Accessibility links

Тұрғындар аурухана үшін наразылық танытты


Тайпақ ауруханасы. (Сурет оралдық журналист Қазбек Құттымұратұлының жеке архивінен алынған).

Тайпақ ауруханасы. (Сурет оралдық журналист Қазбек Құттымұратұлының жеке архивінен алынған).

Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ ауылының тұрғындары көршілес бірнеше ауылға қызмет көрсететін аурухана оңтайланып, емхана болып қала ма деп қауіптенеді. Жергілікті билік екіұшты жауап береді.

Ақпанның 27-сі күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылының тұрғындары ауылдық әкімдіктің алдына жиналып, ауруханасының жабылуына наразылық білдірді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «аурухана жабылмайды» деп ауыл халқын сабырға шақырып отырғанымен тұрғындар сенімсіздік танытады.

Батыс Қазақстан облысындағы Тайпақ ауылының тұрғындары облыстық денсаулық сақтау басқармасына тікелей қарайтын аурухананы 150 шақырым жерде орналасқан Шапай ауруханасына қосып, шағын емхана жасамақ деген хабар естіген.

Бұған дейін жергілікті биліктен нақты жауап ала алмаған халық бейсенбі күні ауыл әкімдігі алдына жиналып, аурухананы жаппауды талап еткен.

«13 МЫҢ АДАМ ТҰРАТЫН АУЫЛДАР ҚАРАЛАДЫ»

Тұрғындар егер Тайпақ ауылымен көрші Сарытоғай, Базаршолан, Базартөбе сияқты ауылдардан шамамен 13 мыңға жуық адам келіп қаралатын ірі аурухана жабылса, тұрғындарға емделу қиынға соғады деп алаңдайды.

«Мұнда жүрекпен ауыратын көптеген адам осы ауруханаға қаралады. Егер емхана күйінде қалса, науқастардың жағдайы қалай болмақ? Оған қоса, 150 Тұрғындар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен кездесіп отыр. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы, 27 ақпан 2014 жыл. (Суретті ауыл тұрғыны жіберген).

Тұрғындар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен кездесіп отыр. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы, 27 ақпан 2014 жыл. (Суретті ауыл тұрғыны жіберген).

шақырым жердегі Шапайға бару жолақысы – 800 теңге. Қаралып жүрген бала-шаға, мүгедектер оны төлей алмайды. Мұнда 5 мың теңге жалақымен өмір сүріп жатқан тұрғындар бар. Ол жаққа барып емделу үшін жататын жеріміз жоқ, жатақхана, қонақ үй жоқ. Көбі бара алмайды. Ал егер аурухана қалса, квотамен, жолдамамен оларды Оралға апаруға болады» дейді Азаттық тілшісіне ауыл тұрғыны, 1-топ мүгедегі Гүлжаһан Досанова телефон арқылы.

Ауыл тұрғындарының Азаттыққа айтуынша, наразы жұртпен ауыл әкімі Боранбай Қыдырғожин мен Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары Мәншүк Аймурзиева кездесіп, әкімдіктің ішінде жиналыс өткізген.

Шамамен бір сағатқа созылған жиналыстан шыққан тұрғындар Азаттық тілшісіне басқарма өкілінің сөзіне қанағаттанбай тарағандықтарын айтты.
«Аурухана жабылмайды» дейді де, «бірақ, бірақ...» деп айта береді.

«Бізге «аурухана жабылмайды» деп айтады да, «бірақ, бірақ...» деп айта береді. «Бірақ» деген не сөз, бізге нақты шешімін айтыңыз» деп едік, сіздердің айтқандарыңызды әкімге жеткіземіз деп айтты» дейді ауыл тұрғыны Сәнім Досқалиева.

Тайпақтың тағы бір тұрғыны Гүлнар Аққошиева «аурухананы қалдырмаса, ақырғы амалдарға барулары мүмкін» екенін айтты.

«Әкем екінші топ мүгедегі. Бізге аурухана ауадай қажет. Енді мұнан соң аштық жариялаймыз ба, басқадай қыламыз ба, оны шешеміз. Қарсы шығамыз. Бізге нан қымбаттамайды деп еді. Қымбаттап кетті. Бәріне 10-15 теңгеден қосылып жатыр. Біздер енді ештеңеге сенбейміз» дейді Гүлнар Аққошиева.

«УЧАСКЕЛІК ЕМХАНА БОЛЫП ҚАЛУЫ МҮМКІН»

Азаттық тілшісі Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Мәнзипа Жұбатоваға хабарласқанда аурухана жөнінде екіұшты жауап алды.

«Аурухана жабылмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бірде-бір штат қысқартылмайды. Бірақ 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауылдардың бірі. (Көрнекі сурет)

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауылдардың бірі. (Көрнекі сурет)

шыққан үкіметтің қаулысы бар. Соған орай халықтың санына байланысты ауылдық учаскелік емхана болып қала ма деген әңгіме шыққан. Бірақ ол шешілмеген мәселе. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау департаментіне хабарласыңыз» деді Мәнзипа Жұбатова.

Ал Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Ренатқызы да «аурухана жабылмайды, ол жалған ақпарат» деп жауап бергенмен толық ақпаратты басқарма өкілі Мәншүк Аймурзиеваға хабарласып алуды өтінді. Басқарма өкілімен хабарласу әрекетінен әзірше нәтиже шықпай тұр.

Ресми мәлімет бойынша, Тайпақ ауылында шамамен 5 мың 600 адам тұрады. Ол облыс орталығы Орал қаласынан 270 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстанда «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «аурухана» деп аталған нысандардың көпшілігі шағын амбулатория түрінде салынып жатқаны байқалады. Оның үстіне үкіметтің қаулысына сәйкес тұрғын саны 5 мыңнан аз кенттер мен ауылдардағы ауруханаларды емхана етіп оңтайландыру жүріп жатыр.

Бастапқы жоспар бойынша 2007 жылы басталған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы 2011 жылы аяқталуы керек болатын. Бірақ 2013 жылы денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов 2007 жылдан бері 64 аурухана ғана салынғанын, қалғандарының құрылысы 2016 жылдың соңына дейін аяқталатынын мәлімдеген еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG