Accessibility links

Бегдесенов ақшасы болса да, «тигізген зиянын» өтемейтінін айтты


Бисенғұл Бегдесенов, Түркменстандағы қазақ диаспорасының белсендісі. Алматы, 24 қазан 2012 жыл.

Бисенғұл Бегдесенов, Түркменстандағы қазақ диаспорасының белсендісі. Алматы, 24 қазан 2012 жыл.

Түркіменстандағы қазақ белсендісі Бисенғұл Бегдесенов Қазақстанға келді. Азаттықтың Алматы бюросына соғып, арнайы сұхбат берген ол қазіргі жағдайы мен болашақ жоспарларын айтты.

Түркімен соты Бисенғұл Бегдесеновты 2011 жылы тоғыз жылға қамау жазасына кесіп (бес жылдық сынақ мерзімін белгілеп), елден шығуына тыйым салған. Алайда, өзінің айтуынша, халықаралық ұйымдар оны саяси себептерге байланысты қуғындалған адам деп атаған соң, ақпарат құралдары ол жайлы жазғаннан кейін түркімен билігі Қазақстанға келуге рұқсат берген.

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ

Түркіменстандағы қазақ диаспорасының белсендісі Бисенғұл Бегдесенов Қазақстанға көшуді жоспарлаған қазақтарға ақылы көмек көрсетіп, үйлерін мемлекетке өткізіп кетуге міндеттейтін жергілікті заңды айналып өтудің жолдарын айтқан. Кейін осыған қатысты түркімен билігі оны сотқа тартты.

– Түркіменстанда ең үлкен әрі өзекті мәселенің бірі – баспана. Мәселен, онда жер телімдері сатылмайды, уақытша пайдалануға беріледі. Кез келген уақытта мемлекет ол жерді қайтарып алғысы келсе, бір-ақ күнде сол жерде тұрған үйді күреп тастайды. Ішіндегі адам көшіп үлгерсе – жақсы, үлгермесе басының аман қалғанына қуанады. Ол жерге салынатын үйлер мен көп қабатты баспана мәселесі де осы секілді. Оларды жекешелендіріп алуға болмайды. Сондықтан үйің күрелсе немесе оны болашақта сату үшін жекешелендіріп алғың келсе, құжаттарыңның жоқтығынан ешнәрсе істей алмайсың, – дейді Бисенғұл Бегдесенов .

Оның сөзінше баспананың жекешелендіретін тиісті заңдар бар, бірақ оны білетін және пайдаланатын адамдар өте аз.
Түркіменстанда үйді тегін жекешелендірудің жалғыз мүмкіндігі – Ресей мен Түркіменстан арасындағы мемлекетаралық келісім.

– Осыдан бес жыл бұрын мен өзім тұрып жатқан пәтерімді жекешелендірдім. Балалар өсті, болашақта ата жұрт – Қазақстанға оралу ойымда болды. Менің бұл ісімді естіген туыстарым, кейін достарым мен таныстарым өтініш айтып келе бастады. Түркіменстанда үйді тегін жекешелендірудің жалғыз мүмкіндігі – Ресей мен Түркіменстан арасындағы мемлекетаралық келісім. Ол келісім негізінде Түркіменстан азаматы Ресейден «қоныс аударушы» статусын алуы қажет. Статусқа қол жеткізу үшін көптеген құжаттармен қатар Ресей азаматынан шақырту керек. Мен дәл осы шақыртуды алып берумен айналысып келдім, – деді ол.

Бисенғұл Бегдесеновтың айтуынша, ол осындай өтініштер көбейе бастаған соң Түркіменстанның салық органдарына барып, өзінің қандай қызметпен айналысып жүргенін айтып, оны заңдастыру жолдарын сұрастырған. Салық мекемесі Бегдесеновтың қызметін «көшіп кетемін деушілерге әлеуметтік қызмет көрсету» деп бағалап, соған сәйкес патент берген.

– Осы патент негізінде бес жыл ішінде 62 қазақ отбасына үйін сатып, көшіп кетуге көмектестім. Мұндай жайт, әрине, түркімен билігіне ұнамай, «қалайда тоқтату қажет» деген болуы керек. Ал мұны тоқтатудың бір ғана жолы – белсендіден Бисенғұл Бегдесенов бейнеленген киім. Алматы. 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бисенғұл Бегдесенов бейнеленген киім. Алматы. 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

құтылу. Әдетте алдымен арыз түсіп, соның негізінде күдікті тұтқынға алынады. Ал менің жағдайымда; мені қамап тастағаннан кейін маған қарсы арыз жазатындар іздестірілген, – деді сұхбаттасымыз.

Бисенғұл Бегдесеновтың сөзіне қарағанда, оның үстінен қозғалған қылмыстық істе 18 адамның арызы бар.

– Арыз жазғандардың барлығы – маған құжаттарын беріп, мен шақырту алып келген адамдар. Алайда олар өз арызында «Біз Түркіменстанда жәннатта тұрғандай өмір сүреміз, ешқайда көшетін ойымыз болған емес. Бегдесенов бізді түртпектеп, көшу туралы айтып, құжаттарымызды жинап алды. Сол үшін ол бізден ақша алды» деп жазған. Кейін босап шыққаннан соң олардың кейбірімен кездестім. Оларды қалай қинап, қандай қысыммен жазғызғанын білгенде өкпем тарап кетті. Мен оларды айыптамаймын да. Бірақ бұрын Совет уақытында Түркіменстанда қазақтар іштей бір бірін жақтырмай тұрса да, сырт көзге жымын білдірмей, бірлігін сақтаған. Ал қазір өзгерді, әркім жеке басының қамын ойлайды. Мен маған қатысты арызды өз қазақтарым жазғанын білгенде қатты күйіндім, – деді Бисенғұл Бегдесенов .

«40 МЫҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ШЫҒЫН»

Бисенғұл Бегдесеновтың айтуынша, оған «шетелге шығатын азаматтарға (негізінен жергілікті қазақтарға) шақырту құжат рәсімдеу барысында алаяқтық жасады және мемлекетке ірі көлемде зиян келтірді» деген айып тағылған.

– Мұның екеуі де негізсіз. Біріншіден, алаяқтық жасайтындай мен ешкімді алдаған емеспін, шақыртуларын барлық адамдарға әкеліп бердім. Жол шығыны, құжаттарды рәсімдеу және қызметімнің ақысы алдын ала келісілген. Мен ол түскен Белсендінің ұлы Әлібек Бегдесенов әкесінің қуғын көруіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Белсендінің ұлы Әлібек Бегдесенов әкесінің қуғын көруіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

қаржыдан салық төлеп келдім. Ал екінші айып та ақылға қонымсыз. Себебі мен жинап алып келген құжаттар негізінде соңғы шешімді мен емес, жергілікті билік өкілдері шығарады. Арнайы комиссия құрылып, «пәленшенің үйін жекеменшікке беру керек пе, жоқ па» деген мәселені шешеді. Бұл істе менің мүлдем қатысым жоқ, – дейді ол.

Бисенғұл Бегдесенов сот барысында «егер мемлекетке зиян келгені рас болса, кетіп қалған қазақтар заңсыз үйлерін сатты десе, онда жергілікті әкімдіктердің шығарған шешімінің күшін жою керек» екенін айтқан. Алайда сот бұл жайтты елемеген. Кейін бостандыққа шыққанда прокуратураға осы мәселеге қатысты шағым жазған Бегдесенов «жергіліктің әкімдіктің шешімдері заңды болды» деген жауап алғанын айтады.

Өзіне қатысты шешімді қайта қарау туралы аппеляция жазса да, өтініші ескерілмегенін айтқан белсенді өзінің «кінәсіз екенін дәлелдеу үшін салмақты айғақтар мен дәлелдер жинап жүргенін» айтты.

– Осы жолы үйді сатып, Қазақстанға оралайын десем, үйім аресте тұрғанын білдім. Құзырлы органның айтуынша, мен «мемлекетке келтірген, шамамен 40 мың доллар зиянды қайтармайынша» үйді сата алмайды екенмін. Менде ондай ақша жоқ. Болған күннің өзінде де оны төлемеймін, себебі төлесем – маған тағылған айыпты мойындағаным болады. Мен тек заң шеңберінде ғана қызмет еттім, қазақтарға атажұртқа оралуға көмектестім. Қазір де осы қызметімді қайта жалғастырайын деп отырмын. Себебі ол жақта Қазақстандағыдай емес, – деді Бисенғұл Бегдесенов .

«АЛ ТҮРКІМЕНСТАНДА ҚАЗАҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖОҚ»

Белсендінің сөзінше, Түркіменстанда соңғы халық санағы 1995 жылы өткен. Сол Белсендінің ұлы Әмір Бегдесенов әкесінің қуғын көруіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Белсендінің ұлы Әмір Бегдесенов әкесінің қуғын көруіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

кезде елдегі қазақтар саны 90 мың деп көрсетілген. Қазір Түркіменстанда шамамен 35-40 мың қазақ бар.

– Ауылдағы қазақ мүлдем жұмыссыз. Біраз қазақ мектептері жабылып қалды. Осыдан оншақты жыл бұрын Қазақстан мен Түркіменстан президенттері екі елде мәдени орталықтар ашу туралы келісімге келген. Қазақстанда түркімен мәдени орталығы бар, ал Түркіменстанда қазақ орталығы жоқ. Мен соны ашудың қамымен қанша жүгірсем де, ешқандай рұқсат ала алмадым, – деді сұхбаттасымыз.

56 жастағы Бисенғұл Бегдесенов – техника ғылымдардың кандидаты. Екі ұлы Қазақстанда білім алып, сонда қалып қойған. Қазір екі немересі бар Бегдесенов Қазақстанға әйелі мен қарт анасын көшіріп әкелуді де көздеп жүр екен. «Бірақ өзім толығымен ақталмайынша көшпеймін» дейді ол.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG