Accessibility links

2016 жылы өтетін әлемдік жарыстар


Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсеткен сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл.

Қазақстан мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің "Төрт құрлық чемпионатында" өнер көрсеткен сәті. Сеул. 14 ақпан 2015 жыл.

Азаттық 2016 жылы әлемде өтетін ірі халықаралық спорт жарыстарының күнтізбесін ұсынады.

2016 жыл – олимпиада жылы. Төрт жылда бір келетін басты жарыс 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді. Қазақстан бұл жарысқа жүзге жуық спортшы апаруды жоспарлап отыр. Қазір елде 41 жолдама бар. 7-18 қыркүйекте осы қалада паралимпиада ойындары өтеді.

2-13 ақпанда Сербияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтіп, бұл сынға Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысады. Қазақстанның топтағы қарсыластары Ресей мен Хорватия болмақ.

Элизабет Турсунбаева Жапониядағы әлемдік Гран-При жарысында. Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды.

Элизабет Турсунбаева Жапониядағы әлемдік Гран-При жарысында. Сурет спортшының жеке мұрағатынан алынды.

12-21 ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) жасөспірімдердің қысқы олимпиадасы болады. Бұл жарысқа мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен конькиден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Станислав Палкин қатысады.

Қыркүйектің 24-і мен қазанның 3-і аралығында Данангта (Вьетнам) жағажайдағы Азия ойындары өтеді. (Қазақстан 2014 жылы Пхукетте (Таиланд) өткен жағажайдағы Азия ойындарында 8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте алтыншы орын алған).

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫ

26-30 қаңтарда Жапонияда өтетін велоспорттан Азия чемпионатында Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама таратылады. Бұл сынға Қазақстан әйелдер құрамасы толық құрамда қатысып, олимпиада лицензиясына таласады.

Ақпанның 17-cі мен 21-і аралығында Таиландта күрестен Азия чемпионаты өтеді. Ал 18-20 наурызда Астанада өтетін азиялық олимпиадаға іріктеу турнирінде Рио жолдамасы таратылады.

13-18 сәуірде семсерлесуден Уси қаласында (Қытай) Азия біріншілігі өтіп, олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

Алматыда өткен таэквондо жарысы. 11 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматыда өткен таэквондо жарысы. 11 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

19-20 сәуірде Манилада (Филиппин) Азия құрлығының таэквондошылар олимпиада жолдамасы таратылатын жарысқа қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан толық құрамда қатысады.

25-30 сәуірде Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы мамырдың 28-і менмаусымның 1-і аралығында Жапонияда өтетін триатлоннан құрлық біріншілігінде де олимпиада жолдамасын алуға тырысады.

ӘЛЕМДІК ЖАРЫСТАР

16-21 ақпанда Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан Америка, Азия, Австралия және Африка спортшылары қатысатын «Төрт құрлық чемпионаты» ұйымдастырылады. 2015 жылы бұл жарыстың ерлер арасындағы сынында қазақстандық алтын алған Денис Тен биыл да осы жарысқа қатысады. Ол наурыздың 28-і мен сәуірдің 3-і аралығында Бостонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына да барады.

11-15 наурызда Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл жарысқа Қазақстан төрт ер, екі әйел спортшы апару құқығына ие.

Оқи отырыңыз: 2015 жылғы жеңістер мен сәтсіздіктер

Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэн. (Сурет Қазақстан хоккей федерациясының icehockey.kz сайтынан алынған). 11 сәуір 2012 жыл.

Астаналық «Барыс» хоккей клубының капитаны Кевин Даллмэн. (Сурет Қазақстан хоккей федерациясының icehockey.kz сайтынан алынған). 11 сәуір 2012 жыл.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 6-22 мамырда Ресейде өтетін әлем чемпионатына барады. Қазақстан топтық кезеңде Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Даниямен ойнайды.

19-27 мамырда Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде спортшылар Рио-де-Жанейро олимпиадасының лицензиясына таласады.

22-29 мамырда Мәскеудегі қазіргі бессайыс бойынша өтетін әлем чемпионатында да Рио олимпиадасының жолдамасы таратылады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG