Accessibility links

Талдықорғандық жастың видеосы YouTube-те танымал болды


YouTube белгісі. (Көрнекі сурет)

YouTube белгісі. (Көрнекі сурет)

Талдықорғанда тұратын Аркадий Моряхин жасаған видеосюжет интернетте танымал болды. Ол көліктердің видео регистраторына түскен көріністерді - жүргізушілердің көмекке мұқтаж жаяу адамдарға көмектескен сәттерін құрастырып, ол видеоны YouTube-те жариялады.

25 сәуір күні жарияланған "Good people / Мир не без добрых людей..." атты бұл видеоны он күннің ішінде үш жарым миллиондай адам көрген.

Видеоны көрген шетелдік интернет қолданушылары (ресейліктер, америкалықтар, еуропалықтар) да жазған комменттерінде қатты әсерленгендерін айтып, авторға алғыстарын білдіреді. "Жақсылықты талайдан бері көрмеген шығармыз. Мұндай кереметті көргенде көзіңе жас келеді" дейді олардың бірі.

Видео авторы, 19 жасар Аркадий Моряхин жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында туындысының танымал болу себебін былай түсіндіреді:

- Мен жүйені бұздым-ау деймін. Қайда қарасаң да жол апаты, төбелес, жолға шығып кеткен танк. Мұндай видео мүлдем жоқ. Жақсы іс бейнеленген видеоларды бір жерге жинайын дедім. YouTube-тен сондай видеолардың әсерлі сәттерін жүктеп алып, әдемі саундтрек салып, бір күнде жасап шықтым.

Ол америкалық бір арнаның өзіне ұсыныс жасағанын, бірақ оған әзірше жауап бермей, шығармашылық жоспарын жасап жатқанын айтады.

"Good people / Мир не без добрых людей..." атты видео:
XS
SM
MD
LG