Accessibility links

Өзбекстанға сапар жазбасы


Самарқанд көшелерінің бірінде. Өзбекстан, 24 тамыз 2012 жыл.

Самарқанд көшелерінің бірінде. Өзбекстан, 24 тамыз 2012 жыл.

Өзбекстанға сапарлаған адамдар белгілі бір шектеуге тап келеді. Тарихи ескерткіштері көп бұл елде туристер үшін жеткілікті мүмкіндік қарастырылмаған.

Бұл сапарды тамыздың 23-інде шекарадағы «Қапланбек» кеден бекетінен бастадық. «Қапланбектің» қарсы жағындағы өзбек бекеті «Ақ йол» (Ақ жол) аталады.

КЕДЕНДЕГІ ҰЗАҚ КЕЗЕК

Қазақстан тарапындағы екі постан өтуде кедергі болған жоқ. Өзбек жағына өтерде қалың нөпірге тап болдық. Бірінші постағы кезектен өтуге бір жарым сағаттай уақыт кетті. Одан өткеннен кейін жолаушы декларация толтырады. Соның бәрінен Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. Өзбекстан, 23 тамыз 2012 жыл.

Өзбекстан - Қазақстан шекарасындағы Ақ жол - Қапланбек кеден бекеті. Өзбекстан, 23 тамыз 2012 жыл.

өтіп, өзбек жағына жеткенше екі жарым сағат өтті. Шекарадан өтерде де өзбек шекарашылары ұзақ ұстайды. Оның үстіне кезек тәртібі сақталмайды.

Постан шыққанда таксистер мен буда-буда өзбек сомын ұстаған адамдар күтіп алды. Бірі Ташкентке апару ақысын саудаласа, екіншісі ақша ауыстыруға дайын тұрады. Таксистер Қазақстан жағында да болғанымен, олар өзбектер тәрізді көп емес еді. Шекараның Қазақстан бетінде ақша ауыстыру пункттері де баршылық. Шекараның өзбек жағында тура соған қарама-қарсы көрініске тап болдық.

Бірақ кеденнің өзбек тарабы бала жетектеген әйелдерді кезексіз жіберіп жатты. Ақсақалдар да кезекке тұрмайды.

МЕЙМАНХАНА МАШАҚАТЫ

Шекарадан өткен соң микроавтобуспен Ташкентке жарты сағат ішінде жеттік. Ортанқол қонақүйлер Қазақстаннан келгенімізді естіген соң, бізді қабылдаудан бас тартты. Өзбекстанда шетелдіктерді қабылдауға кез-келген қонақ үйге бірдей рұқсат берілмеген.

Алдын-ала интернеттен құлағдар болған шетелдіктерді қабылдай алатын шағын мейманханы көп ешкім білмейтін болып шықты. Оны іздеп табуға көше таксистерінің бірі көмектесті. Алдын-ала саудаласып алған ол екі көше ілгерідегі мейманханаға алып келді.
Айван үлгісімен салынған үйдің сыртқы көрінісі. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.

Айван үлгісімен салынған үйдің сыртқы көрінісі. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.


Бұл шығыстық айван стилімен салынған ғимарат екен. Дуалдан ішке кіргенде ауладан еуропалық және азиялық туристер байқалды. Олардың кейбірі мотоциклін тазалап, енді бірі ноутбуктен интернет қарап отырды. Ташкентте интернет кафелер де сирек ұшырасады. Сондықтан мұнда «өз интернетіңе» ие болу – едәуір артықшылық.

Мейманхана иесі бізге орын жоқтығын айтты. Алайда жақын маңда тағы да сондай мейманхана бар екен, соған хабарласты. «Күтіңіздер, қазір өздері келіп алып кетеді» деді. Арада аз өткенде ол кісі таксимен келіп, бізді алып кетті.

Оның да мейманханасы айван үлгісінде салынған екен. Дұрысы – тұрғын үйден мейманханаға айналдырылған нысан. Тәулігіне 60 доллар төлейтін «нөмірі» ғана бос екен. Соған орналастық. «Нөмір» деген аты ғана. Оның бағасына келісу де өзінше бір хикая.

ТАШКЕНТТЕГІ ТАҢҒАЖАЙЫП МҰРА

Ташкенттегі алғашқы күні Көгелташ медресесін, «Хәст имам» кешенін араладық. Бұл тарихи кешендер Өзбекстан діни басқармасына қарайды. Соған қарамастан Ақсақ Темір кезінде "османдық Құран" қойылған тақта тас. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Ақсақ Темір кезінде "османдық Құран" қойылған тақта тас. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

медресені аралауда туристерден ақы алады. Қазақстан оларға шетел есепті болғандықтан, біз билет нарқы еселеніп белгіленген. Еуропалықтардың одан да көбірек төлеуіне тура келеді. Өзбектер 300 сом төлесе, біз тарихи мекендер мен мұражайларды аралау барысында әр билетті 3 мың – 13 мың сом (1 доллар – ресми курспен 1 мың 900 сом, бейресми курспен 2 мың 850 сомға дейін) аралығында сатып алдық.

«Хәст имамның» бір шетінде мешіт, ислам институты, діни басқарма кеңсесі және совет уақытынан бастап діни басқарманы басқарған адамдардың мазары бөлек орналасқан. Совет кезінде Орталық Азия елдерінің барлығы Ташкенттегі бір діни басқармаға бағынғаны белгілі.

Ташкентте Құран кітабының ең көне делінген бір нұсқасы сақталған. Үшінші халифа Османның өзі жаздыртып, халифаның төгілген қаны жұққан делінген бұл нұсқа «Хәст имам» кешенінің ортасындағы жеке мұражайда сақтаулы тұр. Бұл нұсқа «османдық Құран» деп аталады. Теріге жазылған бұл кітапты кезінде Ақсақ Темір Басра қаласынан алдыртып, Самарқанда сақтап келген.

«Османдық Құран» сақталған мұражайда Құранның басқа да ежелгі көшірмелері Төле бидің (сол жақта) және шейх Хованд Таур кесенелері. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.

Төле бидің (сол жақта) және шейх Хованд Таур кесенелері. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.

мен әр тілдегі аудармалары да қойылған.

Төле би кесенесін де кез-келген өзбек білмейді. Тек оның жанындағы Шейх Хованд Таур мазарын айтсаңыз ғана білуі мүмкін. Өзбектер Төле биді «Қолдырғач би» дейді.

Кездескендерден оған көбіне Қазақстаннан барған адамдар келетінін білдік. Ислам университеті де осы кесене жанына орналасқан екен. Университет аумағында болғандықтан, сол маңдағы Жүніс хан мазарын көру мүмкін болмады. Оқу орнына адамдарды оқу уақытында ғана кіргізеді.

ӘУЕЖАЙҒА БЕРГІСІЗ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ

Самарқанға аттанарда теміржол вокзалындағы тексеріс таңғалдырды. Вокзалдың ауласында және вокзал ғимаратына кірерде жолаушы мен оның жүгі екі рет тексеріледі. Вокзалда тіркеуден өтіп, билетіңізге мөр соғады. Перронға шығарда тағы бір тексеріліп, тиісті вагоныңызға өтесіз.

Вокзалда жолаушылардан басқа басы артық адам көрінбейді. Тіпті газет сатып алатын дүңгіршектер де жоқ. Іздегенде, сөйлесу пунктін де таппадық. Қаладағы және базар маңында газет сататын орындарда өзімізге керекті туристік бағдар беретін картадан басқа ештеңе болмады.
Тилля Қари медресесі. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Тилля Қари медресесі. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.


Ташкентте пойызға Қазақстандағыдай билетсіз, заңсыз мінетіндер болмайды. Пойыз ішінде де сауда жасап жүргендер ұшыраспады. Вагондар да таза көрінді.

Самарқанға үш жарым сағатта жеттік. Алайда шетелдік вагондармен жабдықталған «Афросиоб» жүрдек пойызы бұл жолды екі сағатта жүріп өтеді. Ташкент вокзалында «Афросиоб» вагонына отырғандарды перронда тағы да жеке тексеретін құралдарды көрдік.

Самарқанд вокзалында да Ташкент вокзалындағыдай көрініске куә болдық. Бір тәуірі – пойыздан түскендерді ешкім тексермеді.

АҚША АУЫСТЫРУ МАШАҚАТЫ

Өзбекстанда ресми ақша ауыстыру пунктін бірінші рет Регистан алаңынан кездестірдік. Мұнда шетелдік валютаның ресми бағамы мен қара базар бағасы екітүрлі. Доллардың ресми бағамы 1 мың 900 сом болса, қара базардағы бағамы – 2 мың 700 - 2 мың 850 сом.
Бибі Ханым мешітіндегі туристер. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Бибі Ханым мешітіндегі туристер. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.


Біз көрген ақша ауыстыру пунктінде ешкім болмады. «Оған шетелдік туристердің өздері де бармайды» десті білетіндер. Ташкентте бізге ақша ауыстыруға «Хәст Имам» кешеніндегі естелік бұйым сататын адамдар көмектескен. Самарқанда да сондай бұйымдар сататын Қазақстанда, Балқашта туып-өскен бір азамат табылып, ақшамызды ауыстырып берді.

Ақшаның құнсызданып кеткенін меңзеген ол «Өзбек сомын арқалау үшін жеке дорба керек» деп қояды. Орыс ұлтының өкілі болса да, өзбекше сайрап тұрған ол кісі: «Өзбекстанда бұрынғыдай емес, жағдай құлдырап барады» деді. Біз «Өзге ұлттар қысымға ұшырап жатыр ма?» деп сұрағанымызда: «Ондай қысым жоқ. Бірақ бәрін заңмен бекітіп тастағандықтан, соны сақтауға міндеттіміз. Мен елдің әлеуметтік жағдайының құлдырағанын айтып отырмын» деп жауап берді.

ҚАРТТАРДЫҢ ӘУРЕСІ

Шах-и-Зинда кешеніндегі ғимараттар бір-біріне ұқсас көрінгенімен әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.
Өзбек ақсақалдары Шахи Зинда кесенесі алдында. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Өзбек ақсақалдары Шахи Зинда кесенесі алдында. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.


Мұнда шетелдік туристер де, жергілікті адамдар да көп болды. Жергілікті жұрттың кейбірі ақысын төлемей кіруге тырысқанымен, одан ештеңе өнбеді.

Кешеннің ішіне өткен соң баспалдақпен жоғары көтерілесіз. Әдетте, өзбектердің өздері баспалдақты санап шығады. Баспалдақтың саны дәл шықпаса, өзбектер зиярат қабыл болмады деп есептейді екен. Баспалдақ санынан шатасып, қайта-қайта шығып-түсіп жататындар болады.

Өзбек қарттарының баспалдақ санап жоғары шығып бара жатқанын өзіміз де көрдік.

ЭКСКУРСОВОДТЫҢ «САУДАСЫ»

Самарқандағы Афрасиаб мұражайында қаланың көне тарихи жәдігерлері сақталған.
Афрасиаб мұражайының маңдайшасындағы жазу. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Афрасиаб мұражайының маңдайшасындағы жазу. Самарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.


Мұражай қызметкерлері біздің Қазақстаннан келгенімізді бірден білді. Тіпті олардың бірі мұражайды аралап жүргенімізде шақырып алып, өзі тоқыған бұйымын сатпақ болды. Бір қызығы, сол бұйымның бағасы мұражайдың әр залына өткен сайын арзандай берді.

Мұндай жағдайды Самарқандағы ескі мешіттерді аралаған кезде де байқадық. Өзін «гидпін» деп таныстырған адамдар мешіт тарихын қысқаша айтып, одан соң Құран оқып, ақысын сұрады. Ұлықбек обсерваториясы басындағы экскурсовод обсерватория тарихын кең таратып айтса – ақыны көбірек Ескі қаланың орны. Cамарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

Ескі қаланың орны. Cамарқанд, 24 тамыз 2012 жыл.

алатынын, қысқаша айтса – азырақ алатынын бірден ескертті.

Өзбекстанда мұражайлардағы жәдігерлерді суретке түсіру үшін бөлек ақы төленеді. Ол 3 мың мен 50 мың сом арасын құрайды. Біз көргендерден тек Ташкенттегі «Хәст имамдағы» «османдық Құран» мұражайы жәдігерлерін ғана суретке түсіруге қатаң тыйым салынғанын байқадық.

Самарқандағы мұражай қызметкерлерінің «саудасы» Әмір Темір кесенесі басында да қайталанды.

МҰРАЖАЙДАҒЫ «ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС»

Келесі күні Ташкентке қайта оралып, мұражайларды араладық. Ондағы қызметкерлер де «қолдан келгенше» өздерінің жеке бұйымдарын саудалап қалуға тырысты. Олар тіпті бұйымының құнын доллар мен теңгеге шағып есептеп жатты.

Ақсақ Темір мұражайындағы Ислам Каримов бейнеленген композиция. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.

Ақсақ Темір мұражайындағы Ислам Каримов бейнеленген композиция. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.

Өзбекстан тарихы мұражайында коммунистердің 1917 жылғы Октябрь революциясынан кейінгі қырғыны едәуір бейнеленген. Арнайы бөлімде сол кездегі қырғын жайлы фотодокументтер мен деректер шоғырланған. Есесіне, Екінші дүниежүзілік соғысқа бір ғана бұрыш беріліпті. Онда да майданға қанша өзбектің аттанғаны, қаншасы опат болғаны жайлы жалпы мәліметтер мен он шақты фото қойылған. Өзбектердің соғыстағы мақтанышына айналған Сабыр Рахимовтың бірнеше суретін де осы жерден көре аласыз.

Соғыс бұрышында «Түркістан легионы» туралы бірде-бір сөз айтылмаған. Есесіне, осы мұражайда «Терроризммен күрес» тақырыбына арнайы мүйіс қойылыпты. Онда тәуелсіздіктен кейінгі жарылыстар тарихы баяндалған, «қаскүнемдер пайдаланды» деген жарылғыш заттардың үлгісі қойылыпты. Мұражайда Әндіжан трагедиясы туралы айтылмайды. Есесіне басқа қалалардағы оған дейінгі оқиғалар көрініс тапқан.
Ақсақ Темір мұражайындағы Назарбаевтың қолтаңбасы. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.

Ақсақ Темір мұражайындағы Назарбаевтың қолтаңбасы. Ташкент, 25 тамыз 2012 жыл.


Ақсақ Темір мұражайында Ислам Каримов бейнеленген композиция да назар аудартты. Мұнда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев да қолтаңба қалдырыпты. Ал қала көшелерінде патриотизмге шақыратын ұрандардың мешіт-медресе, кафелер алдына да қойыла беретінін көрдік. Таксистердің бірі Ислам Каримовты «дана басшы» деп дәріптеді. «Даналықтың» мысалы ретінде ол «өзбектердің өздері көлік шығаратынын, валютаны сыртқа жібермейтінін» айтты.

КЕДЕН ЖӘНЕ КЕДЕНДІК ОДАҚ

Өзбектер түстен кейін палау жемейді. Асханаларда палау түске дейін ғана беріледі. Ташкенттегілер лажы болса, палауды телемұнара тұсындағы «Ош мәркәзінен» (Ас орталығы) жегенді ұнатады. Мұнда палаудан басқа ас болмайды.
Көгелташ медресесіндегі жазу. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.

Көгелташ медресесіндегі жазу. Ташкент, 23 тамыз 2012 жыл.


Өзбекстанға сапардың соңғы күні «Ош мәркәзіне» соғып, Қазақстанға қайттық. Шекараның өзбек жағында шетелдіктер екінші мәрте декларация толтырады. Өзбек жағының тексеруінен бұл жолы бір сағатта, Қазақстан шекарасынан 15 минутта өттік.

Кезекте тұрған, Өзбекстан паспортын ұстаған адамдардың бірі шекарадан күнде өтетінін айтып, «Сағаттарға созылатын кезекке шыдауға тура келеді. Басқа амал жоқ» деді.

Ол басқаларға ұқсап шыдамсызданып, тықыршыған да жоқ. Жайбарақат, сабырлы түрде кезегін күтіп тұра берді. Күнде кеденнен өте беріп, еті өліп кеткен тәрізді.

«Біз де Кедендік одаққа енсек, кеденде ұзақ кезекте тұрмайтын боламыз» деді ол кеденнен өтіп бара жатып.
  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    Алматы бюросының бас редакторы. Азаттық радиосында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG