Accessibility links

Терроризм Қазақстанды қапы қалдырды


Боралдай кентіне жиналған арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

Боралдай кентіне жиналған арнайы жасақ сарбаздары. 4 желтоқсан 2011 жыл.

Сарапшылар террористердің Қазақстандағы алғашқы жарылыстары мінсіз болмағанын айтады. «Бірақ теракт ұйымдастырушылар қателіктерін тез жөндеп, бұл іске тез бейімделеді» дейді олар.


2011 жыл – Қазақстан үшін терактілер басталып, елдің орталық аймағы мен жеті ірі қаласын дүрліктірген жыл. Қазақстандағы жарылыстардың негізгі себебі ретінде елдегі экономикалық және саяси ахуал айтылады.

АРНАЙЫ ШАРА, ТЕРАКТ, ТҰТҚЫНДАУ

Америкалық «Стратфор» зерттеу ұйымы Қазақстандағы теракт 24 ақпан күні, Ақтөбе қаласындағы түрмелердің біріндегі тексеру-бақылау Жалпы режимдегі УКА 168/2 түзеу колониясының тексеру-бақылау пункті. Ақтөбе, 19 сәуір 2010 ж.

Жалпы режимдегі УКА 168/2 түзеу колониясының тексеру-бақылау пункті. Ақтөбе, 19 сәуір 2010 ж.

пунктіне жақын жерде болған жарылыстан басталды деп есептейді. Жарылыс кезінде қаза тапқан ешкім жоқ, бұл туралы ресми мәлімдеме де болмады.

Жарылыс болған түрмеде әрқилы адамдар, оның ішінде терроризм үшін айыпталып, сотталғандар да отырғанын Азаттық радиосы жазған еді.

Жыл аяғына қарай Қазақстанның бірнеше қаласында жарылыс болды. Бұған дейін беймәлім болған терроризм елдің батысынан оңтүстігіне қарай жылжып, бизнес-астана Алматыға таяп қалды. Өткен аптаның демалыс күндері Боралдай кентінде атыс болып, «террорист» деп аталған бес адам мен «Арыстан» арнайы жасағының екі сарбазы қайтыс болды.

Қазақстан халқы бұрын қара маска киген содырларды шетел жаңалықтарынан ғана білсе, биыл күзде террористердің орысша сөйлегенін де көрді. «Халифат сарбаздары» деген топ пайда болып, YouTube арқылы Қазақстан билігіне доқ көрсетті. «Олар Қазақстанның қазіргі немесе бұрынғы азаматтары болуы мүмкін» деген күдік сол кезде туды. Көп кешікпей билік олардың кейбірінің аты-жөндерін де жариялады.

9 қарашада Атырау қаласының прокуроры қаладағы жарылыстарды Таразда шабуыл болған жерде полиция тексеріп жатқан автокөліктің ішіндегі қару. 12 қараша 2011 ж.

Таразда шабуыл болған жерде полиция тексеріп жатқан автокөліктің ішіндегі қару. 12 қараша 2011 ж.

Қазақстанға жиһад жариялауды мақсат еткен «Джунд аль-Халифат» («Халифат сарбаздары») тобының ұйымдастырғанын» мәлім етті. Прокуратура «Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов, Дамир Зналиев бастайды» деген бұл топтың биыл жазда құрылғанын, бұл үшеуінің ауған-пәкістен шекарасында жасырынып, халықаралық террористер жағында соғысып жүргенін айтты.

Үшеудің бірі Ринат Хабидолла туралы кезінде Азаттық жазған болатын. 23 жастағы Ринат Хабидолла өзінің Мединедегі ислам университетінде оқитынын, Сауд Арабиясына баруына Қазақстан қауіпсіздік қызметі кедергі келтіріп отырғанын айтқан. Көп ұзамай анасы Ринаттың із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

ЖАРЫЛЫС

Америкалық «Стратфор» зерттеу ұйымы сарапшыларының жазуынша, Қазақстандағы терактілердің ұйымдастырылуы орашолақ, нашар болды. Жарылғыш заттар өте сауатты жасалғанымен, террористер жарылғышты дұрыс іске қоса алмаған. Сарапшылар «жарылғыш заттарды іске қосушылардың дайындығы нашар болған» деген пікір айтады. «Мұның бәрі кейін жөнделетін, уақытша қателік. Мәселен, Йемен мен Сомалидегі исламшыл топтар да алғашында осындай болған» деген қауіп айтады сарапшылар.

«Стратфор» зерттеуінің авторлары «радикалды ислам Қазақстанда көптен бері орнығып алған» деген қорытынды жасайды. Ондай топтар оңтайлы сәттің тууын ғана күткен.

Мына кесте Қазақстандағы 2011 жылғы діни-әлеуметтік ахуалды сипаттайды.

24 ақпан, Ақтөбе Қала түрмесінің жанындағы жарылыс болды.
5 сәуір, Павлодар «Хизб-ут-Тахрир» ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінген азамат 2 жылға сотталды.
28 сәуір, Теміртау Төрт адам «діни терроризмді насихаттады» деген айыппен сотталды.
17 мамыр, Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында жарылыс жасаған адам өзі өліп, үш кісіні жаралады.
24 мамыр, Астана ҰҚК абақтысы жанында көлік жарылды. Көліктен екі адамның – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының мәйіті табылды.
30 маусым,
Ақтөбе облысы
Шұбарши ауылында екі полицейді атып кетті.
2-3 шілде,
Ақтөбе облысы
Шұбарши ауылындағы атыста 2 полицей қайтыс болды, 3 полицей жараланды.
11 шілде,
Ақтөбе облысы
Кеңқияқ ауылындағы атыста 1 полицей және қарулы топтың 9 мүшесі қайтыс болды.
26 шілде, Ақтөбе Полицейлердің өліміне күдіктілерді ұстау кезінде атыс болып, 1 күдікті өлді, үшеуі ұсталды.
29 шілде,
Ақтөбе облысы
Қызылжар ауылындағы арнайы операцияда 1 полицей және қарулы топқа қатысы бар деген 2 күдікті көз жұмды.
6 қазан, Ақтөбе «Терроризм» айыбы бойынша 4 адамға үкім шықты.
19 қазан, Алматы «Сопылар ісі» бойынша 9 адам сотталды.
31 қазан, Атырау Екі рет жарылыс болып, соны жасаған адамның өзі өлді.
12 қараша, Тараз «Жиһадшы» деп аталған адам 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберді.
1 желтоқсан,
Ақтөбе облысы
«Терроризм» айыбы бойынша 8 адам сотталды.
3 желтоқсан,
Алматы облысы
Боралдай кентінде қарулы топқа қарсы арнайы операция барысында 7 адам қаза тапты. Оның екеуі – ҰҚК арнайы жасағының қызметкерлері.

Сарапшылар қазіргі кезде Қазақстанда тұрақтылықтың шайқалуына бірнеше себеп бар екенін айтады. «Елдегі жағдайдың күрделенуіне ең алдымен Қазақстан билігінің өзі кінәлі» деп есептейді олар. Қазақстанда алғаш рет жарылыс болғанда Астана оның теракт екенін жоққа шығарып, бәрін жиһадқа жауып, жаппай репрессия жасауға санкция берді.

«Биліктің бірінен соң бірі шыққан жарылыстарға қатысты қолданған әрекеттері қазан мен қарашада жарылыстардың үдеуіне душар етті» деген қорытынды жасайды аталмыш ұйым. «Стратфор» зерттеу ұйымы елдегі діни төзімділікке нұқсан келгенін де айтады. «Шыдамдылық діни сенімді шектеуге бастайтын, мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға тыйым салған дін туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін шегіне жетті» дейді ұйым.

Оппозиция, анығы, БТА банктің Ұлыбританиядан саяси баспана алған бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов «терактіге Қазақстанның арнайы қызметі айыпты» деп, бірнеше адамның аты-жөнін айтты – бірақ ешқандай жазбаша дәлел көрсеткен жоқ. Ал Қазақстандағы оппозициялық топтар оның пікірін қолдай қоймады.

Қарашаның 21-і күні Оралда Батыс Қазақстан облысы сот сараптамасы қызметінің мамандары «қару мен жарылғыш заттарды заңсыз дайындады және сатты» деген айыппен сотталды. Сотталған азаматтар сот кезінде айыптары жоқ екенін айтып, бомбаны ҰҚК қызметкерлері «вахаббистерге айғақ ретінде керек» деп жасатқандарын айтты. Ақпарат құралдарының Ақтөбенің шетіндегі саяжайлар орналасқан Қызылжар елдімекенінде жарылыстан қираған үй. 30 шілде 2011 ж.

Ақтөбенің шетіндегі саяжайлар орналасқан Қызылжар елдімекенінде жарылыстан қираған үй. 30 шілде 2011 ж.

жазуынша, ҰҚК қызметкерлері «қару-жарақ сатқан сарапшылардың қылмысын ашу үшін солай дегендерін» растаған.

Сотталған мамандар жарылғыш құралдарға техникалық, фоноскопиялық, өрт сараптамасын жасаумен айналысқан. Олардың бірі – Нұрлан Білекешов Ақтөбедегі жарылысты тексеруге барғанын айтады.

Оппозициялық «Республика» газетінде бұл материал арнайы қызмет өкілдерінің сарапшылармен есеп айырысуы ретінде сипатталған. Нұрлан Білекешовтің жақтастары «ол арнайы қызметтің терроризмге байланысты айғақтарды бұрмалауына көнбеді» деседі.

Билік жарылыстардың бәрін қылмыстық топтардан көріп отыр. Желтоқсанның 1-і күні Алматыда ғалымдар форумында сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Жуықта Таразда болған оқиғаны тексере келгенде ешқандай діни астары жоқтығы анықталды. Бұған дейін атысып жүрген бұзақылардың ісі екен» деп мәлімдеді.

ҚАУІП-ҚАТЕРДІҢ ҰЛҒАЮЫ

«Қазақстан үкіметі жарылыстарды елдегі исламдық экстремизммен байланыстырғысы келеді, бірақ мұндай жағдайға басқа да себептер бар. Олардың қатарына елдегі саяси және экономикалық жағдайды қосуға болады. Қазір Қазақстанның шексіз байлығының игілігін халықтың басым көпшілігі көре алмай отыр» деп жазады «Стратфор».

Мұнан кейінгі басты себептер ретінде 2008 жылы елде болған экономикалық дағдарыс пен теңгенің девальвацияға ұшырауын, Қазақстанның Ресей және Беларусьпен бірге кеден одағына кіруін, осыған қатысты азық-түлік, өзге де тауарлар бағалардың өсуін айтады. Ел байлығының халыққа жетпей отырғандығының анық бір көрінісі ретінде Атырау мен Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың ереуілін мысалға келтіреді.

«Қазақстанда саяси тұрақсыздыққа жергілікті кландардың, ру-рудың арасындағы билік үшін топтасуы, Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткенде оның орнына кім болатыны әлі күнге дейін анықталмағаны себеп болуы мүмкін» дейді сарапшылар.

«Қазақстанда саясатта жүргендер әдетте қарсыластарын ақыры не Оқиға куәгерлері жарылыстан соң осы жерде адам сүйегі жатқанын айтады. Астана, 24 мамыр 2011 ж.

Оқиға куәгерлері жарылыстан соң осы жерде адам сүйегі жатқанын айтады. Астана, 24 мамыр 2011 ж.

боларын ойлап жатпастан жолынан ысырып тастайды» деп жазады «Стратфор». Бұл ұйымның болжамынша, Астанадағы қауіпсіздік комитеті тергеу абақтысының жанындағы жарылыс – ішкі саяси есеп айырысу болуы да мүмкін.

«2012 жылдың 15 қаңтарында парламенттің кезектен тыс сайлауын өткізгелі отырған елде, Назарбаевтың қашан тақтан кететіні және оның орнына кім болатыны әлі күнге дейін белгісіз елде саяси билік мәселесі күн сайын қауіпті болып барады» деген қорытынды жасайды аталмыш ұйым.

Зерттеу ұйымы мұнан әрі Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасындағы тұрақсыздықты, Тәжікстандағы қысымды да айтады. Мәселен, Өзбекстанның қауіпсіздік қызметі «Өзбекстан исламдық қозғалысы» немесе «Исламдық жиһад» деп аталатын қарулы топтардың ықпалы Қазақстанда артып отырғанын бірнеше рет мәлімдеген болатын» деп жазады «Стратфор».

Америкалық зерттеу ұйымы Қазақстандағы экстремистік идеялар ұрпақтар алмасуымен дөп келгенін айтады. Олардың пікірінше, экстремизм идеясы Әлеуметтік жарнама жазылған билборд. Шымкент, 3 маусым 2011 ж.

Әлеуметтік жарнама жазылған билборд. Шымкент, 3 маусым 2011 ж.

қазақ жастары арасында романтикалық сипатқа ие болып барады. Оның үстіне интернет те мұны радикалдандыруға ықпал етуі мүмкін.

Қазақстан мұндай жағдайға да дайын екенін көрсеткісі келеді. Соңғы екі жылда ғана ел үкіметі «экстремистік мазмұны бар» деген себеппен 100-ге жуық интернет-сайтты жауып тастады. Тамыз айында ұсталған азаматтар туралы: «Олар Пәкістан мен Ауғанстан, Кавказдағы радикалды күштермен интернет арқылы байланысып отырған» деп мәлімдеді.

Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстандағы дәл қазіргі жағдай «исламдық соғыстың» кең таралуына ықпал етуі мүмкін. Әрі бұл ахуал таяу арада өзгере қояды деуге болмайды. «Терроризммен күресудің тиімді тәжірибесі жоқ Қазақстан билігі үшін аса қатерлі жағдай қалыптасып тұр» дейді сарапшылар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG