Accessibility links

Гагаринге келгенде оқулықтың өзі шатасты


5-ші сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығының мұқабасы. Алматы, 15 қазан 2012 жыл.
5-ші сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығының мұқабасы. Алматы, 15 қазан 2012 жыл.
Алматы мектептерінің кейбір директорлары оқулықтардың сапасы нашар десе, баспалар «оқулықтағы қате сараптама кезінде, кітап басылмай тұрып табылуы тиіс» дейді.

Алматыдағы №48 мектеп-гимназияның директоры Ирина Смирнова кейбір оқулықтарда мұғалімдердің өздері шеше алмай қиналатын есептер кездесетінін айтты.

- Кейде мазмұны ерсі оқулықтар кездесіп қалады. Оқулықтардың бірінде «Юрий Гагариннің ұлты кім?» деген сұрақ жүр. Бір қызығы, онда берілген жауап нұсқаларында оның ұлты орыс екені жазылмаған, - деді Ирина Смирнова Азаттық тілшісіне.

«АҒЫЛШЫН, АМЕРИКАН НЕМЕСЕ ИСПАН»

«Юрий Гагариннің ұлты кім?» деген сұрақ бесінші сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығындағы тест-тапсырмада жүр. Жауап ретінде «Ұлты - ағылшын, американ
Оқулықтағы Гагариннің ұлты туралы қате нұсқаның көшірмесі. Қазан 2012 жыл..
Оқулықтағы Гагариннің ұлты туралы қате нұсқаның көшірмесі. Қазан 2012 жыл..
немесе испан» деген үш түрлі нұсқа берілген. Ал оның ұлты орыс екенін бүкіл әлем біледі.

Оқулықты «Атамұра» баспасы 2010 жылы шығарыпты. Авторлары «Т.Аяпова, Д. Укбаев» деп көрсетілген.

«Атамұра» баспасының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммед ағылшын тілі оқулығының 114-ші бетіндегі сұрақта Гагариннің ұлты дұрыс көрсетілмегенін мойындады.

- Бірақ бұл қате оқулықтың алғашқы партиясында ғана бар. Қазір бұл қате жоқ, түзетілген. Енді мұндай жағдай қайталанбайды деп
Оқулықтағы Гагариннің ұлты туралы түзетілген нұсқаның көшірмесі. Қазан 2012 жыл.
Оқулықтағы Гагариннің ұлты туралы түзетілген нұсқаның көшірмесі. Қазан 2012 жыл.
үміттенемін, - деді ол.

«Атамұра» корпорациясының вице-президенті Гүлбаршын Жарылқасымова:

- Бұл қате баспаның кінәсі емес. Мұны басшылықтан емес, оқулық авторынан сұрау керек. Олар бұл қатені Юрий Гагариннің ұлтының кім екенін білмегендіктен жіберген деп ойламаймын. Егер ол жерде әріп түсіп қалса, техникалық қателік кеткен деуге болар еді. Бұл - редактордың немесе корректордың кінәсі, - деді.

Мектеп оқулықтарының «Оқулық» орталығында сараптамадан өтетінін айтқан «Алматыкітап» баспасының бас редакторы Альмира Сужикова:

- Сараптамадан өткен оқулық білім министрлігі ұсынған оқулықтар тізіміне енеді. Сосын жергілікті білім департаменті осы оқулықтарды сатып алу туралы бұйрық шығарады, - деді.

ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН СҰРАҚТАР

Баспа өкілдері «Оқулықтағы қате түзетілді» дегенімен, бұл мәселенің анық-қанығын айтпады. Азаттықтың «Қате қай жылы түзетілді, түзетілген басылымның тиражы қандай?» деген сауалдарына «Атамұра» жауап бермеді.

«Қателік табылған ағылшын тілі оқулығы мектептерден алынды ма?» деген сұрақты да «Атамұра» басшылығы жауапсыз қалдырды. Алматы қаласындағы №48 мектеп-гимназияның кейбір оқушылары осы оқулықпен оқып жатқандарын айтты.

«Атамұра» баспасының деректері бойынша, бесінші сыныпқа арналған ағылшын тілі оқулығы 2010 жылы 43 мың данамен қайта басылып шыққан. Ережеге сәйкес, оқулықтар төрт жылда бір рет қайта басылады.

БІР МЕКТЕПТЕ - ӘРТҮРЛІ ОҚУЛЫҚ

Оқушылардың әртүрлі оқулықтармен оқитынын айтқан №48 мектеп-гимназия директоры Ирина Смирнова:
№48 мектеп-гимназия директоры Ирина Смирнова. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.
№48 мектеп-гимназия директоры Ирина Смирнова. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.

- Бұл шешімді білім министрлігі қабылдады. Олар ұсынған оқулықтан басқа, қосымша оқулықтар да бар. Қандай оқулықпен оқытуды директорлар шешпейді. Бұл - мұғалімнің құзырындағы мәселе, - дейді.

Ирина Смирнова өзі басқаратын мектептің 1 «а» сыныбы - «Алматыкітап» баспасы, ал 1 «б» сыныбы «Атамұра» шығарған оқулықтармен оқитынын айтты.

- Бұл – өте қолайсыз. Мектепке қай баспаның оқулығы түссе, оқушылар сол баспаның оқулығымен оқиды, - деді директор Азаттық тілшісімен сұхбатында.

Алайда мектепке министрлік қай баспаның оқулығын бөлсе, мектеп мұғалімдері еріксіз сол оқулықты пайдаланатынын айтқан директор «Кейде кітаптар аз келеді, тапсырысты кітапханашылар береді» деді.

Алматы қаласы білім басқармасының маманы Саида Төкеева бұл жайында білім министрінің тиісті бұйрығы мен білім министрлігінің ұсыныстары барын айтты.

- Мектеп оқушылары сол бұйрық пен ұсыныстардағы оқулықтармен оқиды. Олар - негізінен «Алматыкітап» пен «Атамұра» баспаларының оқулықтары, - деді Саида Төкеева.

Төкееваның айтуынша, республикалық ғылыми орталықта жұмыс істейтін сарапшылар оқушылардың қандай оқулықпен оқитынын таңдайды. Балама оқулықтар 2004 жылдан бастап пайда болыпты.

Ал ресми ақпаратқа қарасақ, оқушылардың қандай оқулықпен оқитынын мұғалімдер шешеді. Қазір Алматы қаласында 181 мектеп бар.

Қазақстанда оқулықтар негізінен «Алматыкітап» пен «Атамұра» баспаларында шығады. Алматы қаласы білім басқармасының маманы Саида Төкееваның деректері бойынша, биыл тендерге 26 баспа қатыспақ.

«Алматыкітап» баспасының бас редакторы Альмира Сужикова «Біздің баспа соңғы жылдары тендерде ұтпады» дейді.

Альмира Сужикованың айтуынша, белгілі бір оқулықты сатып алуға ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ Қазақстан президентінің «Бір пәнге бес балама оқулық болуы тиіс» деген жарлығы барын айтты.

Оқулықтардың сапасы баласы немесе аға-іні, бауырлары мектепте оқитын біздің оқырмандарымызды да толғандырары анық. Қазіргі оқулықтардың сапасы жайлы сіз не ойлайсыз, құрметті оқырман?
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG