Accessibility links

Атырауда Sinopec жұмысшылары ереуілге шықты


Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Атырау мұнай өңдеу зауытына қарасты хош иісті көмірсутектер зауытын салып жатқан қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" компаниясының 200-ге тарта жұмысшысы мамырдың 2-сінде ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Жұмысшылар бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына шағым түсірмек.

Жұмысшылар негізінен жұмыс жағдайын жақсарту, жалақыдағы айырмашылықты жою, жатын орын, тамақтану сияқты мәселелерді шешу сияқты талаптарды қойып отыр. Олардың барлығы - Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған, көпшілігі Қытайдан келген оралмандар.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардың айтуынша, олар тіпті мереке күндері де жұмыс істегенімен, жалақылары толық есептелмейді.

- Тіпті зейнетақы қорына аударылатын ақшамыз да бір жыл бойы аударылмай келген. Біз 40 күн жұмыс істеп 40 мың теңге алсақ, өзімізбен қатар жұмыс істейтін қытай азаматтарының ең төменгі айлығы - 230 мың теңге, - дейді жұмысшылардың бірі.

Жұмысшылар осы мәселелерді көтеріп, компанияның бас директоры Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.

Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, 3 мамыр 2012 жыл.

Чин Еге өткен жылдың желтоқсаны мен биылғы қаңтар айларында бірнеше рет өтініш жасағандарын айтты. Бірақ олардың талап арызына басшылық көңіл бөлмеген.

Ал мамырдың 2-сінде жұмысшылар жоғарыдағы талап-арыздарын облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне, прокуратураға айтқан.

Бүгін олар "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына шағым түсірмек.

Бұл мәселеге орай Азаттық тілшісі "Евразия строй капитал 2007" фирмасының директоры Чин Еге хабарласқан еді. Бірақ телефон тұтқасын көтерген оның орынбасары Алтай Томақаев мәселеге қатысты ешқандай түсінік бермейтінін айтты.

Ал жұмысшылар талаптары орындалғанша жұмысқа шықпайтындарын мәлімдеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG