Accessibility links

Халық емшілері мен дәрігерлер – бір-бірімен дүрдараз


Халық емшісі Ақ ана - Зейникамал. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

Халық емшісі Ақ ана - Зейникамал. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

Қазақстандағы халық емшілері ғылыми медицинаның шамасы жетпеген дерттерді емдегендерін айтады. Ал кәсіби дәрігерлер «халық емшісіне бармаңдар» дейді.


Қаскелеңдегі жұрт «Ақ ана» деп атайтын емшінің сауықтыру орталығына барғанымызда емдеу сәті аяқталып, жұрт аяғы сиреп қалған еді. Емшінің көмекшісі Мұрат бізді ғимараттың артқы есігінен кіргізді. Қарсы алдымыздан шыққан орта бойлы қара торы келіншек біз іздеген «Ақ ананың» өзі екен.

«АҚ АНАДАН» – «АҚЖОЛҒА»

Емші «Сізді неге «Ақ ана» деп атайды?» деген сауалымызға аңыз іспетті қылып:

–Гүлназ деген шәкіртім Айша бибінің басына түнеп жатқанда анамыз аян беріп, мені «Ақ ана» деп атау керектігін айтыпты, – деп жауап берді.

Емшінің ата-анасы азан шақырып қойған есімі Зейникамал екен.

«Емшілік жолға түскеніме он жеті жыл болды» деп бастады Зейникамал–Ақ ана әңгімесін.

– Алдыма келген науқасты үш күн қараймын. Егер қолымнан келсе – алып қалам, келмейтін болса – «ауруханаға барыңыз» деп қайтарамын. Кейбір емшілер суға, шайға болмаса суретке әлдебір дұғаларды оқып беріп жатады, «науқасыңа шипа болады» деп. Мен өз басым оған сенбеймін, – деген емші «биоток арқылы емдейтінін», орталықта инемен емдеу және массаж жасау тәсілі бар екенін айтты.

Ақ ана алдында «ләббайлап» жүрген жандардың құрметіне масаттана ма, әлде өзіне тым сенімді ме – әйтеуір тым асқақ, ара-арасында есіле сөйлеп, қарқылдап күліп те қояды.

Біз кіріп келе жатқанда ұлты орыс бір азаматқа: «Алдымен намазға жығыл! Басың бар ма өзіңнің?» деп ұрсып жатқан еді.

– Менің басты мақсатым – елді ақ жолға түсіріп, намазға жығу, – дейді Ақ ана.

О дүниелік болған аталар мен аналардың зиратына барып тәу етіп, басына түнеу – «Ақжол» деп аталатын діни қауымның басты қағидаларының бірі. Бізбен әңгімелесіп отырған Ақ ана – «Ақжолды» құрған адам, негізгі жетекшісі.

«Орталыққа күніне 150-200 адам қаралуға келетінін» сөз қылған емші «солардың барлығы бір жолға – ақ жолға түсетіндігін» айтты.

ҚЫЗЫЛ ЖЕГІ, ОСТЕОХОНДРОЗ ЖӘНЕ АЯН БЕРУ

Орталықта жүрген адамдар «Ақ ананың батасын алып, «Ақжолға» мүшелікке енгеннен кейін қазақ даласын шарлап, аруақтармен тілдесуге аттанатындарын» жасырмайды.

Нұршаруан деген әйел осыдан оншақты жыл бұрын Сызғанов атындағы Емшіге қаралып жүрген науқас медбике Нұршаруан. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

Емшіге қаралып жүрген науқас медбике Нұршаруан. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

хирургия орталығында медбике болып істепті.

– Сызғановта істеп жүрген кезімде бір бүйрегіме операция жасаттым. Операциядан кейін бала көтерген едім, дәрігерлер рұқсат етпей, алдырып тастады. Бала тууыма мүлдем тыйым салды. Уақыт өте келе денсаулығым нашарлап, қабырға жағалап жүретін деңгейге түстім. Сонан соң осы жерге келдім. Емделдім. Жасым қырыққа келгенде бір емес, екі бірдей қыз туып алдым, – деген Нұршаруан өзіне әлдебір атаның аян бергенін айтты.

Нұршаруан қазір де Шымбұлақ санаторийінде медбике болып істейді екен. Бірақ ғылыми медицинадан гөрі халықтық медицинаны жоғары қояды.

– Мәселен. кеше жүрегім ауырып, дәрігерге бардым. Олар «остеохондроз» деген диагноз қойды. Ал шындығында менің науқасым қан аздықтан болып отыр, – дейді Нұршаруан.

«Ақ ананың батасын алып, түсімде аруақтармен тілдесіп жүрмін» деген адамның бірі – Алмат Қалиұлы. Оның мамандығы – заңгер.

Алмат бір уақыттары өзінің де «қып-қызыл коммунист болғанын, емші түгілі Аллаға да сенбегенін» айтады.

– Алматы қалалық ішкі істер бөлімінде тергеуші болып істеп жүрген кезімде науқасқа шалдықтым. Шашымнан бастап тырнағыма дейін түсіп қалды. Бұрынғы заңгер Алмат Қалиұлы. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

Бұрынғы заңгер Алмат Қалиұлы. Алматы, 18 қазан 2011 жыл.

Он екі мүшемнен ауырмайтыны жоқ. Дәрігерлер нақты диагнозын қоя алмады. Денсаулығыма байланысты зейнетке шығарып жіберді. Енді өлемін деп өмірден күдер үзген тұста осы жерге тап болдым. Осы жерге келгеннен кейін Домалақ ана аян берді, – деді.

Осы кезде сөзге Ақ ана араласты:

– Алматтың науқасы «красная волчанка» (лат. lupus erythematodes, яғни қызыл жегі) деп аталады. Бұл медицинада жазылмайтын, созылмалы дерттердің қатарына жатады. Менің алдымнан осындай үш науқас өтті. Үшеуі де, құдайға шүкір, аман-есен шапқылап жүр.

Ақ ананың «Ақжолына» түсіп, «аруақтардан бата алғандар» орталықтан алысқа кетпейтін көрінеді. Тіпті өздері де науқасқа ем жасап, емшілікпен айналысады екен. Емші науқастарды тегін емдейтіндіктерін айтты.

«НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН БЕРЕР ЕДІ»

Алматы қаласындағы №1 аурухананың бас дәрігері Мүгілсін Қарымсаққызы науқастардың халық емшісіне қаралуына мүлдем қарсы.

– Біз халық емшісі түгілі корейский кроватьқа отырудың өзіне қарсымыз. Ал арнайы медициналық білім жоқ жандар белгісіз жолдармен науқасты Дәлізде жатқан науқас бала. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Алматы, 9 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Дәлізде жатқан науқас бала. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы. Алматы, 9 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

жазып жібереді деу мүмкін емес. Мен өзіме тиесілі аумақтағы адамдарға халық емшісіне бармауға кеңес беріп отырамын, – дейді бас дәрігер.

Алматы қалалық №11 аурухананың бас дәрігері Гүлжаһан Абатқызы:

– Қазіргі күні дәрігер-мамандардың атына айтылатын жаман сөздер көбейіп кетті. Болмашы бірдеңені айғайлап, жер-жаһанға жар салады. Ал халық емшілеріне қатысты, керісінше, айтылады. Осының салдарынан халық емшілері ел ішінде көбейіп келеді. Жұрт бізден шошына бастады. Тіпті емшілікті пайда көзіне айналдырып отыр, – деді.

Ақ ананың «қызыл жегі дертінен жаздым» дегенін айтып едік:

– Егер волчанканы емдеу жолын тапқан адам болса, оған Нобель сыйлығын берер еді. Халық емшілері өздеріне-өздері осылай өтірік жарнама жасайды, – деді Гүлжаһан Абатқызы.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG