Accessibility links

«Өнер адамы «жас» я «кәрі» бола алмайды»


Айнұр Исмаилованың «Көке» атты қысқа метражды киносының постері.

Айнұр Исмаилованың «Көке» атты қысқа метражды киносының постері.

Биыл қыркүйекте Қазанда өткен халықаралық мұсылман фильмдері фестивалінде қазақстандық жас режиссер Айнұр Исмайлованың «Көке» фильмі «Ең үздік қысқа метражды фильм» жүлдесін алды.

Тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған Қазан (Татарстан астанасы - ред.) халықаралық мұсылман киносының фестивалінде барлығы 50 фильм жүлдеге таласқан. Олардың ішінде 20-сы – көркем (10 толық метражды, 10 қысқа метражды), 20-сы – деректі, 10-ы – анимациялық туындылар.

Қазақстан атынан қатысқан Айнұр Исмайлованың «Көке» туындысы «Ең үздік қысқа метражды фильм» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Айнұр Исмайлова келешекте «Қазақфильмде» толық метражды кино түсіруді жоспарлап отыр.

Азаттық жас кинорежиссерді жетістігімен құттықтап, шағын сұхбат алды.

Азаттық: – Фильмнің сюжеттік желісі шынайы оқиғаға негізделген бе?

Айнұр Исмайлова: – Сценарий жазу барысында ел ауызынан естіген, көрген, сезінген шынайы оқиғаларды мысал ретінде алдым. Әйтпесе өз басымнан өткен оқиға емес.

Фильмге сюжет энергия беріп тұр. Өлім тақырыбы – терең тақырып, Режиссер Айнұр Исмайлова (сол жақта). (Сурет оның Facebook парақшасынан алынды).

Режиссер Айнұр Исмайлова (сол жақта). (Сурет оның Facebook парақшасынан алынды).

айналып өту мүмкін емес. Өмірге келген адамның ақыры өлетіндігі – ақиқат.

Басты рөлдегі баланың көкесі қайтыс болған соң, марқұмды ақтық сапарға шығарып салғандағы туыстарының ішкі сезімдері мені толғандырды. Фильм сюжеті бойынша негізгі рөлдегі бала алғаш рет қайғымен бетпе-бет келіп, тағдыр ісіне мойынсұнғысы келмей, Құдайдан әкесінің қайда екенін сұрайды. Бұл – баланың қалыптасу кезеңіндегі өте маңызды кезеңдердің бірі. Оның жүрегі дүниені тануға ұмтылады, бірақ бұл ұмтылыс оған қайғы шектіреді.

Біз барлығымыз да ажалмен бетпе-бет келгенде фильмдегі жас бала тәрізді қалыптасу кезеңінен өтеміз. Сондықтан небәрі жиырма минут аясында қай қайсымызды болмасын толғандыратын осы тақырыпты барынша ашуға тырыстық. Сол себепті фильм тәмсіл формасында түсірілді.

Азаттық: – Басты рөлді сомдаған актерлерді қалай таңдадыңыз?

Айнұр Исмайлова: – Басты рөлдегі 8-9 жасар баланы іздеп, көптеген жас Айнұр Исмаилованың «Көке» атты қысқа метражды фильмінен скриншот.

Айнұр Исмаилованың «Көке» атты қысқа метражды фильмінен скриншот.

актерлерді таңдау қиынға түсті. Солай болса да, ішкі түйсікпен басты рөлде Нұрахан Оралбай болу керек екендігін бірден шамаладым. Ал баланың әпкесі болып ойнаған актриса Гүлім Ибатбекова – жас болса да, өте талантты.

Азаттық: – Фильм операторларының жұмысын қалай бағалар едіңіз?

Айнұр Исмайлова: – Бас оператор Жанарбек Елеубектiң жұмысына жоғары баға беремін. Оператор және суретшілермен ауызбіршілікте жұмыс істеу – басты міндетім, сондықтан да бәрінен бұрын мені алаңдатқан да, толқытқан да осы болды. Біз әуел бастан-ақ тәмсіл-фильм түсірмек болғанбыз. Ол барлық тапсырмаларды орындауда өз үдесінен шыға білді, болашағы зор деп ойлаймын. Түсіру тобы бір ай шамасында дайындалып, «Көке» кинокартинасын Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында 2012 жылдың мамыр айында түсірдік.

Азаттық: – Қазанда өткен фестивальден қандай да бір жаңа идеялар байқадыңыз ба?

Айнұр Исмайлова: – Мен Қазан мұсылман фильмдері фестиваліне бармадым. Себебі ұйымдастырушылардың жаңсақтығынан маған билет жібере алмады. Айнұр Исмаилованың «Көке» қысқа метражды фильмінің постерінен көрініс.

Айнұр Исмаилованың «Көке» қысқа метражды фильмінің постерінен көрініс.

Кейін кешірім сұрады. Бірақ Карен Шахназаров секілді кинорежиссердің және басқа мамандардың таңдаулары – мен үшін аса қуанышты жағдай. Сондықтан пәлендей ештеңе айта алмаймын.

«Қазақфильм» компаниясының тапсырысымен түсірген «Көке» 2012 жылы «Бастау» студенттік кинофестивалінен бас жүлде алды, «Шәкен жұлдыздары – 2013» кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Нью-Йорк Еуразиялық кинофестивалінде «Үздік қысқа метражды фильм» номинациясын жеңіп алдық.

Азаттық: – Жас кинорежиссерлер жиі кездесетін қиыншылықтар қандай?

Айнұр Исмайлова: – Адамдар жас айырмашылығымен ғана ерекшеленбейді ғой. Әңгіме кино өнері туралы өрбіп жатқанда бір ескеретін жайт – кино түсірумен айналысатын адамның дүниетанымы өзгелерден дара, яғни сезімдері арқылы қалыптасады.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.

«Көке» фильмінің үзіндісін мына жерден көре аласыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG