Accessibility links

Ақылы оқудан грантқа ауысудың амалдары


Студент Айжан Кәрібаева. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Студент Айжан Кәрібаева. (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында ақылы бөлімнен грантқа ауысудың бірнеше жолы бар. Университет мамандары «студенттер тегін білім алғысы келсе, оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді болу керек» дейді.

ҮЗДІК ОҚУ

Айжан Кәрібаева – Қазақ ұлттық университетінің төртінші курс студенті. Ол 2009 жылы жоғары оқу орнына тапсырған кезде бір ұпайы жетпей, ақылы бөлімге қабылданыпты.

Тегін оқуға түсе алмағаннан кейін, Айжан грантқа ауысу жолын іздестіріп, оқу жылының басында өтініш жазып, грантқа ауыстыруын сұраған.

– Деканатқа менен басқа жүздеген студент өтініш жазыпты. Бір жарым жыл бойы барлығымыздың оқу-үлгерімімізді, белсенділігімізді бақылады. Бұдан бөлек ректораттан қосымша грант бөлінуін күттік. Кейін өтініш жазған студенттердің оқу үлгерімін министрлік қарап, грантты үкімет бөлді, – деді студент.

Айжан Кәрібаева оқу үлгерімі жақсы болған соң екінші курстың екінші семестрінде Cтудент Бекзада Үкітаева (Сурет жеке мұрағаттан алынды)

Cтудент Бекзада Үкітаева (Сурет жеке мұрағаттан алынды)

грантқа ауысқан.

Бекзада Үкітаева да – белсенділігінің арқасында ақылы бөлімнен грантқа ауысқан студенттердің бірі. Қазір төртінші курста оқитын ол соңғы екі жылдағы оқуы тегін болғанын айтады.

– Алғашқы екі курстағы оқуым үшін жеті жүз мың теңге төледім. Сабағым кілең бес болғандықтан университет басшылығы тегін оқу бөліміне ауыстырды. Маған министрлік бөлген қосымша грант бұйырды, – дейді ол.

"БЕЛСЕНДІ, СПОРТШЫ ЖӘНЕ ӨНЕРПАЗ СТУДЕНТ"

Биыл Қазақ ұлттық университетінде 45 студент мемлекеттік грантқа ауысқан. Осы университеттің студенттермен жұмыс бөлімінің бастығы Гүлмира Дюсупова Азаттыққа берген сұхбатында кей студенттер шетелге оқуға ауысып, кейбірі оқудан түрлі себептерге қатысты шығып қалатынын айтты.

– Міне, солардың босаған орнына ақылы бөлімдегі студенттерді қабылдаймыз. Бұған қоса түрлі қорлар мен ректордың грантына да конкурстар жүргізіледі. Қорлар Әл-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университетінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

Әл-Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университетінің ғимараты. (Көрнекі сурет)

мен ректордың грантын алса, стипендия төленбейді. Жалпы, студент грантқа ауысамын десе, оқуы да озат болуы тиіс. Одан кейін университеттің қоғамдық өміріне қызу араласуы керек. Спортта, өнерде республикалық жарыстарда жеңіске жетсе, оларға да грант қарастырамыз, – деді Гүлмира Дюсупова.

Университет маманының айтуынша, студент ірі жетістікке жетсе, бірден басшылықты хабардар етуі керек.

– Біз ол студенттің еңбегін бағалап, жеңілдіктер жасаймыз. Министрліктен грант ала алмаған жағдайда демеушілер іздейміз, – деді ол.

АУЫСПАЛЫ ГРАНТ

Алматыдағы халықаралық бизнес академиясының екінші курс студенті Айдын Әбдірахманов та биылғы оқуына ақша төлемеген екен.
Егер биыл менің білімім төмен болса, бұл грант басқа балаға көшуі мүмкін.

– Мұнай ісі мамандығында оқығандықтан жылына үш мың доллар төлейтінмін. Биыл екінші курста университет басшылығы маған ауыспалы грант табыстады. Яғни біздің университетте грант біреудің меншігінде болмайды. Ауыспалы түрде жүреді. Былтыр менің курстастарымның бірі грантта оқыған. Биыл ол оқу үлгерімі төмен болғандықтан ақылы бөлімге түсіп қалды да, мен оның орнына грантқа ауыстым. Егер биыл менің білімім төмен болса, бұл грант басқа балаға көшуі мүмкін, – дейді ол.

Айдын Әбдірахманов тамыз айында Грекияда өткен халықаралық студенттердің ғылыми конкурсында жеңіске жеткен соң бірден тегін оқуға ауыстырылған екен.

Осы университеттің оқу ісі жөніндегі бөлімінің маманы Жанар Қайратқызы жекеменшік оқу орны болғандықтан грантты кімге беріп, кімді ақылы бөлімге ауыстыруды өздері шешетінін айтты.

– Сондықтан бізде грантқа нағыз лайық студенттер оқиды. Жыл соңында барлық студенттердің оқу-үлгерімін және жетістіктерін қарастырамыз. Нашар оқыған студенттер бірден ақылы бөлімге ауыстырылады. Бұл – жекеменшік университеттердің көбінде қолданылатын әдіс, – дейді ол.

Биыл Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 31 мың 210 білім беру грантын (күндізгі оқыту нысаны бойынша – 30 мың 710 білім беру гранты, сырттай оқыту нысаны бойынша – 500 грант) тағайындаған.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG