Accessibility links

Мемлекеттік тапсырыстың ақшасы қайда кетеді?


Тұрақты баспанасы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығындағы Наурыз тойына дайындық. Ақтөбе, 21 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Тұрақты баспанасы жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталығындағы Наурыз тойына дайындық. Ақтөбе, 21 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы елдегі жалған жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдарды қаржыландыру ұлғайып отырғаны жайында мәселе көтерді. Билік белсенділер жариялаған зерттеу қорытындысымен келіспейді.

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымының президенті Бақыт Түменованың айтуынша, ұйым мүшелері денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырыстарын қандай үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) жеңіп алатынын талдаған. Белсенділер жұртқа жария болуы тиіс бұл ақпаратқа әзер жетіп, кейбір үкіметтік емес ұйымдарды әрең тапқан. Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған ағарту, волонтерлік жобалар бойынша мемлекеттік тапсырысқа бөлінген ақшаны осы ұйымдар алса керек.

– Әлгі ұйымдарды көрсетілген мекенжайы мен телефондары бойынша іздеп едік, таппадық. Ақыры «мына ұйымдардың нақты мекенжайын беріңіздерші» деп денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдадық. Бірақ министрліктен жауап болмады. Уақыттары болмады ма, әлде ол ұйымдарды өздері де таба алмады ма, білмейміз, – деп мәлімдеді Бақыт Түменова қыркүйектің 6-сында Астанада өткен дөңгелек үстелде.

«Аман-саулық» ұйымы президентінің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша жарияланған конкурс жеңімпаздарының тізімінде көпе-көрінеу демпинг ұсынған (бағаны әдейі арзандатқан) ҮЕҰ де бар. Яғни кім арзан баға ұсынады, сол «Аман-саулық» қоғамдық ұйымының президенті Бақыт Түменова (сол жақтан екінші) ҮЕҰ жайлы жиында. Астана, 6 қыркүйек 2013 жыл.

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымының президенті Бақыт Түменова (сол жақтан екінші) ҮЕҰ жайлы жиында. Астана, 6 қыркүйек 2013 жыл.

мемлекеттік тапсырма алады. Бақыт Түменова «бағаны әдейі түсіру жоба сапасын төмендетеді» дейді.

– Қозының терісінен бір-ақ тымақ тігуге болады ғой. Ал мен «жеті тымақ тігемін» деп жазамын. Министрлік «О, бір теріден жеті тымақ тігемін, қалғанын әкеліп беремін» деп отырған Түменованың ұсынысы керемет. Мемлекеттік тапсырысты сол алсын» деп қуанады. Соның кесірінен саны бар, сапасы жоқ «тері мен тымақ» аламыз, – дейді Бақыт Түменова.

Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық даму департаментінің директоры Марат Шоранов «министрлікке «Аман-саулық» ұйымы тарапынан тағылған айып негізсіз» дейді.

– Бізде келісім-шарттың бәріне қол қойылған, барлық деректер бар. Егер нақты бір жағдай жайында білгісі келсе, тиісті құжаттарды көрсетіп, бұл қауесеттің өтірік екенін дәлелдей аламыз, – деді Марат Шоранов Азаттық тілшісіне.

Департамент директоры дөңгелек үстел кезінде «мұндай жағдайлар үшін денсаулық сақтау министрлігін сыбайлас жемқорлықпен байланыстырып сөгудің Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Марат Шоранов. Астана, 6 қыркүйек 2013 жыл.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі Марат Шоранов. Астана, 6 қыркүйек 2013 жыл.

орнына алдымен ҮЕҰ-нің шаруаға қырсыздығын айтқан жөн» деді.

– Үкіметтік емес ұйымдардың өздері бұл шаруаны пайда немесе ақша табу көзіне айналдырмасын, – дейді Марат Шоранов.

ҮЕҰ мен оларға ақша бөлетін ведомстволар дауласып жатқан кезде Қазақстанда «ҮЕҰ-ні мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасына сәйкес, ҮЕҰ-ге мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетіліп, айрықша көзге түскен қоғамдық ұйымдарға бюджеттен сыйақы да берілмек. Заң жобасының негізгі авторы – мәдениет және ақпарат министрлігі. Жоба әзірше парламент талқысына түскен жоқ.

Биыл мемлекеттік тапсырысқа бюджеттен қыруар ақша – шамамен 5 миллиард теңгедей бөлінген. Қазақстанда қазір 27 мыңдай үкіметтік емес ұйым бар. Көбінің негізгі қаржы көзі – осы мемлекеттік тапсырыс.

Бақыт Түменованың айтуынша, қазір ҮЕҰ қатарында мемлекет құрған мемлекеттік емес ұйымдар қаптап жүр. Жалған ҮЕҰ-ні қазір жұрт GONGO (ағылшынша, Government-Organized Non-Governmental Organization – Үкімет құрған үкіметтік емес ұйымдар) деп атайды. Қазақстанда жыл сайын белгілі бір ведомствоның имиджін көтеру үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы миллиондаған теңге бөлінеді. Көбінесе бұл шаруаға ҮЕҰ деген атты жамылған жалған қоғамдық ұйымдарды тартады.

«Аман-саулық» қоғамдық ұйымы Қазақстанда ҮЕҰ-ні қолдау мен дамыту қорын құруды ұсынады. Ұйым белсенділері ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты әділ бөлудің жолы осы деп біледі.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG