Accessibility links

Украинадағы Қара теңіз флотының "шамдандырар" құзыры


Қара теңіз флотының кемелері. Севастополь. 24 ақпан 2014 жыл.

Қара теңіз флотының кемелері. Севастополь. 24 ақпан 2014 жыл.

Көптеген украиндықтар Ресейдің Қырым түбегіндегі әскери флотына қарсы. Олар 18 ғасырда құрылған осы әскери базаны Мәскеу Қырымды Украинадан бөліп алуға пайдаланады деп сескенеді.

Қырым түбегінде жағдай шиеленісе бастады. Украина шенеуніктері Ресейдің Қара теңіз флоты жауынгерлері Севастопольдегі әскери әуежайды қоршауға алғанын айтады. Қырым автономиясының жаңа басшысы Сергей Аксенов "бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге Ресейден көмек сұраса, Кремль оны аяқсыз қалдырмайтындығын білдірді.

СЕПАРАТИСТІК ӘРЕКЕТ

Ресейлік әскери-теңіз флотының базасы Қырымға 18 ғасырдан бастап орныққан. Қазір украиндықтардың біразы Мәскеу Қара теңіз аумағын күшпен тартып ала ма деп қорқады. Олар Ресейдің осы аймақтағы ұзақмерзімді құзырына наразы. Соның бәріне биліктен қуылған президент Виктор Януковичті айыптайды.
Қырым автономиялық республикасы министрлер кеңесі ғимараты үстіндегі Ресей туы. 27 ақпан 2014 жыл.

Қырым автономиялық республикасы министрлер кеңесі ғимараты үстіндегі Ресей туы. 27 ақпан 2014 жыл.


Ресейдің Қара теңіз флоты 1783 жылы құрылды. Флот сол кезде Осман әскери-теңіз күштерін жеңіп, стратегиялық маңызын дәлелдеді. Солайша Ресейдің Қырым түбегіндегі ықпалын бекітті.

Екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ресей флоты әу бастағы қызметін атқарып келеді. Осы жолы ресейліктер Украинаға аймақтың өзіне тиесілі екенін әйгілемек.

Украинаның ресми тұлғалары Қара теңіз флотындағы солдаттар мен Ресей қарулы күштер Қырымдағы екі әуежайды басып алғанын айтады. Бұл жолы олар сепаратистік қақтығыс тудырып, түбекті Ресейге қайтаруды көздейтін тәрізді.

«КЕЛІСІМШАРТТЫҢ КҮШІН ЖОЮ КЕРЕК»

Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов жұма күні Ресейді арандату әрекетінен бас тартуға шақырды.

«Ресей Федерациясын Украинаның мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақ тұтастығын бұзуға арналған шараларды тоқтатуға шақырамыз. Украинадағы сепаратизмнің кез келген түрін қолдауды доғарған жөн,»-деді ол.

Постсоветтік келісім бойынша Ресей Қырымнан 2017 жылы флотын алып шығуға тиіс еді. Бірақ жақында биліктен кеткен ресейшіл президент Янкуович келісімді ұзартып, тұрғындардың ренішін туғызып алды.

2010 жылдың ақпанында ел басқаруға келген Янукович келісімшартты "іскерлік мақсатта" ұзартты. Харьков қаласында сол кездегі Ресей президенті Дмитрий Жоғарғы Раданың бұрынғы вице-спикері Адам Мартынюк (оң жақта) парламенттегі төбелесте депутат Олег Ляшконы қылқындырып жатыр. Киев. 18 мамыр 2011 жыл.

Жоғарғы Раданың бұрынғы вице-спикері Адам Мартынюк (оң жақта) парламенттегі төбелесте депутат Олег Ляшконы қылқындырып жатыр. Киев. 18 мамыр 2011 жыл.

Медведев пен Янукович қол қойған шартқа сәйкес, Украина Ресей газын 10 пайыз жеңілдікпен сатып алады. Ал Ресей әскери-теңіз флоты Севастопольде тағы 25 жыл, яғни 2042-жылға дейін қалатын болып келісілді. Бұл мәміле "Харьков келісімі" деген атпен танымал.

Бұл келісімге Украиналық оппозиционер депутаттар қатты қарсылық танытты. Парламент оны ратификация жасайтын кезде депутаттар бір-біріне жұдырық сілтеп, жұмыртқа мен түтін құтысын лақтырған болатын.

Бірақ қарсылыққа қарамастан, келісімшарт қабылданды. Сол кездегі спикер Владимир Литвин: «236 адам дауыс берді. Шешім қабылданды. Назар аударыңыздар, 236 адам дауыс берді, шешім қабылданды» деген болатын.

Басым көбі бұрынғы оппозиционерлерден құралған Украинаның жаңа парламентіндегі депутаттар «Ресей әскери агрессия танытты, 2010 жылғы келісімшарттың күшін жою керек» дейді. Радикалды партияның жетекшісі Олег Ляшко жұма күнгі парламент отырысында: «Ресейдің Қырымдағы әрекетін есепке алып, Харьков келісімін бірден бұзу керек» деп мәлімдеді.

Дейзи Синделардың мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG