Accessibility links

1 доллардың бағамы 278 теңгеге жетті


Алматыдағы теңге бағамы. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Алматыдағы теңге бағамы. 14 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы (KASE) кешкі саудада 1 АҚШ долларының бағамы 278 теңге 54 тиынға жетті. Ал ақша айырбастау пунктерінде 1 долларды 279 теңгеден алып, 281 теңгеге сатып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, 1 АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

Сарапшылар теңгенің құнсыздануына әртүрлі себеп бар екенін айтады.

Қаржыгер Марат Қайырленов:

– Теңгенің құнсыздауына, біріншіден, мұнай бағасының арзандауы, екіншіден, экономиканың дамуы бәсеңдеуі себеп. Шілде, тамыз айларының көрсеткіштерінен байқасаңыз, өндірістегі экономикалық көрсеткішіміз минуске кетіп барады. Сондай-ақ Ресей нарығындағы баға, рубльдің бағамы мен оған қатысты болжамдардың да жақсы еместігі кері әсер етіп отыр. Алыпсатарлардың пайда табуды көздеген әрекеті де отқа май құйып отыр

Экономист Ілияс Исаев:

– Біздегі 60-70 пайыз ақшаны доллармен ұстап, долларизация болды. Жұрттың теңгеге деген сенімі жоғалды. Бірақ халық девальвацияға ерік бермесін, отандық өнімді өз бағасымен теңгеге сатып алсын, бұл бізді құтқарады.

Экономист Мағбат Спанов:

– Шағым айтып, наразы болғанымызбен пайдасы шамалы. Бізге жоғарыда отырғандар «Алаңдамаңдар!» деді – алаңдамауға тырысып отырмыз. Әрине оның соңы жақсы болмайтыны анық.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG