Accessibility links

Туристер Стамбул мен Анкараға барудан қорқады


Түркияға барудан бас тартқан алматылық Айзат Нұрахметова (Сурет жеке мұрағаттан алынды). Алматы, 7 маусым 2013 жыл.

Түркияға барудан бас тартқан алматылық Айзат Нұрахметова (Сурет жеке мұрағаттан алынды). Алматы, 7 маусым 2013 жыл.

Түркиядағы толқу жазғы демалысын сол елде өткізбек болған қазақстандық саяхатшыларға да әсер етті. Туристердің енді бірі Еуропадағы тасқыннан қауіптеніп отыр.

Түркияда Таксим алаңын (Стамбул қаласы) жаңарту жоспарына қарсылық ретінде басталып, кейін елдің премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның саясатына наразылық білдіруге ұласқан оқиға Қазақстанға да әсер етті.

Қазақстандық кейбір туристер демалыс маусымымен тұспа-тұс келген толқудан қауіптеніп, Түркияның Стамбул және Анкара қалаларына саяхаттау жоспарларынан бас тартып жатыр. Соның бірі – алматылық Айзат Нұрахметова. Ол әу баста биылғы демалысын Босфор бұғазында өткізіп, Стамбул, Анталия, Анкара, Белек қалаларын аралауды жоспарлапты.

– Қазір жазғы демалысқа шықтым. Қырық күндік демалысымның он күнін Түркияда өткіземін деп ойлағанмын. Бірақ ол жақтағы саяси жағдайдан кейін Түркияға барудан бас тарттым. Қорықтым. Өзіммен бірге екі туысқанымды алып барамын деп ойлағанмын. Қазір Бали немесе Хайнань аралдарының біріне барсақ па деп отырмыз, – дейді алматылық тұрғын.

«АНКАРА МЕН СТАМБУЛҒА БАРАТЫНДАР АЗАЙДЫ»

Алматылық туристік агенттіктер жазғы демалыс науқаны басталғанда Түркияның Стамбул, Анкара қалаларына экскурсия жасаймыз деген туристердің азайғанын айтады.

– Телефон шалып, Түркиядағы жағдайды білгісі келетін туристер көбейді. Туристерге барлығын түсіндіреміз. Жалпы, біздің білуімізше, Түркияныңкурорттық Түркиядағы курортты аймақтардың бірі. Көрнекі сурет.

Түркиядағы курортты аймақтардың бірі. Көрнекі сурет.

аймақтарында жағдай жақсы. Сондықтан туристерге курорттық аймақтар қауіпсіз екенін айтып жатырмыз. Түркияға барамыз дегендердің саны азайған жоқ – бұрынғыдай. Бірақ туристік пакеттің ішіне кіретін «Стамбул, Анкара қалаларына саяхат» деген сервистен біразы бас тартып жатыр, – деді туристік агенттіктердің бірінің директоры Талғат Дайыров Азаттық тілшісіне.

Алматылық басқа бір туристік фирманың менеджері Нұрлан Қамбаров та «Стамбул мен Анкараға баруға арналған пакеттерді кейінге қалдырғанын» айтты.

– Әзірше туристерге тек Измир, Белек, Кемер қалаларына саяхаттарды ұсынып отырмыз. Анкара мен Стамбулға саяхат жасауға арналған пакеттерді ұсынып отырған жоқпыз, – деді ол.

«ТУРИСТЕРГЕ ЕУРОПАДАҒЫ ТАСҚЫН ӘСЕР ЕТТІ»

Өзге туристік агенттік өкілі Жұпархан Жүйрікбаеваның айтуынша, саяхатшылар Түркиядағы толқуға, туристік фирмалардың банкрот болған оқиғаларына алаңдап отыр.

– Туристер Түркиядағы болып жатқан саяси оқиғаға емес, «турагенттіктермен барып алып, қайта алмай қаламыз ба» деп алаңдап жатыр. Көбі турфирмалардың Влтава өзені тасып арнасынан шықты. Прага, Чехия, 3 маусым 2013 жыл.

Влтава өзені тасып арнасынан шықты. Прага, Чехия, 3 маусым 2013 жыл.

сенімділігіне көз жеткізгісі келеді. Бірақ сонда да Түркияға деген сұраныс азайған жоқ. Маусымның басында отыздан астам адамнан тұратын бір топ демалуға кетті. Келесі топ қазір жасақталып жатыр. Туристерге Түркиядағы саяси толқудан гөрі Польша, Чехия, Австрияда болған тасқын біраз әсер етті. Қазір бұл елдерде барамыз деген адамдардың саны аздау болып тұр, – дейді тур-агенттігінің өкілі.

Осы аптада түркиялық Sky Airlines әуе компаниясы банкрот болғанын жариялап, сол компанияның қызметіне жүгінген қазақстандық туристік фирманың клиенттері – бір мыңнан астам саяхатшының Қазақстанға қайту мәселесі қиындағаны жария болған.

Қазақстан туристік ассоциациясының дерегі бойынша, Түркия – шетелге демалуға кететін қазақстандықтардың ең көбі таңдайтын ел.

2012 жылы қазақстандық туристер көп барған 10 ел
(Деректер Қазақстан туристік ассоциациясынан алынды)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG