Accessibility links

Жасөспірімдердің өзін-өзі өлтіру себептері толық тергелмейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысында жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтірушілер көбейіп барады. Мамандар мен қоғамдық белсенділердің ойынша, бұның бірнеше себебі бар. Ал прокуратура ондай қазаның егжей-тегжейлі тергеп-тексерілмейтінін айтады.


35 жастағы Инна Хилькевич (аты-жөні өз өтініші бойынша өзгертілді) 15 жасындағы махаббатта жолым болмады деп, у ішіп өлмек болғанын айтады. Бірақ дәрігерлер құтқарып қалыпты. Кейін тұрмыс құрып, бала сүйген. Қазір қызы он екіге келді.

Инна қазір өзін-өзі өлтіруге дәті бармасын айтады, өйткені қызын қатарға қосуы керек. Бірақ ол өз еркімен өмірден кететін адамдардың жайын түсінеді.

– Бұл өмірде оларды күтіп тұрған не бар? Болашағы бұлыңғыр бейшара тірлік қой. Сапасыз білім алады, пара беріп жұмысқа тұрады, астамсынған қожайынның алдында құрша жорғалайды. Біздегі еңбек заңы ешкімге ешқандай кепілдік бермейді. Бастыққа жақпай қалсаң, шығарып жібереді, – деді Инна Хилькевич Азаттық радиосы тілшісіне.

«КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫ – ДЕРЕК ЖИНАУ ҒАНА БОЛҒАН»

Ресми есеп бойынша, Алматы облысында жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіретіндер көбейіп барады. «2009 жылы ондай 27 оқиға болса, 2010 жылдың он айында ғана 28 оқиға тіркелген» дейді облыстық ішкі істер
...журналистердің бұл деректерді теріс әрі кәсіби тұрғыда сауатсыз жеткізгендігінің кесірінен өзін-өзі өлтірушілер тіпті көбейеді
департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермұрат Шәтенов.

Оның ойынша, журналистердің бұл деректерді теріс әрі кәсіби тұрғыда сауатсыз жеткізгендігінің кесірінен өзін-өзі өлтірушілер тіпті көбейеді.

Өткен жылы қазанда Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылындағы № 31 мектептің екі оқушысының бір мезетте өз-өздерін өлтіруі жұртшылыққа қатты әсер етті. Ақпарат құралдары ол оқиғаның әртүрлі себептерін айтады. Ол болжамның бірі бойынша, қылмыстық топтар мен жоғарғы сынып оқушылары ақша бопсалаған.

Сол кезде Астанадан ішкі істер вице-министрі Александр Кулинич келіп, тексеру шарасына қатысқан. Алматы прокуратурасында арнайы комиссия құрылған еді, оның қорытынды есебі көңілге үміт ұялатпады.

«Талғар ауданында кәмелетке толмағандар бойынша жұмыс істейтін комиссия болмаған. № 31 мектептің инспекторы бұған дейін ондай жұмыс атқармаған. Оған қоса өзі Алматыда тұрған, жұмыс орнына сирек келген. Ауданның басқа мектептеріндегі мектеп инспекторлары да жұмыстарына салғырт қараған. Тек тізім ғана жасаған, анық мәліметті білмеген. Оқушылар арасында сауалнама жүргізгенде ең зор қауіп расталды. Оқушыларға бопсалаушылар үнемі қысым жасайтын болып шықты» дейді комиссияның қорытындысы.

Алматы облысы прокуратурасы кәмелетке толмағандарға жауапты комиссияның бәрін тексеріп, соңғы үш жылдағы өзін-өзі өлтіру оқиғаларын түгел зерттеп шықты. Жасөспірімдер қазасының аз тексерілетіні, тергеу шараларының жүргізілмейтіні анықталды.

– Ата-аналар балаларынан айрылған соң ажалына не себеп болғанын білгісі келмейді. Арыздардың бәрінде олардың ешкімді айыптамайтыны, ешкімге
Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Нұркен Қаспаев. Талдықорған, 20 қараша 2010 жыл.
наразы еместігі, соттық-дәрігерлік сараптамадан бас тартатыны жазылған. Соған байланысты материалдарды тексеру барысында ажалдың анық себебін, оған не түрткі болғанын анықтау еш мүмкін емес, – деді Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Нұркен Қаспаев Азаттық радиосына хабарласқанда.

Облыс прокуратурасы: «Облыстағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның жұмысы ұйымдастырылмаған. Жиналыс анда-санда өтеді. Басқа өкілетті орындармен үйлесімді әрекет етпейді. Комиссияның жұмысы негізінен әлдебір іске байланысты жазбаша дерек жинау ғана болған» деп мәлімдеді.

ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРУ ЖӘНЕ «ҚОҒАМНЫҢ АЗҒЫНДАУЫ»

Талдықорғандағы психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері Бейсен Құрмашевтің айтуынша, өзін-өзі өлтірудің себебі – тұлғаның дағдарысқа душар болуы, басқа адамдармен тіл табыса алмауы, жеке адам ретінде даму мүмкіндігі болмауы.

– Ең бастысы, отбасында түсіністік болуы керек. Ата-ана, бала мен ұстаз арасында емен-жарқын қатым-қатынас болуы қажет. Бала толық сенуі керек. Ата-ана, мектеп пен өкілетті орындар бірі-бірімен араласуы керек, – дейді
Талдықорғандағы психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері Бейсен Құрмашев. Талдықорған, 2 қараша 2010 жыл.
Бейсен Құрмашев.

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының жергілікті белсенділері Талдықорған тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтірудің көбейіп кеткенін зерттемек болыпты.

– Зерттеу нәтижесін жарияладық. Біздің ойымызша, өзін-өзі өлтірудің себебі – қоғамның моральдық тұрғыда азғындауы. Жерден бастап ар-ұятқа дейін бәрі сатылады, бәрін сатып алады. Халық болашақ жарқын болады деген ақырғы үміттерінен де айрылып жатыр, – дейді партия белсендісі Галина Долгова Азаттық радиосына.

Партия белсенділерінің бірі Әсем Смағұлованың ойынша, өзін-өзі өлтірушілердің көбеюі – қоғамдық процестердің тоқырауға ұшырауынан. «Жаңа саяси өзгерістер керек, жаңа қазақстандық құндылықтар тууы керек» дейді ол.

«Халықтың ауыр әлеуметтік жағдайын, жұмыссыздықты, болашақтан үміт жоқтығын, дарынды кәсіби мамандар емес, коррупциялық амалды меңгерген адамдардың өскенін көрген балалар мұндай қоғамда өмір сүргілері келмей, өздерін өздері өлтіреді» делінген «Азат» ЖСДП белсенділері мәлімдемесінде.
XS
SM
MD
LG