Accessibility links

Алматы метросының ашылғанына екі апта болды


Алматы метросының «Абай» бекетіндегі көрініс.

Алматы метросының «Абай» бекетіндегі көрініс.

Желтоқсанның 1-інде іске қосылған Алматы метросы - Совет одағынан тәуелсіздік алған 20 жылдан бері Орталық Азия елдерінде алғаш ашылған метрополитен. Жолаушылар бұл көліктің аса қолайлы болғанын, бірақ кейбір елеусіз міндері де барын айтады.


Алматы көшелерінде күнделікті қарбалас жұмысқа не үйге асыққан жүргінші көбейген кезде метрополитен кассасының алдында жұрт жиналып, үлкен кезекке айналады.

ОРЫНДЫҚ ЖОҚ, КЕЗЕК КӨП

– Кезекте ұзақ тұрудың қиындығын сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Рас, метро үйден университетке, университеттен үйге қайтуым үшін өте ыңғайлы. Бірақ адамдар жұмысқа барар және қайтар кезде касса алдындағы кезекте ұзақ тұрып қаламыз. Поезд сирек жүреді. Оның үстіне әр турникеттің жанында полицейдің тұратыны да адамның жүйкесіне Метро кассасы алдындағы кезек. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

Метро кассасы алдындағы кезек. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

тиеді. Қайтадан бұрынғыдай автобуспен жүрсем бе екен деп ойлап жүрмін. Бірақ мұнда үлкен кезек болмаса, метромен жүру сондай ыңғайлы, – дейді Алматы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын бірінші курс студенті Ирина.

Қаладағы компаниялардың бірінде бас директордың кеңесшісі болып қызмет атқаратын Валентина Коровина жұмысқа басқа көлікпен баратынын айтады. Бірақ оған компанияның тапсырмасымен жүрген кезде, әсіресе адам көп уақытқа тап келмесе, метро қолайлы екен. Валентина да поездардың сирек жүретінін, орындықтардың жоқтығын айтып шағымданды.

Жолаушылардың бірі, егде әйел Азаттық тілшілерін көріп, сөйлесуге өзі ниет танытты. Суретке түсуден, аты-жөнін айтудан бас тартқанымен, метроға қатысты ескертулерін санап шықты.

– Бірінші ескерту – кезекте ұзақ тұрып қаламыз. Екіншіден, метроның іші суық. Қазір сыртта 8 градусты көрсетіп тұрғанның өзінде мұнда салқын. Ал аяз басталғанда жұрт сөзсіз тоңады. Үшіншіден, поездар сирек жүреді. Төртіншіден, отыратын орындық жоқ. Мен, мәселен, ұзақ уақыт тікемнен тік тұра алмаймын. Бесіншіден, тайғақ. Қар еріп, жаңбыр жауса одан әрі тайғақ болары даусыз. Алтыншыдан, вагондардың ішінде поезд бағыттарының кестесі жоқ. Бағыт көрсеткіші станцияларда ілінген. Бірақ, оның жоғары ілінгені сонша, шалқайып қарауға тура келеді. Жаңа ғана менімен бірге екі шетелдік келді. Метро платформасында поез күтіп тұрған жолаушылар. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

Метро платформасында поез күтіп тұрған жолаушылар. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

Бағыт-бағдарды әзер ажыратты. Мәскеу метросында поездың бағыты әр вагонда ілінген.

Осы екі арада біз «Байқоңыр» станциясында екі жасөспірімнің еш алаңсыз темір қоршаудың үстіне шығып, жайғасып отырып алғанын көрдік. Ал жаңағы егде жастағы жолаушы еденде жатқан пластикалық ыдысты көрсетіп: «Міне, мынау – жетінші кемшілік» деді. Осы көріністі суретке түсіре бастағанымызды байқаған метрополитеннің бір қызметкері әлгі бос бөтелкені алды да, бізге қарап: «Негізі, бұл менің жұмысым емес, еден жуушының жұмысы» деді.

«САНАСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР»

Түс ауа, Алматы көшелерінде көлік саябырсаған кезде «Алмалы» станциясына келдік. Метроға кірер жердегі шатырды тіреп тұрған темірге әлденені бұрап жатқан ер адамды көзіміз шалды.

Ол: «Не істеп жатырсыз?» деген сұрағымызға: «Кіре берістегі «Алмалы» метро бекетіне кіре берісте жұмыс істеп жатқан ер адам. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

«Алмалы» метро бекетіне кіре берісте жұмыс істеп жатқан ер адам. Алматы, 12 желтоқсан 2011 ж.

жақтауларға әйнек орнатып жатырмын» деп жауап берді. Ол жақтауларға шынының орнына полиэтилен ілінгенінен мұнда әлі бірталай жұмыстың аяқталмағаны аңғарылады. Ал Алматы метрополитені желтоқсанның 1-і күні президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған еді.

Станция ішіндегі жұмыс сәтін суретке түсірмек едік, метроның бір қызметкері рұқсат етпеді.

– Бұл - стратегиялық нысан. Суретке түсіруге тыйым салынған. Бұл туралы, міне, мына нұсқауда жазылған, – деп, нұсқауды әкеліп көрсетті.

Оның жанында тұрған өзге қызметкерлер: «Метроның ішінде жұрт көздеріне көрінгенін суретке түсіріп жатыр ғой?» деп еді, әлгі қызметкер: Жолаушылар метро турникеті арқылы өтіп жатыр. Алматы, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Жолаушылар метро турникеті арқылы өтіп жатыр. Алматы, 12 желтоқсан 2011 жыл.

«Егер ұялы телефонмен суретке түсірсе, онда сөз жоқ. Бірақ бұл кісілердің қолында кәсіби фотоаппарат тұр емес пе?» деп қарсылық білдірді.

Ол көрсеткен нұсқауда суретке мүлде түсірмеу жайлы немесе фотоаппаратқа қатысты сөз болмағандықтан, ол қолын бір сілтеп, суретке түсіруге рұқсат берді.

«Алмалы» бекетінде жолаушылар сирек екен. Кассадағы кассир де орнында болмады. Біз жол жүру үшін жетон алатынымызды айтқан кезде кассир де жүгіріп жетті.

Оның айтуынша, бұл кезде жолаушылар аз болады. Бірақ таңертең және кешкі уақытта касса алдында кезек көп. Біз өзіміз естіген ақпаратты – кейбір адамдар жол жүру жетонын көптеп сатып алып, оны метроның кіре берісінде артық баға қосып сататыны туралы сұрадық.

– Бастапқы кезде ондай болғаны рас, бірақ қазір жағдай ондай «Алмалы» метро бекетінің кассирі. Алматы, 12 желтоқсан 2011 жыл.

«Алмалы» метро бекетінің кассирі. Алматы, 12 желтоқсан 2011 жыл.

емес. Оның үстіне бір адамға он жетоннан артық сатпау туралы қатаң нұсқау бар, – деді кассир.

«Абай» станциясында кезекшілікте тұрған полиция қызметкерлері әзірге қандай да бір оқыс, бұзақылық оқиғаның болмағанын айтты. Егер ондай жағдай болып жатса, полиция бұзақыны ұстап, метродан сыртқа шығарып жібереді. Әрі қарай олардың шаруасы емес.

Алматы метрополитенінің аты-жөнін айтудан бас тартқан әйел қызметкері "жолаушылардың мәдениетсіздігіне ренжитінін" айтты.

– Жолаушылардың арасында метро мүлкіне зиян келтіретіндер де бар. Кез-келген жерге жазу жазып, тіпті оттықпен күйдіріп те тастаған. Әзір біз ешкімді ұстай алған жоқпыз. Метро платформасының жиегіне жақын келіп, суретке түсуді ұнататын жастар бар. Біз оларға да алаңдаймыз. Сағыз қалдықтары да Алматы метросының қызметкері, 12 желтоқсан 2011 жыл.

Алматы метросының қызметкері, 12 желтоқсан 2011 жыл.

табылады.

Кейбір жолаушылар қоқыс салатын жәшіктер қою туралы ұсыныс айтып жатыр. Бірақ меніңше, егер біз қоқыс үшін жәшік қоятын болсақ, адамдар оған қоқыс қана салып қоймайды, түкіреді, – дейді ол.

Оның пікірінше, метрополитен қала тұрғындарының мәдени деңгейінің артуына ықпал етуі тиіс.

«Бірақ кейбір санасыз адамдар мұндай әдеміліктің әрін кетіре ме деп қорқамын» дейді метро қызметкері.

Алматы метросының алғашқы жолаушылары туралы видеоны көріңіз:

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG