Accessibility links

838 метрлік Sky City кешенін салуға 220 мың тонна болат жұмсалады. Құрылысшылар күн сайын бес қабат салып отырмақ.

Бірақ ғимаратты салу жылдамдығы одан да таң қаларлық – инженерлер Қытайдың Хунань провинциясының орталығы Чаншада бой көтеретін 220 қабаттық ғимаратты 90 күннің ішінде бітіреміз дейді.

Осылайша қытайлықтар ғимарат биіктігі мен оны салу жылдамдығы жағынан екі рекорд жасайын деп отыр.

Қазір Дубайдағы 830 метрлік Бурдж-Халифа - әлемдегі ең биік ғимарат болып саналады. Айтпақшы, көкке шаншылған бұл ғимараттың сәулетшілері мен инженерлері қытайлық Sky Сity жобасымен де айналысқан.

Жоба құрылысы Қытай билігінің нұсқау берісімен қараша айының аяғында басталады.

Ғимаратты салатын BROAD Sustainable Building (әрі қарай BSB) компаниясының дерегінше, модульдік технологияны пайдалана отырып, ғимаратты күніне 5 қабат биіктікке өсірмекші.

Бұл әдіс тиімділігі жағынан бұған дейін тәжірибе жүзінде сынақтан өткен екен.

Осы технологияның арқасында қытайлықтар 2011 жылы желтоқсан айында Хунань провинциясындағы 30 қабаттық қонақ үйді 15 күннің ішінде бітіріп, қолдануға берген.
Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдың "Бурджі"

Әлемдегі ең биік ғимарат - Дубайдың "Бурджі"


Компанияның айтуынша, жобаның мақсаты «жанданған қалалық дизайнын көрсету арқылы өмірдің сапасын арттыруға үлес қосу».

Ғимаратта 31 400 адамға арналған бөлмелер салынбақ.

Көп қабатты үйдің басым бөлігі - пәтерлер. Онда сонымен бірге кеңсе, мектеп, аурухана, дүкен, мейрамханалар да ашылады. Мыңдаған адамды ары-бері 104 жылдам лифт тасиды.

Компанияның мәлімдеуінше, ғимарат құрылысы үшін 220 мың тонна болат қолданылады. «Қатқыл пирамида пішінді трапециялық құрылымның» арқасында 9 балдық жер сілкінісіне төзеді. Ал болаттың беріктігі сондай, өрт кезінде үш сағатқа шыдап тұра алады.

Осындай сипаттарына қарамастан компания ғимарат бағасының аса қымбат болмайтынын айтады.

Энергияны үнемдеу технологиясының арқасында ол қарапайым ғимараттарға қажет қуаттың алтыдан бір бөлігін ғана жұмсайды. Энергия үнемдеу көрсеткіші бес есеге артық..

Құрылыс жоспарына сәйкес ғимарат ішіндегі ауа сырттағы ауадан 20 есе тазарақ болмақшы.
Бейжің маңындағы құрылыс көрінісі. 13 сәуір 2012 жыл

Бейжің маңындағы құрылыс көрінісі. 13 сәуір 2012 жыл


Оңай құрастыру технологиясы арқылы салынатын ғимараттың дизайнымен әлемдегі белгілі компаниялардың бірі Gizmodo айналысады.

BSB ғимараттың бір шаршы метрінің құны 1,500 доллар болатынын айтады. Салыстыратын болсақ, Бурдждың бір шаршы метрінің құны 15 мың доллар.

Осыншама көрсеткіштерге қарамастан қоғамда жобаға скептицизммен қараушылар да табылады.

Arabianbusiness.com сайтына Таяу Шығыстағы WSP инженерлік фирмасы директорының орынбасары Барта Леклерктің тамыз айында айтқан мынадай пікірі жарияланыпты:

«Егер сіз оны жарты бағаға салсаңыз, оған керек материалдың жартысын ғана қолданасыз деп болжауға болады. Сәйкесінше беріктік пен мықтылығын да жартылай бағалауға болады. Менің ойымша, бұл тез сатыла қоймайды».
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG