Accessibility links

Талдықорғанда «жезөкшелікті заңдастырайық» деген ұсыныс айтылды


Саунадағы жас әйелдер. Талдықорган, 5 қараша 2012 жыл.
Саунадағы жас әйелдер. Талдықорган, 5 қараша 2012 жыл.
Талдықорған тұрғындары мен мемлекеттік мекемелердің мамандары жезөкшелікті заңдастыру жөнінде қалалық газеттерде бастама көтерді.

Талдықорғанның жергілікті жезөкшелерінің сауна, моншалар мен қонақ үйлерді жайлап алғанына көп уақыт болды. Мұнда оларға жалақы төлеп, қауіпсіздігін азды-көпті қамтамасыз етеді.

ЖЕЗӨКШЕЛЕР ҮЙІНЕ АЙНАЛҒАН САУНАЛАР

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) қызметкерлері бұл орындарды апта сайын тексергенде ондаған жезөкше ұсталатынын айтты.

- Алматы облысында осы кәсіпті бизнеске айналдырып алған сауна, қонақүй, моншалар жыл сайын көбейіп барады. Өткен жылы Талдықорғанның өзінде ғана 37 монша-сауна кешені тіркелсе, биыл олардың саны 40-тан асып кетті, - деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.

Полицейлер өздерінің профилактикалық есебінде жүздеген жезөкше тұрғанын хабарлады. Биыл сутенерлердің үстінен 35 қылмыстық іс қозғалыпты.

Жезөкшеліктен түскен жасырын табысқа салынатын салықтың мөлшері жайлы,
Саунадағы адамдар. Талдықорган, 5 қараша 2012 жыл.
Саунадағы адамдар. Талдықорган, 5 қараша 2012 жыл.
осыны кәсіп етіп отырған монша-сауналардың қожайындары мен клиенттерінің жауапкершілікке тартылуы туралы сауалымызға:

- Біз жезөкшелерді ғана ұстап, сутенерлерді ғана қылмыстық жауапқа тарта аламыз, - деп жауап берді Көбейхан Нұрахмет.

ЖАҚТАУШЫЛАР МЕН ҚАРСЫЛАР

Талдықорғандық медбике Ирина Ким «Жезөкшелікті заңдастыру керек пе, керегі жоқ па?» деген сауалға:

- Шығыс елі болғанымызбен, жезөкшелердің қызметі заңдастырылса, еркектер ауру жұқтырмайтын еді, - деп жауап берді.

Үштөбелік кәсіпкер Болат Сембаев та жезөкшелікті заңдастыруды жақтайды. Оның пікірінше, "еркек атаулының нәпсісі құрымай, ежелгі кәсіп те құрымайды".

- Жезөкшелік - бізге дейін де болған, бізден кейін де болатын ежелгі кәсіп. Сондықтан оның қызметі заңдастырылып, жезөкшелер үйінің қожайындары бюджетке салық төлесін, - дейді Болат Сембаев.

Жезөкшелікті заңдастыруды Талдықорғандағы кейбір дәрігерлер де қолдайды. Венеролог дәрігерлер жыныстық жолмен тарайтын жұқпалы аурулардың саны аймақта үш есе өскенін, «жұқпалы аурулардың тез таралуына жезөкшелер кінәлі» екенін айтады.

- Егер жезөкшелікті заңдастырсақ, мұндай орындарды дәрігерлік қадағалауға
Тері-венерологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Жайықбек Толқынбеков. Талдықорған, 5 қараша 2012 жыл.
Тері-венерологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Жайықбек Толқынбеков. Талдықорған, 5 қараша 2012 жыл.
алып, жыныстық жолмен тарайтын ауруларды шектер едік. Ауру жұқтырған жезөкшелерді бірден оқшаулап, емдер едік. Мысалы, ауру жезөкше күніне үш-төрт не одан да көп клиентке қызмет көрсетсе, қанша адамның ауру жұқтыратынын білесіз бе? – дейді тері-венерологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Жайықбек Толқынбеков.

«Талдықорған ақшамы» облыстық газеті өз оқырмандарының арасында сауалнама жүргізгенде респонденттердің басым бөлігі жезөкшелікті заңдастыруды қолдағанын айтады.

Талдықорғандық педагог Алтын Сыдырбаева жезөкшелікті заңдастыруға түбегейлі қарсы. Оның айтуынша, "бала-шағасының қамын ойлағысы келмейтін кейбір еркектер ғана сауна жағалап, жезөкшелерден ермек іздейді".

- Жезөкшелікті заңдастырсақ, отбасы институты күйрейді. Бұдан соң есірткі, гомосексуализм сияқты тыйым салынған басқа дүниелерді де заңдастырайық деп шығады, - дейді Алтын Сыдырбаева.

«ЕЛІМІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫ ОНСЫЗ ДА ЖЕТЕДІ»

Талдықорғандықтардың жезөкшелікті заңдастыру туралы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында көтерген бастамасы жөнінде Қазақстан парламентінің депутаттары да пікір білдірді.

- Бақылау-қадағалауды күшейту үшін нені болсын алдымен заңдастырып алған жөн. Дамыған елдер мен Батыста бұл кәсіптің баяғыда заңдастырылғанын білемін.
Жезөкшелерді ұстау шарасында жүрген милиционер. Ресей. (Көрнекі сурет)
Жезөкшелерді ұстау шарасында жүрген милиционер. Ресей. (Көрнекі сурет)
Бірақ бұл тәжірибенің біздің Қазақстанға келгенін қаламас едім, - деді парламент депутаты Светлана Романовская.

Парламенттің енді бір депутаты Камал Бұрханов "жезөкшелікті заңдастырса, ел қазынасына қомақты ақша құйылады" деген пікірге күмәнданады.

- Еліміздің байлығы онсыз да жетеді. Әлдебір проблемаларымызға қарамастан аяғымыздан нық тұрып, өркендеп келе жатқан мемлекетпіз. Жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда Польшаны басып оздық. Қазір кіріс деңгейі жоғары елдердің деңгейіне жақындап келеміз, - деді Камал Бұрханов.

Парламент мәжілісінің депутаты Гүлмира Есімбаеваның ойынша, "жезөкшелікті заңдастырудан артық-кем тұстарын анықтап, ұтарымыз бен жоғалтарымызды салмақтап алу қажет".

- Ең бастысы, заңдастырудың халыққа, оның ішінде жас ұрпаққа зияны болмауы тиіс, - деді депутат.
XS
SM
MD
LG