Accessibility links

Айтыстың жаңа бір түрі Twitter-ге жетті


Балғынбек Имашев пен Серікзат Дүйсенғазиннің туиттердегі айтысынан скриншот.
Балғынбек Имашев пен Серікзат Дүйсенғазиннің туиттердегі айтысынан скриншот.
Соңғы уақытта суырып салма ақындар әлеуметтік желі арқылы айтысатын болды. Мұндай жаңарған бәсеке кезінде екі айтыскер ғана емес, басқа да әлеуметтік желі қолданушылары үн қосып отырады.

Айтыскерлер Балғынбек Имашев пен Серікзат Дүйсенғазиннің ақпан айының соңында Twitter әлеуметтік желісіндегі айтысы - соның мысалы.

"ҚАБЫЛ БОЛСЫН "ТУЙТ" ДҰҒАҢ"

– Аллах қақ, намаз артық барлығынан,
Мұсылман иланады мәңгі бұған.
Раббына шәк келтірмес мүминдерім,
Қабыл болсын жасаған таңғы дұғаң, - деп жазыпты Серікзат Дүйсенғазин жетінші ақпан күні Twitter парақшасында.

Оған Балғынбек Имашев:

– Ау, Секе, қабыл болсын туйт дұғаң.
Дұға етсең, жүрегіміз жібид бұған.
Қоймасаң әншілермен айтысуды,
Майғазиев Сәкенге мүрид қылам, - десе,
Серікзат Дүйсенғазин, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Серікзат Дүйсенғазин, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

оған Серікзат былай жауап берген:

– Сенің де қабыл болсың құлшылығың,
Намазбен әрленген соң тіршілігің.
Мен, Бәке, әншілермен айтысқам жоқ,
Олардың айтысының Жүрсінімін.

"Олардың айтысының Жүрсінімін" деуінің себебі, Twitter желісінде Серікзат Дүйсенғазин әншілер мен журналистер арасында «туит айтыс» ұйымдастырған болатын.

Серікзатқа қарымта ретінде Балғынбек :

– Таниды Серікзатты жырсүйер ел,
Кандидаттан доктор боп үлкейе бер.
Мың мағына Секеңнің әр сөзінде,
Құр босқа, тіл жағына кім сүйенер, - деп жауап қатса, осы күнгі айтыстың соңын айтыскер Дидар Қамиев :

– Уа, Секе, әншілерге Жүрсін болсаң,
Жақында шығып қалар клип-дұғаң, - деп түйіндепті.

"М-АГЕНТІН РЕСЕЙДІҢ НЕ ҚЫЛАЙЫН"

Twitter бетіндегі Серікзат пен Балғынбектің сөз сайысы әлеуметтік желі төңірегінде өрбіген.

– Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда,
Қайың ағаш майысар жел тұрғанда.
М-Агентін Ресейдің не қылайын,
Туйттердей әлемдік желі тұрғанда, - деп сөз бастаған Балғынбек Имашевқа қарсы уәж ретінде Серікзат Дүйсенғазин былай дейді:

– Қарайғанға қарайтын қабан ба деп,
Қамшылайтын миларын шабан ба деп.
М-агентте қалғандар жаутаңдап жүр,
Туиттерге кеткендер аман ба деп.

Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Осы тұста айтысқа жол ортадан қосылған Айнұр Тұрсынбаева:

– Айналайын қарағым, кекілдім-ай,
Саған твит жазуға бекіндім-ай.
Бір минутқа желіге кіріп едім,
Бір күн өтіп кеткенде өкіндім-ай, - десе, Серікзат Дүйсенғазин:

– Көзің қара ағаштың көміріндей,
Бойың түзу мылтықтың теміріндей.
Жақсы сөзге арналған бір туйтің,
Жаманның өтіп кеткен өміріндей, - деп өрбіткен екен.

Ал Балғынбек Имашев:

– Әлеуметтік желілер тең болмайды,
Бір ауырсаң оп-оңай ем қонбайды.
Уақытыңды ысырап еткен сайттар,
Азғырушы сайтаннан кем болмайды, - депті.

Оған жауап ретінде:

– Сенің бұлай айтуың бекер емес,
Азғырушы сайтанмен етер егес.
Білуімше туйттер М-агенттей,
Өсек пенен мақтанның мекені емес, хайлялім, - деп түйіндепті осы күнгі айтысты Серікзат.

"АЗАНШЫ БАЛҒЫНБЕКТЕЙ ЖӘНЕ АЗ ҚАЗІР"

27 ақпан ақпан күнгі таңғы "Туит-айтысты" бастаған Балғынбек Имашев:

– Ал достар, тұр ұйқыдан, намазға жүр.
Алладан Рахым нұры жауар қазір.
Таңмен тұрып, туитпен дұға тілер,
Серікзат ісапармен Таразда жүр, - депті.
Еркебұлан Қайназаров, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Еркебұлан Қайназаров, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Балғынбектің қағытпасын онан әрі өрбіткен Еркебұлан Қайназаров:

– Балғынбектей тақуа жан аз қазір,
Тұрдық міне, десеңіз намазға жүр.
Сапарда жүр ғой қазір, салдыр-күлдір,
Дұға етейік Серікзаттай сабазға бір, - деп үн қосқан.

Өзіне қарата айтылған қағытпаны ескерусіз қалдырмаған Серікзат:

– Таң намазға тұруда Тараз қазір,
Азаншы Балғынбектей және аз қазір.
Салдыр-күлдір етердей бұл ағаңды,
Деп пе едің шопыр болып Камазда жүр,- деп Еркебұланға жауап жазса, ол:

– Және де Серікзаттай аға аз қазір,
Туйтке бір жазады, қағазға бір.
«Салдырлаған» - ақкөңіл дегенім ғой,
Тік түсінсең, жұмысқа - гаражға кір, - деп төтесінен қайырыпты.

Тіке жауаптан жалтарған Серікзат Дүйсенғазин Twitter бетіне мынандай шумақ жазыпты:
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

– Әзімбектей хас тұлпар, таланттар аз,
Айтыстың қыраны еді-ау қанатты Ораз.
Я Раббым, марқұмдарға рақым етіп,
Жатқан жерін жарық қып, жәннатқа жаз.

Ал осы күнгі "Туит-айтысты" бастаған Балғынбек Имашев:

– Арыстан Серікзаттай аға аз қазір,
Дүлдүлдер өткен небір, Таразда дүр.
Бөрілерді сағынсаң бізден бұрын,
Дұғаңды Әзімбек пен Оразға қыл, - деп айтыстың соңына нүкте қойыпты.

"ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ АЙТЫСТАН ҮРІКПЕУ КЕРЕК"

"Интернеттің игілігін ұлттық өнерге, фольклорлық дүниелерге пайдалану жақсы үрдіс" дейді интернет қолданушы жазба ақын Алмат Исаділ.

– Соңғы уақыттары қазақ фольклоры, оның ішінде айтыс жанры әлеуметтік желіде белең алып бара жатыр. Себебі интернет - ақпарат алмасудың немесе
Жазба ақын Алмат Исаділ. Алматы. 2008 жыл. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
Жазба ақын Алмат Исаділ. Алматы. 2008 жыл. Сурет жеке мұрағаттан алынған.
сөзіңді біреуге жеткізудің оңтайлы формасы. Жалпы әлеуметтік желілерде тек қана ақпараттар алмасқанша, қазақтың өзіне тән айтысы үлгісі әзіл түрінде, зіл түрінде болсын орын табуы керек. Қазір кейбір порталдар, сайттар интернет мүшайралар өткізіп, сол арқылы мақаламен немесе басқалай жеткізе алмайтын мәселерерді айтыс тілімен жеткізіп жатыр. Сондықтан әлеуметтік желідегі айтысқа үрке қарауға болмайды, - дейді ол.

Алмат Исаділ әлеуметтік желідегі айтыстың ерекшелігін де айта кетті.

– Әлеуметтік желідегі айтыстың деңгейін Жүрсін Ерманов ұйымдастырып жүрген аламан айтыстардың деңгейімен салыстыруға болмайды. Себебі көбісі жеңіл-желпі өтіп кетеді. Ел алдында жүрген танымал ақындар көп көріне бермейді. Әсіресе, үлкен буын – компьютер тілін меңгермеген үлкен ақындар мұндай айтыстарға араласа да алмайды. Бұл жерде көбіне жастар жүреді, - деді ол Азаттық тілшісіне.
XS
SM
MD
LG