Accessibility links

Еріктілер мұқтаждарға арналған жәрмеңке өткізді


Жағдайы нашар жүздеген жан Теміртауда өткен жәрмеңкеге келіп, киім-кешек, кітаптар мен тұрмысқа қажет бұйымдарды тегін алды. Мұндай қайырымдылық акциясы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңкенің ұйымдастырушысы – «Теміртау жастар клубы» қоғамдық ұйымы. Волонтерлер қаланың мұқтаж жандарына тарату үшін түрлі заттарды жарты жыл бойы жинапты. Ресми дерекке сәйкес, Теміртауда бір жарым мыңнан аса адам тұрмысы төмен отбасы ретінде тіркелген.

Волонтерлердің бастамасын қолдаған ондаған адам бұрын киілген киімдері мен ұсталған заттарымен бөлісті. Мамырдың 29-ы күні өткен жәрмеңкеге жүздеген тұрғын келді. Азаттық тілшісі жәрмеңкеде тұрмысы тәуір адамдардың жүргенін де байқады.

– Жиналған заттардың арасынан тұрмысы нашар жандар ғана емес, кез келген адам өзіне бірдеңе қарауына болады. Киімдердің көбі әлі киіс береді, жап-жаңа, – дейді Теміртау тұрғыны Татьяна Корнева.

«ҚОҚЫС АҚТАРҒАННАН ЖАҚСЫ»

Жәрмеңкеге келген Надежда Бакова бірнеше затты ұнатып, туфли мен кофта таңдап алды.

– Мұндай жәрмеңкелер керек. Біз сияқты жарлы-жақыбайларға «Назарбаев Жәрмеңкеге келген әйел. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл.

Жәрмеңкеге келген әйел. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл.

дүкені» деп атайтын қоқыс жәшіктерін ақтарғаннан гөрі осы жерде киінген жақсы ғой. Өзім де, бала-шағам да жұрт тастаған қоқысты ақтарып киінеміз, – дейді әйел.

Аяғы ауыратын бұл әйелдің құлағының мүкістігі де бар екен. Бірақ мүгедектікке әлі шықпапты, тұрмысы нашар отбасы мүшесі ретінде де тіркелмеген. «Ұят қой» дейді ол. Өзі жұмыс істеуге қауқарсыз, ал қарауыл болып істейтін күйеуінің айлық жалақысы – небәрі 25 мың теңге (170 долларға жуық).

Бүкіл отбасы негізінен осы ақшаға күнелтеді екен. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.

– Үшеуі де тұрақты жұмыс таба алмай жүр. Ара-тұра ғана кездесіп қалатын жұмыс істеп, жан бағады, – дейді Надежда Бакова.

«МЫҢДАҒАН МҰҚТАЖ ЖАН БАР»

Бірнеше сағатқа созылған жәрмеңкеге келген жұрт пакет-сөмкелерін затқа толтырып қайтып жатты. Шынымен де тәуір заттар көп болды. Волонтерлер оларды жәрмеңкеге шығармас бұрын жақсылап сұрыптапты. Ескі-құсқы, киюге Жәрмеңкеге келген жұрт. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл.

Жәрмеңкеге келген жұрт. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл.

жарамайтын заттар бірден қоқысқа кеткен. Жәрмеңкеге шығарылғандардың арасында тіпті бағасы жазылған қағазы алынбаған су жаңа заттар да бар. Ойыншықтар, үлкен-кішілерге арналған киім-кешек те жеткілікті.

«Теміртау жастар клубы» жанынан құрылған «Шаңырақ» волонтерлер орталығының директоры Татьяна Миронюктің айтуынша, қалада мыңдаған мұқтаж адам бар.

– Бізде мұқтаждық көріп отырған адамдар бар. Олар қайда барып, кімнен көмек сұрауды білмейді. Түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырғанымен, оларды маңына жолатпай қуады. Бұл шаруаны қолға алғанымызға қуанамыз. Мүмкін, біздің қатарымызға тағы біреулер қосылар, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

Шамамен бір айдан кейін осындай жәрмеңкені тағы өткізу жоспарланған. Одан түскен ақша әр түрлі мақсатқа жұмсалмақ. Бір бөлігі көмекке зәру кедей отбасыларға, өзін өзі қамтамасыз етіп отырған қорғансыздарды паналату орындарына беріледі. Белгілі бір сома волонтерлер орталығының жобаларына жұмсалады дейді олар.
  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG