Accessibility links

Украинада наразылық үшін, ал Қазақстанда веб-сайттың танымалдығы үшін шешінеді


"Фемен" феминистік ұйымының белсенділері акция өткізіп тұр. Киев.19 сәуір 2011 жыл.

"Фемен" феминистік ұйымының белсенділері акция өткізіп тұр. Киев.19 сәуір 2011 жыл.

Украинадағы «Фемен» әйелдер ұйымы әйелдердің жалаңаш төсін наразылықтың құралына айналдырды. Қазақстанда камера алдында жалаңаштану әзірше тек веб-сайттың жарнамасы үшін қолданылған.


Украиналық «Фемен» радикалдық феминистік тобы өздерінің эксцентрлік наразылық акцияларының арқасында – жартылай жалаңаш түрде бүкіл әлемге атағын шығарып үлгерді.

Шалағай көрінетін әдістеріне қарамастан, топтың өкілдері олардың аса салмақты мақсаттарды – өз елдерімен қатар, шетелдегі сексизм және авторитаризммен күресті көздейтіндерін айтады.

ЖАЛАҢАШ ТӨС – НАРАЗЫЛЫҚ РЕТІНДЕ

2008 жылы пайда болған сәтінен бері «Фемен» тобының танымалдығы арта түсті. Эпатажды сәнбике пішіміндегі жартылай жалаңаш қыздардың акцияларына мән бермеу қиын.
Иран мәдени орталығының күзетшісі орталыққа келіп наразылық танытқан әйелдің омырауын көлегейлеп жатыр. Киев. 11 қараша 2010 жыл.


Топтың басшысы Анна Гуцол Азат Еуропа/Азаттық радиосы тілшілеріне берген сұхбатында бүгінгі жағдайда жай көшеге демонстрацияға шығу жеткіліксіз дейді:

– Жағдайдан ең көп пайда өндіріп алып, көңілді ең көп аудартатындай осындай акцияларды өткізіп тұру керек. Граната лақтыруға, аштық жариялауға болады, бірдеңені жарып не біреуді атып тастауға болады. Сонымен бірге төсті жалаңаштауға да болады.

«Фемен» тобының құрылу сәтінен бастап, топ мүшелері «патриархалды постсоветтік Украина» деп атайтын қоғамда әйелдерді дискриминациялауға қарсы наразылық таныту мақсатында қыздар дәл осыны істей бастады.

Бірте-бірте топтың назары Украинаның ішкі мәселелерінен, мысалға, жезөкшелердің қызметін пайдаланатын клиенттерге қарсы заңнаманы күшейтуден, халықаралық әйелдер құқықтарын қорғауға ауыса бастады.

Соңғы акциялардың бірі – Сауд Арабиясының әйелдеріне деген тілектестік ниеттерін білдіру үшін ұйымдастырылған маусымдағы наразылық кортежі, олар әйелдердің автокөлік айдауларына тыйым салуға қарсы наразылық акциясына шықты. «Фемен» тобының қыздары – әдеттегідей, топлесс, бірақ хиджабта – «Әйелдерге – көлік, еркектерге – түйе!» ұранымен Киевтегі Сауд Арабиясы елшілігінің алдынан өтті.
"Фемен" ұйымының өкілі Сауд Арабиясы елшілігінің алдындағы акцияда. Киев. 16 маусым 2011 жыл.


Топтың құрамына 300 белсенді енеді, Интернетте оның 25 мың жақтаушысы бар және олар жейде сату мен кездейсоқ жәрдемдер есебінен қаржыландырылады. «Фемен» Украина мен одан тыс жерлерде белсенділердің азаматтық топтарына жанжалды үлгі болды.

«Фемен» ұйымы өзінің басты мақсттарының біріне – Украинаның жоғарғы радасындағы әйелдердің үлес салмағын сегіз пайызға дейін көбейтуге қол жеткізе қоймағанына қарамастан, оның басшысы Анна Гуцол қоғам жалпы біртіндеп түсіне бастады деп сенеді: әйелдерге қатысты мәселе еркектер билік жүргізетін қоғамда шешімін табуы тиіс.

– Адамдардың бізді мәселеге барынша назар аударта алатын қысым көрсетуші салмақты топ деп қабылдағаны - жақсылықтың нышаны. Біз әйел кейіпіндегі Робин Гудсымақтармыз, бұл да жақсы. Тек өкініштісі, барлық жерге бара беретіндей күш-қауқарымыз да, мүмкіндігіміз де жоқ, – дейді Анна Гуцол.

ҚОРҚЫТЫП-ҮРКІТУ МЕН ҚЫСЫМ

«Фемен» тобының басшысының пікірінше, Украина қоғамындағы радикализм президент Виктор Януковичтің билікке келген сәтінен бастау алған авторитаризмнің оралуына деген реакциядан туындап отыр.

– Виктор Януковичтің биліккке келуіне дейін біз еркін қоғамда өмір сүру мен қарсылық көрсетуге дағдыланып алғанбыз. Ал шектеулер пайда болғанда, біз таңырқап қалдық, бірақ күресті жалғастыра бердік, – дейді Анна Гуцол.

Топтың көптеген мүшелері күш көрсету органдары тарапынан жасалған қысым мен қорқытып-үркітулерге шағымданады.
"Фемен" ұйымының өкілі Беларусь елшілігінің алдындағы акцияда. Киев. 14 желтоқсна 2010 жыл.


Инна Шевченко Азаттық радиосы тілшілеріне, Николай Азаров бастаған үкіметке қарсы наразылық акциясына қатысқаннан кейін, оны Киев қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіндегі жұмысынан босатқанын айтып берді.

Қозғалыстың белсенділері полицейлер оларға есірткі әкеп тастаймыз деп қорқытып, топқа қатысқандары үшін студенттерді оқудан шығарамыз деп үркіткендерін мәлімдейді.

Алайда, топ өкілдері, ештеңеге қарамастан, біраз жетістіктерге – соның ішінде, 2012 жылдың футбол бойынша Еуропа чемпионатының өту қарсаңында жезөкшелік жайлы заңнаманы күшейтуге қол жеткізе алдық дейді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛАҢАШТАНУ ОҚИҒАСЫ

Атышулы жалаңаштану мысалдары Қазақстанда да табылады, алайда бұл акциялар біршама өзгеше.

«Свобода слова» газетінің бұрынғы бас редакторы, қазірде guljan.org сайтының ұйымдастырушысы әрі бас редакторы, танымал журналист Гүлжан Ерғалиева сайтын таныстыруға арналған пиар-кампания барысында виртуалды кеңістікте шешініп үлгерді.

«Әрекетке көшу керек. Ғаламторға кеттік, қалтқысыз еркін, барынша етене әрі толықтай ашық боламыз. Барлық кедергіден аттап өтеміз де шындыққа тура қараймыз. Үлде мен бүлдеге оранған өтіріктен жалаңаш шындық артық», – дейді Гүлжан Ерғалиева жалаңаштанып түскен ролигінде.

Қазақстан үшін жат бұл акцияға деген оқырмандардың реакциясы әртүрлі болып шықты. Міне, Азаттық радиосының веб-сайтындағы Гүлжан Ерғалиеваның онлайн-конференциясы барысында алынған кейбір пікірлер:

– Сіз 60-қа келіп қалдыңыз, біздің бәріміздің алдымызда шешінуге қалайша дәтіңіз барды? Біздің балаларымызға қандай үлгі беріп отырсыз?

– Сіздің бұл стриптиз элементтері қосылған пиар-қадамыңыздың Қазақстанның мұсылман көпшілігінің жағымсыз реакциясын тудырмай қоймайтынын жап-жақсы біле отырып, бәрібір де жанжалды роликті жасауға бел будыңыз.

– Егер сіз «Назарбаев, кет!» үндеуінің тұсында стриптиздің орнына пәрәнжа немесе ниқаб киіп тұрсаңыз, қоғамдық резонанс анағұрлым ауқымды болар еді. Біздің ел сондай – стриптиз бен маскүнемдік
Журналист Гүлжан Ерғалиева. Сурет guljan.org сайтындағы жарнамалық роликтен алынған.

хиджабтар мен намазханаға қарағанда, қалыпты тірлік болып табылады.

Гүлжан Ерғалиева жауабында пәрәнжаның өз стиліне жатпайтынын, пиардың пиар екенін, күйеуі де бұл қадамды мақұлдағанын және ашуланбағанын жазды. Бұл сөздер Азаттық радиосында оның онлайн-конференциясы уақытында айтылды.

2011 жылдың ақпанында «Комсомольская правда» газеті тағы бір пиар-жалаңаштану оқиғасы туралы жазды – «All Давай» танымал ән тобының мүшелері өздерінің табынушыларына егер Қазақстан «Азиада-2011» олимпиадасында медаль саны бойынша озып шықса, Алматыны жалаңаш күйде аралап шығуға сөз берді. Қазақстан құрамасы Азиаданы ең көп алтын медальмен аяқтады. Ал «All Давайлықтардың» жұрт алдында берген сөздерінде тұрған, тұрмағандары белгісіз. Бұл пиар-мәлімдеменің интернеттегі іздері табылмады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG