Accessibility links

Қазақстан Ресейдің Украинадағы әрекетін бағалауға асықпады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 11 қараша 2013 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 11 қараша 2013 жыл.

Жергілікті сарапшылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әліптің артын бағу» саясатына қатысты пікір білдірді. Олар Украинадағы сияқты жағдай Қазақстанда да қайталануы мүмкін екеніне назар аудартады.

Дүйсенбі, наурыздың 3-і күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, екі жақты бейбіт келіссөз арқылы шешім шығаруға шақырды.

Украина аумағына «шектеулі әскери контингент кіргізу» туралы Ресей билігінің шешімі шыққалы Қазақстан тарапынан мұндай ресми мәлімдеме жасалмауы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың реакция танытпауы қоғамда және әлеуметтік желілерде түрлі пікірлерге түрткі болған еді.

«Қазақстанның ресми ұстанымы бірден айқындалмағаны, президенттің үнсіздігі» әлеуметтік желілерде жиі талқыланды. Мұндағы пікірлерге қарағанда «этникалық құрамы жағынан солтүстік өңірі Украинаның шығысына ұқсайтын Қазақстан өзінің ең жақын одақтасы Ресейдің әрекетіне тез арада көзқарасын білдіруі тиіс» болатын.

Саясаттанушы, белсенді Айдос Сарым Facebook желісіндегі парақшасында Астананың дүйсенбі күнгі мәлімдемесі шықпай тұрып «Президент неге үнсіз? Саясаттанушы Айдос Сарым.

Саясаттанушы Айдос Сарым.

Сыртқы істер министрлігінің айқын ұстанымы неге жоқ?» деген сауал қойған еді. Оның айтуынша, кезінде ядролық қарудан бас тартқан елдердің, соның ішінде Қазақстанның да аумақтық тұтастығының бұзылмауына кепілдік беретін Будапешт келісімін Ресейдің елемеуі назар аударарлық жайт.

Facebook әлеуметтік желісін қолданушылардың тағы бірі, журналист Арман Сқабылұлы «Қазақ басшылығы Қырымға келгенде жұмған ауыздарын ашпай қалыпты. Осы бізге не болған? Әлде, үндемесек байқамай қалар деп отырмыз ба?» деп жазады. Бірақ «Назарбаев осыған дейін үндемей келді, бұл жолы да өз еліндегі тыныштықты сақтап қалуы үшін мүлде үнсіз қалғаны жақсы» деген көзқарас ұстанатындардың да бар екені байқалды.

«УКРАИНАДАҒЫ ХАОС»

Украинада былтыр күзде басталған оқиғаларға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытқа дейін тартына баға беріп келген еді. Бұл тұрғыдан келгенде оның Кеден Одағы бойынша әріптесі, Беларусь президенті Александр Лукашенко біршама «озық» шықты. Мысалы, қаңтар айының соңына Беларусь президенті Александр Лукашенко (оң жақта) Украинаның сол кездегі президенті Виктор Януковичпен бірге тұр. Минск, 25 қазан 2013 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко (оң жақта) Украинаның сол кездегі президенті Виктор Януковичпен бірге тұр. Минск, 25 қазан 2013 жыл.

Майдандағы оқиғалар шиелесе бастағанда ол: «Президенттің (Януковичтің – ред.) балалары бизнеспен айналысып, әйелі мен көңілдестері билікке араласа бастады ма – онда бір пәлені күте бер» деді. Көп ұзамай Лукашенко «Беларусьте ешуақытта «Майдан» болмайтынын, ал Украинаға қандай билік келсе де, тіл табысып жұмыс істеуге дайын екенін» бірнеше рет қайталаған.

«Украинаның территориялық тұстастығын бұзуға жол беруге болмайтынын» ашық мәлімдегендердің бірі де – Лукашенко. Бірақ Қырымға Ресей әскері енгізілгенде Беларусь басшысы да үнсіз қалды.

Ал осыған дейін «Майдан» оқиғасын Украина билігінің «халықтың әлеуметтік мәселесін шеше алмағанынан көрген» Нұрсұлтан Назарбаев Украина билігіне «әуелі экономика, сосын саясатпен айналысу қажет» деп сырттай кеңес берген болатын. Бірақ Назарбаев Украинаның жаңа билігі туралы қандай да бір пікір айтпады.

Ақпанның 25-і күні Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Украинадағы оқиғаларды телефон арқылы талқылады. Бірақ екеуінің әңгімесі туралы баспасөз бетінде толық ақпарат хабарланбады. Путинмен сөйлескен соң екі күн өте Қазақстан президенті қауіпсіздік кеңесін шұғыл жинап, «ақпараттық арандатушылыққа қарсы күресті күшейтуді» тапсырды. Бұл жиында Назарбаев «осы уақытқа дейінгі дағдарыстардың барлығынан саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісім арқасында шыққанын» ескертіп, Украинадағы «хаосты» теріс мысал ретінде келтірді.

Украинаға Ресей қосымша әскер кіргізгенде Қазақстан президенті тағы да үнсіз қалды. Бұл жағдайға қатысты «ахуалды бейбіт реттеуге шақырған» мәлімдеме дүйсенбі күні сыртқы істер министрлігінің атынан жасалды.

«ӘЛІПТІҢ АРТЫН БАҒУ»

Қазақстан мен Беларусь билігінің Ресей әскерінің Украинаға кіруіне қатысты үнсіздігін әркім әрқалай түсінеді. Мәселен, оны Украинаның кей саясаткерлері «агрессияны қолдамау» деп ұғады. Украина Жоғарғы радасының бұрынғы депутаты Виктор Матчук жергілікті TBi телеарнасында «Украинадағы Ресейдің әскери әрекетін әлемнің бірде-бір елі, соның ішінде Кеден Одағының мүшелері Беларусь пен Қазақстан да қолдамайды. Оның үстіне Беларусь президенті Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын бірнеше рет анық білдірді» деп мәлімдеді.

Ал қазақстандық сарапшылардың айтуынша Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы «әдеттегідей әліптің артын бағып отыр».

Саясаттанушы Досым Сәтпаев көп векторлық саясат ұстанатынын ұдайы мәлімдейтін Қазақстан президентінің саяси тартыстарды шешуге жәрдемдесетін Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 20 қараша 2012 жыл.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алматы, 20 қараша 2012 жыл.

модератор болғысы келетініне нұсқайды. Ол Қазақстаның қазіргі ұстанымын осыдан 6 жыл бұрынғы Ресей-Грузия қақтығысы кезіндегі ұстанымына ұқсатады. Ол кезде де Астана әуелі басқа мемлекеттердің не айтатынын мұқият қадағалап отырған.

«Қазақстан қалай болғанда да сеператистік көңіл-күйді қолдай кетеді деп ойламаймын. Өйткені Украинадағы жағдай Қазақстанда да қайталануы мүмкін. Қазақстан Ресеймен де, Батыспен де жүз шайыспайтын, бейбітшілік сүйгіш ел ретінде көрінгісі келеді. Сыртқы саясатын тек президент Назарбаев анықтайды» дейді ол.

Досым Сәтпаев Ресей Украинаны Кеден Одағына кіргізуге ынталы болғанымен Қазақстан мен Беларусьтің бұл ұсынысты басынан белсенді түрде қоштамағанына назар аудартады.

Президент Назарбаев Киевтегі жаңа билік әлі орнықпағандықтан ресми пікір білдірмей отыр деп санайтындар да бар. Тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың пікірінше, «кез-келген төтенше оқиға жан-жақты белгілі болғанша соңына дейін күту – Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрыннан келе жатқан әдісі».

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев Украинада болып жатқан оқиғалар Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев. Алматы, 9 қыркүйек 2013 жыл.

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев. Алматы, 9 қыркүйек 2013 жыл.

постсоветтік елдердің барлығына қатысы бар деп ойлайды.

«Украинадағы «Майдан» оқиғасы кез-келген жерде болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан билігі «ойланып қалғанға» ұқсайды. Егер Украинадағы оқиғалардан сабақ алмаса, «Майданның» желі кеше ғана ешкім күтпеген жерден соғуы мүмкін» дейді ол.

Наурыздың 1-і күні Ресейдің Федерация кеңесі осы ел әскерін Украина аумағында жағдай реттелгенше қолдану туралы қарарды бірауыздан қабылдады.

Украина президенті қызметін атқарушы Жоғарғы рада төрағасы Александр Турчинов «Ресейдің Қырымдағы басқыншылық әрекетін» айыптап, Ресей президенті Владимир Путинді «арандатуды тоқтатып, әскерін кейін әкетуге» шақырды.

Ресейдің Қырымдағы әскери бөлімшелерін және жергілікті этникалық орыстардың құқығын қорғау әрекетін Батыстың бірқатар үкіметтері «интервенция» деп бағалады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ресейді «дереу Қырымнан кетуге» шақырды. АҚШ президенті Барак Обама Мәскеуге Украинадағы кез-келген әскери іс-әрекетінің қымбатқа түсетінін ескертті. G-8 елдері биыл Сочиде өтуі тиіс «сегіздіктің» жиынына дайындықтарын тоқтатқанын мәлімдеді.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG