Accessibility links

Шон Робертс: «Қазақстан Украина дағдарысын шешуге көмектесе алады»


Салково селосында тұрған украин әскері. Қырым, 10 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Салково селосында тұрған украин әскері. Қырым, 10 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Джордж Вашингтон университетінің халықаралық даму жөніндегі ғылыми бағдарламасы директоры Шон Робертc Азаттыққа берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты шешудегі Қазақстанның рөлі туралы пікірімен бөлісті.

Азаттық: – АҚШ президенті Барак Обама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Украинадағы дағдарысты талқылады. Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Украинада қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен реттеу үшін Назарбаевты белсенділік танытуға шақырды. АҚШ президентінің Қазақстан президентіне мұндай өтінішпен қоңырау шалуы тосын көрінеді. Бұл жайтқа қатысты Сіздің пікіріңіз қандай?

Шон Робертс: – Бір жағынан алғанда, Қазақстан президенті Ресей үшін маңызды әрі Ресеймен ара қатынасы жақсы. Екінші жағынан, Украинадағы дағдарыс қазақстандықтар мен ел басшылығын қатты алаңдатып отыр. Сондықтан қазақтар ара ағайындық рөлін орындай алады деп ойлаймын. Оның үстіне, халықаралық жанжал кезінде тараптарды татуластыру рөлін ойнау президент Назарбаевтың өзіне де ұнайды. Ол көп жыл бойы Қазақстанды діни төзімділік мәселелерін зерттеу орталығына айналдыруға тырысты. Ал мына жағдай – одан күрделілеу, бүкіл әлем жіті бақылап отырған қиын дағдарыс. Сондықтан президент Обаманың президент Назарбаевқа қоңырау шалып, Украинадағы жағдайды талқылағаны, дағдарысты шешуде конструктивті рөл атқаруға шақыруы өте дұрыс қадам болды деп есептеймін.

Азаттық: – Ресей мен АҚШ сияқты алып державалардың өзі бұл мәселенің шешімін таппай қиналып жатқанда, Қазақстанның дағдарысты реттеуге ықпалы бар деп ойлайсыз ба? Қиын әрі күрделі жағдайды реттеу рөлі шынымен Қазақстан мен оның президентіне жүктеліп отыр ма?

Шон Робертс: – Әрине, бұл дағдарысты шешуде Қазақстан ара ағайындыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин сөйлесіп отыр. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин сөйлесіп отыр. Мәскеу, 5 наурыз 2014 жыл.

жүретін жалғыз ел емес. Бірақ Қазақстан Ресей басшылығы мен президент Путинге сөзі өтетін аз елдің бірі екені даусыз. Мысалы, Ресей мен Украина ымыраға келмесе, дәл қазір олай болары күмәнді, Қазақстан болашақта президент Путиннің еуразиялық стартегиясын іске асырудағы тірегіне және Кеден одағының маңызды еліне айналады. Кеден одағын құрудағы Қазақстанның еңбегін ескерсек, оның Ресейге ықпал ететін кейбір мүмкіндіктері бар.

Ықпал ету тетігі туралы айтқанда, мен Назарбаев Ресейге тұтастай қысым жасайды деп күтпеймін, бірақ Путин мен Ресей басшылығы оның пікіріне құлақ асады деп ойлаймын.

Азаттық: – Украинадағы дағдарыстың бірінші кезеңінде Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан басшылығының үнсіз қалуы бұрынғы советтік республикалардағы кез келген өзгерісті бұл елдердің өте сақ қабылдайтынын көрсетті. Қазақстан тарапынан мұндай сақтық Грузия, Украина және Қырғызстандағы өзгерістер кезінде де байқалды. Орталық Азия елдері басшыларының реакциясы туралы не айтуға болады?

Шон Робертс: – Реакция – бұл елдер Украина билігінің ауысуын сынап немесе қастандық деп бағаламаса да, оған мән бермеуге және Орталық Азия Белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы әрекетіне наразылық білдіріп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл.

Белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы әрекетіне наразылық білдіріп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл.

азаматтары Украинадағы оқиғалардан әлдебір идеялар алмас үшін ақпаратты барынша шектеуде болса керек.

Бірақ, меніңше, Украина басшылығының ауысуына байланысты Ресейдің реакциясы Орталық Азия мемлекеттерін алаңдатуы тиіс. Бұрынғы советтік республикалар Ресейден шеттей бастаса, ол елдердегі өз мүддесін қорғау үшін көп нәрсеге әзір екенін Ресей анық байқатты. Мұндай жағдай, басшылығы ауыссын-ауыспасын, Орталық Азияның кез келген елінде болуы мүмкін.

Ресей өз ықпалын күшейту үшін қандай қадамға баруы мүмкін? 1990 жылдары Ресей мен Қазақстан ара қатынасына қауіп төндіретін мәселе ретінде Солтүстік Қазақстан облысы мен онда тұратын орыс тілді халық жайы көп талқыланды. Кейін бұл мәселе шешімін тапқандай көрініп, талқыланбайтын болды. Бірақ Қырым дағдарысы қызған тұста Ресейдің кейбір азаматтары Солтүстік Қазақстанға қатысты мәселелерді қайтадан ашық талқылай бастады.

Азаттық: – Украинадағы дағдарыстың Қазақстанға тағы қандай әсері болуы мүмкін?
Ресейдің позициясын толық қолдау саясатын ұстанатын болса, Қазақстан АҚШ пен Еуропадан қатты оқшауланып қалуы мүмкін.

Шон Робертс: – Ресейге қарсы санкциялар енгізу мәселесі Қазақстанды қатты алаңдатуы тиіс. Ресейге қатысты кез келген санкцияның әсері кейін Қазақстан мен Кеден Одағына да тиеді. Егер дағдарыс салдары Ресейдің Еуропа және АҚШ-пен қарым-қатынастарына салқынын тигізсе де, Қазақстанға оңай болмайды Егер Ресейдің позициясын толық қолдау саясатын ұстанатын болса, Қазақстан АҚШ пен Еуропадан қатты оқшауланып қалуы мүмкін.

Қазақстан өзінің көп векторлы дипломатиялық моделін құрып, оған Батысты, Ресейді және Қытайды тарту үшін соңғы 20 жылдан бері көп шаруа атқарды. Сондықтан бұл оқиға Астананың мұндай саясатты жалғастыру қабілетіне шынымен қауіп төндіріп отыр.

Азаттық: – Украинадағы жағдайдан кейін Ресейдің Қазақстанға қатысты ұстанатын саясатынан әлдебір өзгерістер күтуге бола ма?

Шон Робертс: – Аймақтағы негізгі әріптесі ретінде Ресей Қазақстанға көп арқа сүйейтін болады. Сондықтан Қазақстанға Ресейді халықаралық деңгейде қолдау жайлы қысым күшеюі мүмкін. Егер Ресей бұл дағдарыстың ақыры Украинадан айрылумен тынатынын сезсе, Қазақстанға қысымын күшейте түседі, бұрынғы қателіктерін Қазақстанда қайталамау үшін, ниеттестігінен айрылмау үшін шара қабылдайды.

Әрине, Қазақстан Мәскеуге тым тәуелді болып, тәуелсіздігін қорғау мүмкіндігі азая түсуі мүмкін деген болжам да жасауға болады.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге көп рахмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG