Accessibility links

Бастауыш сынып мұғалімі жазған оқулықтар


Бастауыш сыныптарға оқулықтар жазған мұғалім Күләнда Ерешева. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Бастауыш сыныптарға оқулықтар жазған мұғалім Күләнда Ерешева. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Алматының кейбір мектептерінде оқушылар сабақты қазақ тіліндегі қосымша әдебиетпен оқиды. Мұғалімдер мен ата-аналар оларды «инновациялық оқулықтар» деп атайды.

Ағзам Мыңбаев биыл Алматы қаласындағы 113-мектеп-гимназиясының бірінші сыныбына барды. «Атамұра» баспасынан шығатын міндетті оқулықтардан басқа ол «Өлке» баспасы шығарған «Сандар әлемі», «Логика», «Шешендік өнер» және «Математика» деген қосымша оқулықтармен де оқиды. Бұл төрт оқулықты алматылық мұғалім Күләнда Ерешева жазған.

АУДАРМА ОҚУЛЫҚТАРДАН БАС ТАРТУ

Алматы қаласындағы 113-мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Құрманованың айтуынша, бірінші сынып оқушылары «Атамұра» баспасынан шығатын оқулықтармен қатар, «Өлке» баспасының қосымша оқулықтарымен де оқиды. Оны мұғалімдердің өздері таңдапты.

– Өзіме Күләнда Ерешеваның балама оқулықтары ұнайды. Оның кітаптарында оқушыларға қажетті ақпарат көп. Түсінікті әрі қызықты етіп құрастырған. Тілі қарапайым, бала ұғымына жеңіл, көрнекі мысалдар берілген. Баланың психологиясы да ескерілген. Бұрын қосымша сабақта не өтуді білмей қиналушы едік. Кітап дүкендері толып тұрса да, іздеген оқулығымызды таба алмайтынбыз. Мына автордың оқулықтарының пайдасы тиді, – дейді Ақмарал Құрманова
Күләнда Ерешева жазған оқулықтар. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.

Күләнда Ерешева жазған оқулықтар. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.


Баласы мектепте оқитын Бану Тұрсынбекова бұл пікірмен келіспейді. Оның ойынша, бірінші сынып оқушысы үшін қосымша оқулық – артық салмақ.

– Менің балама министрлік ұсынған оқулықтар да жетеді. Бала алдымен соны меңгеріп алсын. Менің балам үшін бұл ауыр, – дейді Диастың анасы.

Бірінші сыныпта оқитын Ағзам Мыңбаевтың әкесі Бекболат Күләнда Ерешеваның қосымша оқулықтары ұнайтынын айтты. Бекболаттың айтуынша, «бұл оқулықтарда қазақ тілінде балаға арналған пайдалы және қажетті ақпарат көп, қазақ тілінің бай мазмұнымен тереңірек таныстырады».

ОҚУЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ?

Азаттық тілшісі «Оқулық авторларын кім және қандай өлшемдер бойынша таңдайды?» деген сауалды Алматыдағы «Өлке» баспасына қойды.

– Біздің баспа 1991 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын тек тапсырысты ғана орындайтынбыз. Кейін өзіміз де кітаптар шығаруды ұйғардық. 2002 жылы біздің баспаға автор Күләнда Ерешева өтініш жасады. Бастауыш сыныпта сабақ беретін ол уақыт талабын жақсы түсінеді. Мұғалімге не керек екенін, оқушының нені қажет ететінін білетін адам. Әдістемелік сабақтарын қарап шығып, біз оларды баспадан шығаруды ұйғардық, – деді «Өлке» баспасы директорының орынбасары Ардақ Мұқышева.
"Өлке" баспасының директор орынбасары Ардақ Мұқышева. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.

"Өлке" баспасының директор орынбасары Ардақ Мұқышева. Алматы, 27 қыркүйек 2012 жыл.


Ардақ Мұқышеваның айтуынша, бұл оқулықтарға сұраныс жоғары. Баспадан әр түрлі автордың 30-дан аса оқулығы шығыпты. Баспа мектептермен келісім-шартқа отырмайды.

– Бізге мұғалімдер, ата-аналардың өздері келеді. Жұмысты сауатты орындаймыз. Балалардың игілігі үшін еңбектеніп жатырмыз. Өзіндік құны да өте төмен. Барлық талап-тілектерді ескереміз, – дейді баспа директорының орынбасары.

«Өлке» баспасы қазақ тіліндегі кітаптарды ғана шығарады. Ардақ Мұқышеваның ойынша, орыс тіліндегі кітап онсыз да жеткілікті. Оның айтуынша, бұрын бәрі аударылып басылатын, ал Күләнда Ерешеваның кітаптары инновациялық тұрғыдан құрастырылған.

ӨЗ ӘДІСТЕМЕСІН ІЗДЕУ

Оқулықтардың авторы Күләнда Ерешева Алматы қаласындағы 176-гимназиясының бастауыш сыныбында сабақ береді.

– Бұрын оқулықтардың бәрі орыс тілінен аударылатын. Мен бұл жағдайды аздап өзгерткім келді. Бастауыш сынып оқушыларымен көп жыл жұмыс істеп келемін. Олардың психологиясын зерттей келе, өз оқулығымды жазып шығуды ұйғардым, – дейді Күләнда Ерешева.
Бұрын оқулықтардың бәрі орыс тілінен аударылатын. Мен бұл жағдайды аздап өзгерткім келді.


Күләнда Ерешеваның ұсынысын білім министрлігі де құптапты.

– Мұғалімдердің қызықты еңбектерін, Архимед Айтқалиев, Морр және басқа да айтулы мектептердің озық идеяларын жинақтап, бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтар жаздым, – дейді автор.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG