Accessibility links

Азаптау құрбандары жаңа заңнан үміт күтеді


Азаптау құрбандарына арналған стенд. Алматы, 26 маусым 2013 жыл

Азаптау құрбандарына арналған стенд. Алматы, 26 маусым 2013 жыл

26 маусым – халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. Қазақстанда өздерін «азаптау құрбандары» санайтын кейбір адамдар әлі әділдік таппағандарын айтады.

Қазақстанның қамау орындарындағы азаптау мәселесі туралы журналистермен ашылып сөйлесетін адамдар өте аз. Жақын туысы түрмедегі азаптаудан өлді деп санайтын Руслан Оздоев – сондай аз адамның біреуі. Оның бұл мәселені ашық көтеруіне және әлі күнге дейін сот орындарынан әділдік талап етіп жүруіне туысы Шамиль Ярославлевтің түрмеде өлуі себеп болған.

Азаттық 2011 жылдың қарашасында Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колонияда тұтқын Шамиль Ярославлевтің 37 жасында түсініксіз жағдайда көз жұмғаны туралы жазған еді.

Әуелі республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитеті тұтқынның өз ажалынан өлгенін айтқан. Ал біраз уақыттан кейін бас прокуратура өкілдері оны жоққа шығарып, марқұмның ауыр соққыдан көз жұмғанын мәлімдеді.

Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. (kuramshyn.org сайтынан алынған сурет). 7 қараша 2011 жыл.

Шамиль Ярославлев - Қарағанды облысы Долинка кентіндегі АК-159/7 колониясында қайтыс болған тұтқын. (kuramshyn.org сайтынан алынған сурет). 7 қараша 2011 жыл.

Сол 2011 жылы Шамиль Ярославлевтің өліміне қатысты «қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша 6 түрме қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 2013 жылдың қаңтарында Шахтинск қалалық соты оларды 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім етті.

Алайда қаза тапқан тұтқынның ағасы Руслан Оздоев түрме қызметкерлерінің тек «қызметін асыра пайдаланғаны үшін» сотталғанымен келіспейді. Ол інісін қасақана өлтірілген деп ойлайды.

- Оларды «қызметін асыра пайдаланды» деген баппен бірге «адам өлтіру» бабы бойынша да жауапқа тарту керек еді. Шамильдің 31 жерінен сүйегі сынып, ішкі органдарының барлығы езіліп қалған. Бұл қасақана өлтіру емей немене? – деді Руслан Оздоев Азаттық тілшісіне.

Шамиль Ярославлев 5 жылға сотталып, босап шығуына 3 ай қалғанда мерт болған. Оздоевтің сөзінше, інісі өзіне қысым жасалып, ескертулер түсіп жатқанын өлерінің алдында бірнеше ай бұрын айтқан.

- Ол прокурорлардың әрекетсіздігінен өлді. Шағымданғандым, алайда олар нақты шара қолданған жоқ, - дейді Руслан Оздоев.

Оның сөзінше, «түрме басшыларының мақтангершілігі, даңғойлығы мен Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Роза Ақылбекова. Алматы, 26 маусым 2013 жыл.

Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Роза Ақылбекова. Алматы, 26 маусым 2013 жыл.

жауапкершілікке тартылмауы сотталғандарға ойына келгенін жасауға себеп» болады.

«ЖАУАПҚА ТАРТУ ОҢАЙ ЕМЕС»

Маусымның 26-сы күні Қазақстандағы Азаптауға қарсы коалиция өкілдері арнайы жиын өткізіп, азаптау фактілеріне қатысты бірқатар деректерді жариялады.

- 2013 жылдың алты айының ішінде біздің коалицияға азаптау фактісіне қатысты 201 шағым түсті. Өткен 2012 жылы бұл көрсеткіш 362 болған. Азаптау оқиғаларынан ең көп шағым Қостанай облысынан түсті, - дейді Қазақстандағы адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі, әрі коалиция мүшесі Роза Ақылбекова.

​Қостанай облыстық адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Анастасия Миллер азаптау ісі бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жауапқа тарту оңай емес екенін айтады.

- Өткен жылы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы 28 қылмыстық іс қозғалған. Олардың тек төртеуі сотқа жетті. Биылғы жылдың 6 айында 19 іс қозғалып отыр. Олар сотқа жете ме, жоқ па - әлі белгісіз. Тіпті сотпен үкім Қостанай облыстық адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Анастасия Миллер. Алматы, 26 маусым 2013 жыл

Қостанай облыстық адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Анастасия Миллер. Алматы, 26 маусым 2013 жыл

шыққандардың өздері ақталып шығуы да мүмкін. Бас бостандығынан айырылған полиция қызметкері үкімі заңды күшіне еніп, шу басылғанан кейін шартты жазамен, бостандыққа шыққан оқиға да болған. Кей істер мен соттар тек көпшілікке көрсету үшін ғана қозғалып, жүргізіледі, - деді Анастасия Миллер.

Оның сөзінше, азаптау фактісіне қатысты істерді негізінен ішкі істер органдарының өз қызметкерлері тергейді, түскен арыздардың тек үштен бірі ғана тәуелсіз сарапшыларға тексертіледі.

«ЖЫЛДАН ЖЫЛҒА ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ»

Азаптау фактісі бойынша түсетін арыз-шағым саны жыл сайын азайып келеді деп санайтындар да бар. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Ришат Рахимовтың сөзінше, ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы және пенитенциарлық мекемелерде болған азаптау фактілеріне қатысты 2011 жылы - 80, 2012 жылы - 52, ал 2013 жылдың алты айында 15 арыз түскен.

- Қазір парламентте қаралып жатқан «ұлттық превентивтік механизм» туралы заң жобасы қабылданса, жабық мекемелердегі азаптау айтарлықтай азаяды, - дейді ол.

​Заң жобасы қоғамдық ұйым өкілдерінің түрмелерге еркін кіруіне мүмкіндік береді. Заң жобасы мақұлданып, күшіне енсе, азаматтық сектордың азаптауға қарсы тұру мүмкіндігі көбеймек. Қабылдануы мүмкін жаңа заң жобасына сәйкес, егер тұтқындардан азаптау немесе қатігез іс-әрекеттер туралы арыз түссе, қоғамдық бақылаушылар колонияға «жылына кемінде екі рет» кіруге мүмкіндік алады.

Бірақ бұл заңда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Ұлттық превентивтік механизм бойынша түрме немесе басқа жабық мекемеге кіретін топтың құрамы төрт адамнан артық болмауы тиіс. Әділет министрлігі «түрмедегі тәртіпті босаңсытып алмас үшін» бұл шектеуді орынды деп санайды.

Руслан Оздоев мұндай шектеулерге қарамастан жаңа заң жобасы қабылданатын болса, өз інісінің түрмедегі өлімі сияқты трагедиялардың алдын алуға сеп болар еді деп санайды.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG