Accessibility links

Төрт Айша енді балабақша ақысының жартысын ғана төлейді


Есентай Қапардың төртемі - Жанайша, Бегайша, Нұрайша, Гүлайша. Алматы, 28 ақпан 2013 жыл.

Есентай Қапардың төртемі - Жанайша, Бегайша, Нұрайша, Гүлайша. Алматы, 28 ақпан 2013 жыл.

Алматы қаласы Жетісу ауданы Айнабұлақ ықшамауданында тұрып жатқан төртемнің ата-анасы әлеуметтік жеңілдікке ие болды. Енді олардың балабақша ақысының жартысын мемлекет төлемек.

Бегайша, Гүлайша, Жанайша және Нұрайша есімді төртемнің әкесі Есентай Қапардың айтуынша, наурыз айынан бастап төрт баланың балабақшаға төлейтін ақшасының жартысын мемлекет бермек.

- Әр айда әрқалай. Бірақ бұған дейін шамамен 95-96 мың теңге төлеп келгенбіз. Апалары мен атасы көмектесіп жатып төлеп келген едік. Бұл көп көмек болатын болды, - дейді Есентай Қапар.

Оның айтуынша, 2012 жылдың соңында әлеуметтік көмек сұрап премьер-министрге хат жазған. Осыдан екі апта бұрын Алматы қаласы әкімшілігінен жауап келіпті.

"Алматы қаласының әкімдігі бес баланың анасы, соның ішінде 2010 жылы 9 наурызда төртем дүниеге әкелген Назымгүл Қуанғанның өтініш хатын қарастыра Алматы қаласы әкімшілігінен келген хаттың сканерленген түрі. Алматы, 28 қаңтар 2013 жыл.

Алматы қаласы әкімшілігінен келген хаттың сканерленген түрі. Алматы, 28 қаңтар 2013 жыл.

келе төртем баратын балабақшадағы төлем ақылары 50% жеңілдетілгенін хабарлайды" деп жазылған Алматы қаласы әкімінің сол кездегі орынбасары Серік Сейдумановтың қолы қойылған хатта.

- Енді осы жеңілдік аяғына дейін қалса дұрыс болар еді деп отырмыз. Келесі жылы қайтадан алып тастап, осындай проблемалар шықпаса болды. Тілегіміз сол, - дейді Есентай Қапар.

БАСҚА ЖЕҢІЛДІК ЖОҚ

2013 жылы 9 наурызда үшке толатын Бегайша, Гүлайша, Жанайша және Нұрайша қазір Айнабұлақ ықшамауданындағы балабақшаға барып жүр.

Төртемнің анасы, үйде бесінші баласы Нарқызға қарап отырған Назымгүл Қуанғанның айтуынша, әкесі жұмыста болатындықтан оларды балабақшаға нағашы атасы апарып-әкеліп жүр.

- Олардың бала-бақшаға барғанына шамамен алты-жеті ай болып қалды. Киім-тамақ, пәтерақы бар дегендей, балабақша ақшасын төлеу қиынға соғатын еді. Енді бұл кәдімгідей жеңілдік болды. Айына балаға 18 жасқа дейін беретін 6 мың 900 теңге аламыз. Бұдан басқа жеңілдік жоқ, - дейді Назымгүл Қуанған.

Алматы қаласының тарихында тұңғыш рет төртемдер дүниеге келген кезде Есентай Қапар мен Назымгүл Қуанған төртемдерін перзентханадан шығарған кез. Алматы, 23 сәуір 2010 жыл.

Есентай Қапар мен Назымгүл Қуанған төртемдерін перзентханадан шығарған кез. Алматы, 23 сәуір 2010 жыл.

олардың әкесі Есентай Қапар отбасы спорт және туризм академиясының 24 шаршы метрлік бір бөлмелік жатақханасында тұрып жатқан еді.

Бұл мәселені жергілікті ақпарат құралдары жабыла жазып, көп ұзамай отбасы 3 бөлмелі жалдамалы пәтер алған еді. Бірақ Жетісу ауданы әкімшілігі 2014 жылға дейін жалға берген алты қабатты үйде лифт жоқ болған. Нағашы апалары төртінші қабатта тұратын Айшаларды күнінен бір мәрте ғана далаға шығарып, ойнатып келетінін, денсаулығы нашар болғандықтан, баспалдақпен түсіп-шығудың өзі күшке айналғанын айтқан.

Азаттық радиосы бұған дейін жаңа туған төрт балаға арнайы күтуші бөлу туралы мәселе көтеріп, отбасының әлеуметтік проблемалары жайлы жазған еді.

ВИДЕО: Төрт Айша балабақшада жүр

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG