шетелдіктерге сатылмасын. Екіншіден, ауыл шаруашылығы жерлері шілденің 1-інен бастап аукционға қойылады деп жатыр. Біз жердің жеке меншікке берілуіне қарсымыз» дейді Семейдегі жиынға қатысушылардың бірі Гүлфайра Жәнібекова.

Азаттыққа оқырман жолдаған видео:

Семейде жер туралы митинг өтті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:41 0:00
Жүктеп алу

Майра Әбенованың айтуынша, халықпен кездесуге қала әкімі, прокуратура өкілдері келген. Олар жиналғандардың талабын жазбаша жазып жеткізушілерін сұрап, жоғары жаққа жеткізуге уәде берген. Мұнан соң тұрғындар хатқа қол қойып, оны жергілікті билік өкілдеріне тапсырған. Қазіргі кезде азаматтар үйлеріне тарай бастаған. Полиция шараны жәй ғана бақылап тұрған.

Қазақстан үкіметі өткен айда жер туралы заңға былтыр күзде енгізілген өзгерістерге сай биыл шілдеден бастап ауыл шаруашылық жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату, сонымен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 25 жылға дейін мерзімге жалға беру тәртібі күшіне енеді деп хабарлаған.

Жер сату мен шетелдіктерге жерді жалға беру жөніндегі үкімет бастамасына қарсы бұған дейін зиялылардың талап-хаты жарияланып, Астана мен Оралда белсенді азаматтардың жалғыз адамдық пикеттері мен Алматыда шағын жиын өткен. Сәуірдің 24-і күні Атырауда жерге қатысты бірнеше мың адам жиналған митинг болған. Ал сәуірдің 26-сы күні Алматының "Астана" алаңында жерді жалға беруге қарсы жалғыз адамдық пикетке шыққан тұрғынды полиция ұстап әкеткен.

Атырауда сәуірдің 24-і өткен митингінің видеосы:

Атыраудағы «жер сатуға қарсылық» жиыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG