Accessibility links

Алакөлде демалу: рахаты мен машақаты


Алакөл маңындағы жағажайлардың бірі. 13 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Алакөл маңындағы жағажайлардың бірі. 13 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Суы шипалы көл жағасында демалуды табысы орташа қазақстандықтың қалтасы көтереді. Алакөлге өз бетіңізбен барсаңыз, дәмді тамақ ішіп, жағдайы жоқ жағажайда қыздырынып қайтасыз.

Алакөлге барамыз деген ой үш ұйықтасам ойымда жоқ еді. Күтпеген жаңалықты сапарға аттанардан бірер сағат бұрын ғана білдім. Ерім босағадан аттай бере «Жинал, Алакөлге кеттік!» деді. Дүкен аралауға мұрсат болмайтынын түсініп, тез арада заттарымызды жинауға кірістім.

Жол азыққа ет, картоп пен жұмыртқа пісіріп алдым. Ақшаға үнем болсын деп, әрі жақында Түргенге барып келгендіктен, ұлдың ересегін үйде қалдыруды жөн көрдік. Кішірек екеуін алып, кешкі 10-дар шамасында минивэн көлігімен достарымыздың ізін ала жолға аттандық. Ерлі-зайыпты достарымыз кішкентай сәбиімен біздің көлікке отырды. Сөйтіп, «Алакөл, қайдасың» деп тартып отырдық.

ЖОЛ АЗАБЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

Түнделетіп жол жүрудің машақаты аз болмады. Көзге түрткісіз тас қараңғы түнде аспандағы жұлдыздарды серік етіп, ойлы-шұңқырлы жолмен келеміз. Біраздан соң балалар ұйықтап қалды. Әйел адамның әңгімесі біткен бе, құрбымыз екеуміз оны-мұны айтып отырмыз.

Талдықорғаннан өттік. Айтпақшы, түн болғанымен, қаланың тап-тұйнақтай таза әрі әсем екенін аңғардық. Жол бойындағы шам қала көшелерін самаладай жарқыратып тұр.

Үшаралға таңғы 9-да жеттік. Шағын кентте демалушылар көп екен. Үлкен жолдың бойында тізілген жергілікті тұрғындар өз үйлеріне шақырады. Бірге келген достарымыз алдын ала келісіп алғандықтан, бізді Қуаныш есімді жігіт қарсы алды. Қарапайым үйдің жинақылығы мен тазалығы бірден көзге түсті. Біз үлкендеу бөлмені таңдадық, достарымызға кішірегі тиді. Жолсоқты болып келгендіктен аздап тынығып алмақпыз.

ҚЫЗМЕТТІҢ ПАРҚЫ МЕН НАРҚЫ

Үй қожайыны бізден жан басына тәулігіне 3 мың 500 теңге (20 доллардан астам) алды. Бұл ақшаға жатын орын мен үш мезгіл тамақ (таңғы ас, түстік және кешкі ас) кіреді. Таңғы ас – күріш, қарақұмық немесе бидай ұнтағынан әзірлеген ботқа, үйдің Туристерге арнап тігілген киіз үйлер. Алматы облысы Көктұма ауылы, 13 шілде 2012 жыл.

Туристерге арнап тігілген киіз үйлер. Алматы облысы Көктұма ауылы, 13 шілде 2012 жыл.

наны, сары май мен сүт, тосап, кәмпит, шай. Түсте салат, манты, ет, түшпара сияқты ыстық тамақ береді. Ал кешкі ас – борщ, қуырдақ, палау. Тағамға қалауыңша тапсырыс беруге де болады.

Біз арнайы жабдықталған, іші салқын әрі таза киіз үйде тамақтанып жүрдік. Тәуліктің кез келген мезгілінде шомылғың келсе, аулада орнатылған душ бар. Бізден басқа Қуаныштың үйін екі бойжеткен мен тағы бір ерлі-зайыпты жалдады. Олар көрші үйде тұрды.

Қуаныштың айтуынша, жаз бойы тапқан табысы бүкіл қысқа жетеді екен. Бұл кәсіпті бүкіл кент тұрғындары меңгерген. Жұрттың бәрі үйлерін демалушыларға өткізіп, өздері жапсарлас салып алған баспанада тұрады. Бірнеше пансионат та демалысқа келушілерге лық толы. Пансонаттың бағасы да бізбен шамалас екен.

СУҒА ШОМЫЛУ

Таңғы асымызды ішіп, киім ауыстырып алғасын тобымызбен суға беттедік. Айнадай жарқыраған көл адамды еріксіз өзіне тартады. Жағажайда ине шаншарға жер жоқ, бос орын іздеп 10 минуттай жүріп қалдық. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін осы арада.

Көлдің суы алғашында суық болып көрінгенімен, кейін денең үйреніп алады. Шомылып, су астын біраз шарлаған соң судан шыққың келмейді. Жағаға шығып, күнге қызға құмға жата кетесің. Нағыз жұмақтың төрі дерсің. Күн денеңді күйдіріп әкетеді.

Жұрт «Алакөлдің суы – дертке мың бір дауа» десіп жатады. Мұны өзім алғашқы Көлдің шипалы балшығын денесіне жағып жүрген адамдар. 10 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Көлдің шипалы балшығын денесіне жағып жүрген адамдар. 10 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

күні-ақ сездім. Жұрт саз балшықты денесіне жағып алып, оны жуып тастап, қайта жағып әбігер.

Сауда да қызып тұр. Жағажайды жағалаған жергілікті саудагерлер балық, бәліш, балмұздақ, ішімдік сатып жүр. Балығы дәмді, тек бағасы ғана қымбат: бір балық 400-500 теңге шамасында.

Ал дүкеннің бағасы тіпті удай. Егер Алматыда ер адамның кәдімгі шолақ балақ шалбары 500 теңге болса, Үшаралда оны мың теңгеге сатып аласыз. Суға шомылатын лыпа, қалпақ, доп, үрлемелі баллондардың бағасы да шарықтап тұр. Азық-түліктің бағасы да Алматымен салыстырғанда екі есе қымбат. Мысалы, «Fanta» сусыны – 200 теңге, балмұздақ – 150 теңге. Оның үстіне мұнда бар-жоғы үш-ақ дүкен жұмыс істейді. Бір істікке шаншылған кәуап – 500 теңге.

Армансыз шомылып алып, түскі асқа беттейміз. Балалардың судан шыққысы жоқ. Оларды әрең деп шығарып алып баспанамызға қайтамыз. Тамағы дәмді, сіңімді, мол. Сәл тынығып алғасын көл жағасына қайта ораламыз.

ТАНЫСТЫҚ

Жағажайға жайғасқан жұрттың бірі кітап қарап, бірі салқын сыра сіміріп жатса, енді бірі арқасын күнге қыздырады. Бірте-бірте маңайыңдағы жұртпен араласып, таныса бастайсың. Біздің көршілеріміз Наташа мен Олег «Алакөлдің суы шипалы» дегенді естіп Ресейдің Саратов қаласынан арнайы келіпті. Перзент сүйе алмай жүрген қосақ 10 күндік жолдамамен келіпті. Тілектеріне жетсін!

Жағажайда біраз жатсаң, жас жігіт пен сұлу бойжеткеннің таныстығының еріксіз куәсі боласың. Көз алдыңда ғашық жұп жарасым табады.

Сол жағымызда орналасқан көршілеріміз Түркияның жайлы жағажайларынан гөрі Алакөлді жөн көріпті.

Көл әсіресе күн ұясына қонарда сұлуланып кетеді екен. Біз алғашқы түні-ақ шомылуға бардық. Балаларды ұйықтатып тастап, көлге беттедік. Көл суы кешке қарай салқындап кеткенімен, бойың тез үйренеді. Көлдің бетіне түскен ай сәулесінің сұлу көрінісін сөзбен айтып жеткізу қиын. Жаратқанның құдыретіне еріксіз бас иесің. Түнгі көл суына құмарымыздан шыққанша шомылып алып, жатын орынға қайтамыз.

ДЕМАЛЫСТЫҢ ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КҮНДЕРІ

Демалысымыздың екінші, үшінші күндерінің басқа күндерден айырмасы болған жоқ. Мұндағылардың айтуынша, біз ауа райының қолайлы тұсында келіппіз. Бізге Күн батып бара жатқанда балық аулап отырған балықшылар. 22 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Күн батып бара жатқанда балық аулап отырған балықшылар. 22 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

дейін екі аптадай жауын болып, демалушылар суға шомыла алмапты. Қайығын жалға бергендер үлкен-кіші демей, жан басына 500 теңге алады. Бірнеше мәрте көл үстінен тікұшақ ұшып өтті. Оның неге айналып жүргенін біле алмадық.

Айтпақшы, жағажайда түнде қыдыру қауіпті екен. Бағана шамдардың ешбірінде жарық жоқ. Жергілікті биліктің бұған неліктен мән бермейтінін сұрағанымызда, тұрғындар «олардың бастары ауырмайды» деді. Алайда жамандық атаулы түнде болатыны белгілі. Демалысқа келгендер ішімдікке сылқия тойып алып, түрлі қылмыс жасайды. Осында тұратын әжелердің бірінің сөзіне қарағанда, былтыр осында демалысқа келген бір бойжеткен зорланған көрінеді. Ал төбелесте қисап жоқ...

АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

Айтпақшы, мұнда әжетхана жағдайы да мәз емес екен. Тазалау дегеніне бір кіріп-шыққаның – 40 теңге. Алайда оның өзін іздеп таппайсың. Жағажайдың санитарлық жағдайы мінсіз болмаса да, үйілген қоқыс жоқ. Жағажай мәдениетінен жұрдай жандарға қарағанда соңдарынан қоқыс қалдырмай жинап әкететін саналы жандар басымырақ екен.

Алакөлде демалудың бір артықшылығы – жақын, арзан, жағдайы орташа. Кемшілігі – Талдықорғаннан ары қарай жол ойдым-ойдым. Қызмет көрсету деңгейін орташа деп бағалауға болады, ал жағажайдың тазалығы мен тәртібін әлі де болса ретке келтіру керек.

Суға шомылып, күнге күйген біз қайтуға жиналдық. Шынымды айтсам, бұл арадан мүлде кеткің келмейді. Мүмкін болса, күнге қыздырынып жатар ма еді, шіркін. Көл жағасында тұратын адамдарға еріксіз қызығасың: бір тиын төлеместен қанша шомылсаң да еркіңде. Жағажайдың жүдеулігіне, қызмет құнының қымбаттылығына қарамастан біз мұнда маусым аяқталғанша тағы бір келіп, Алакөлдің шипалы суына тағы да шомылып қайтармыз деп кеттік.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG