Accessibility links

Студенттерге күтпеген каникул берілді


АҚШ президентіне кандидаттардың дебаты қалай өтететінін тамашап отырған студенттер. Астана, 29 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ президентіне кандидаттардың дебаты қалай өтететінін тамашап отырған студенттер. Астана, 29 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері 10-17 желтоқсан аралығында демалысқа шығады. Ал кейбір оқу орындарында сессия 16 желтоқсанға дейін-ақ аяқталады.

Университет өкілдері студенттерге бір апталық демалысты тәуелсіздік күні құрметіне бергенін айтады. Енді бір оқу орыны сессияның ерте аяқталуын «ғимаратты жөндейміз» деп түсіндірген. Мамандар маңғыстаулық студенттерді не үшін тізімдеп жатқанын да айтты.

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН БІР АПТАЛЫҚ ДЕМАЛЫС»

Қазақ ұлттық университетінің 4-курс студенті Әйгерім Асылова қазір сессияның алдында болатын сынаққа – аралық бақылауға дайындалып жүр. Оған деканаттағы қызметкерлер биылғы аралық бақылау уақытынан бұрын болатынын айтқан.

– Студенттер аралық бақылауды сессия алдында, яғни 10-15 желтоқсанда тапсыруы керек болатын. Бірақ бізге биылғы аралық бақылау 5-9 желтоқсанда болатынын айтты. Енді қазір соған қызу дайындалып жатырмыз. Ал 10-17 желтоқсанда бір апта демаламыз, – деді студент.

Оның айтуынша, деканат «бұл демалыс тәуелсіздік күні мен желтоқсан оқиғасын мерекелеумен байланысты» деп түсіндіріпті.

Ал осы университеттің бірінші курс студенті Қанатбек Саятов тосыннан берілген ҚазҰУ ғимараты. Алматы, 5 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

ҚазҰУ ғимараты. Алматы, 5 қазан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

демалысқа қуанып, 10 желтоқсанға Шымкенттегі ауылына бару үшін пойызға билет алып қойыпты.

– Естуімше, бұл демалыс бүкіл университеттерде болады. Меніңше, мереке кезінде студенттер көтеріліске шығып кете ме деп қорқып жатқан сияқты, – дейді студент.

Қазақ ұлттық университетінің студенттері 10-17 желтоқсан аралағында демалатынын осы оқу орны өкілі де растады.

– Аралық бақылау 5-9 желтоқсанда болады. Одан кейін бір апта демалыс. Ал сессия 18 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін жалғасады. Демалыс тәуелсіздік күніне орай жасалып отыр, – деді университет оқу бөлімінің аты-жөнін айтуды қаламаған маманы.

Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенттері де 10-17 желтоқсан аралығында бір апталық демалысқа шығатындарын айтады.

– Басшылық «тәуелсіздік күніне байланысты бір апталық демалыс береміз» деді. Сол үшін қазір сессия алдындағы бағаларымызды реттеп жүгіріп жүрміз, – дейді академия студенті Қамбар Қайырсұлтан.

«16 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН СЕССИЯМЫЗ АЯҚТАЛАДЫ»

Ал Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ) мен Абай атындағы педогикалық университет (ҚазҰПУ) студенттері сессияны 16 желтоқсанға дейін аяқтауды ойлап жүр.

– Сессиямыз 16 желтоқсанда бітеді деп жатыр. Одан кейін сабақ 8 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ бас корпусы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Абай атындағы ҚазҰПУ бас корпусы. Алматы, 1 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

басталады. Университет басшылығы 16 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін оқу ғимараттарын жөндейміз деп жатыр. Тәуелсіздік күнін ауылда өткіземін, – дейді Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенті Бағдат Баймен.

ҚазҰПУ студенттері де 16 желтоқсанға дейін сессияларын жауып, ауылдарына қайтатынын айтады.

– Біздің университетте сессия мерекеге дейін аяқталып қояды. Деканат солай деді. Қазір сессияға дайындалып жатырмыз. Сессияның уақыты президент күнінен (1 желтоқсан) кейін белгілі болады. Негізі бұған дейін сессияның барлығы 29 желтоқсанда аяқталатын. Биыл бірінші рет ерте тапсырамыз, – деді осы оқу орнының студенті Гүлім Дәулетова.

«МАҢҒЫСТАУДАНСЫҢ БА?»

Қазақ ұлттық университетінің жатақханасында тұратын маңғыстаулық студент Айгүл студенттік кеңес өкілдері келіп, өз есімін жазып алғанын айтады.

– Бөлмемде отырғанымда студенттер кеңесінің өкілдері келіп, «Маңғыстаудансың ба?» деп сұрап, атымды жазып алды. Не үшін маңғыстаулық екенімізді сұрады – ол жағы маған нақты белгісіз. Бірақ кейін естуімше, жатақханада тұратын маңғыстаулық студенттерді тізімге алып жатқанға ұқсайды, – дейді студент.

Университет мамандары студенттерді тізімдеп жатқанын растады.

– Жақында Қазақ ұлттық университетіне Маңғыстау облысы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі келіп, жақсы оқитын студенттерге арнайы стипендия тағайындайды. Кейбірін грантқа ауыстырады. Сол үшін әр облыстың студенттерін тізімге алып, жұмыс жасап жатырмыз, – деді университет өкілі (есімін айтпауды өтінді).

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG