Accessibility links

Қазақстандағы «терроризм» картасы


Белгісіз топпен атысқан полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.

Белгісіз топпен атысқан полиция жасағы. Алматы, 30 шілде 2012 жыл.

Соңғы бір жарым жыл (2011 жыл 17 мамыр - 2012 жыл 21 қыркүйек) шамасында Қазақстан аумағында болған, "терроризмге қатысы бар" деп аталған оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12-сі - полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары) қаза тапты.

2011 жыл 17 мамыр. Ақтөбе ҰҚК департаменті ғимаратында жарылыс жасаған Рахымжан Мақатов өзі өліп, 3 кісіні жаралады.

2011 жыл 24 мамыр. Астана ҰҚК абақтысы жанында көлік жарылды. Көліктен 2 адамның – Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының мәйіті табылды.

2011 жыл 30 маусым. Белгісіз адамдар Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында 2 полицейді атып кетті.

2011 жыл 2 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылындағы атыста 1 арнайы жасақ сарбазы қайтыс болды, 3 полицей жараланды.

2011 жыл 11 шілде. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы атыста 1 полицей және қарулы топтың 9 мүшесі қайтыс болды.

2011 жыл 26 шілде. Ақтөбе полицейлердің өліміне күдіктілерді ұстау кезінде атыс болып, 1 күдікті өлді, 3 адам ұсталды.

2011 жыл 29 шілде. Ақтөбе қаласы маңындағы Қызылжар ауылындағы арнайы операцияда 1 полицей және қарулы топқа қатысы бар деген 2 күдікті көз жұмды.

2011 жыл 31 қазан. Атырау қаласында екі рет жарылыс болып, соны жасаған адамның өзі өлді.

2011 жыл 12 қараша. Таразда «жиһадшы» деп аталған Мақсат Қариев 5 полицейді, 2 бейбіт тұрғынды өлтіріп, өзін-өзі жарып жіберді.

2011 жыл 3 желтоқсан. Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде қарулы топқа қарсы арнайы операция барысында 7 адам (екеуі – ҰҚК арнайы жасағының қызметкерлері) қаза тапты.

2012 жыл 11 шілде. Алматы облысы Қарасай ауданы Таусамал ауылында «террористік әрекетке дайындалғандардың» (ресми анықтама) үйі өртеніп 9 адам қаза тапты.

2012 жыл 30 шілде. Алматы қаласындағы «Ақкент» шағын ауданында «қылмыстық топты ұстау кезiнде» 6 адам мерт болды.

2012 жыл 16 тамыз. Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабындағы арнайы операция кезінде үй өртеніп, оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды.

2012 жыл 5 қыркүйек. Атырау қаласындағы жарылыстан 1 адам (сол іске күдікті Нұрлыбек Сақауов) қаза болды.

2012 жыл 12 қыркүйек. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында полициямен атысқан 5 адам мерт болды.

2012 жыл 21 қыркүйек. Атырау қаласы маңындағы «Көктем» саяжай алабындағы үйлердің біріндегі атыста «полицейлерге шабуыл жасады» деген күдікке ілінген 4 адам қаза тапты.

Қазақстандағы «терроризм» картасы
(Ескерту: Әрбір оқиғаға байланысты қосымша мәлімет оқығыңыз келсе, әр видеоның төменгі жағындағы SEE MORE деген сары түймені басыңыз).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG