Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылар жалақысын төледі


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысшылары. (Көрнекі сурет)
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жұмысшылары. (Көрнекі сурет)

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жұмысшыларына қаңтар айының жалақысын толық көлемде төлеп берді деп хабарлады Қарағанды облыстық әкімдігіне сілтеме жасаған жергілікті баспасөз құралдары.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшылары ақпанның 17-сі күні бұған дейін компания төлемей ұстап қалған жалақыларының қалған 25 пайызын алған.

Ақпан айының басында көмір-металлургиялық компанияның қызметкерлері қаңтар айының жалақысының тек 75 пайызын ғана алған. Компания басшылығы ол кезде дағдарыстан компания қаржылық қиындық көріп жатқанын айтып, жалақының қалған бөлігін кейін төлеуге уәде еткен. "АрселорМиттал Теміртау" жалақыны кешіктіруге "күрделі геосаяси жағдай, тұтыну нарығындағы қолайсыз ахуал және рубльдің құнсыздануы себеп болды" деген.

Қарағанды облыстық прокуратурасы жалақыны толық төлеуді кейінге қалдыруды заңсыз деп тауып, компанияға 600 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Бірақ компания басшылығы прокуратура шешіміне шағымданатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG