Accessibility links

Өзбек босқыны Алматыдағы БҰҰ-ның өкілдігі алдында аштық жариялап жатыр


Отобек Абдуалиев, өзбек босқыны. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл

Отобек Абдуалиев, өзбек босқыны. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл

Өзбек босқыны Отобек Абдуалиев БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасынан Қазақстан арқылы үшінші бір елге кете алмауының себебін түсіндіріп беруін талап етіп отыр.


Қолында «Босқындар да адам», «БҰҰ-на наразымын – құқығым бұзылып жатыр» деген жазуы бар плакат ұстаған өзбек босқыны Отобек Абдуалиевтің Алматыдағы БҰҰ-ы ғимаратының алдында аштық жариялап жатқанына бесінші күн. Мұндай наразылық шарасына амалсыздан барып отырғанын айтқан ол Азаттық тілшісіне оның себебін былайша түсіндіреді:

- Үшінші елге кетуге қатысты арызымды Канада елшілігі өткен жылдың маусым айында қабылдап алған болатын. Олар үш немесе алты ай күту қажеттігін айтып, 9 айдан кейін көшіріп әкететінін айтқан еді. Қазір сегіз ай өтті. Осы іске жауапты БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссиариат басқармасы бұған қатысты ешқандай жауап бермей отыр. Мұнымен қоймай, ондағы бір қызметкер мені мазақтап, орысша білмейтінімді бетіме басып, кемсітеді. Мен осы нәрселерге наразымын. Мен БҰҰ-нан мән-жайды түсіндіруді талап етем.
Мұнымен қоймай, ондағы БҰҰ өкілдігінің бір қызметкері мені мазақтап, орысша білмейтінімді бетіме басып, кемсітеді.

Шағымданушының айтуынша, 2010 жылы Мәскеудегі Канада елшілігінің өкілі Алматыға келіп, мұндағы біраз босқындармен арнайы әңгімелескен екен. «Сол кезде өтінішіңізге 3-6 ай ішінде жауап беріп, 9 айдың ішінде көшіріп әкетеміз деген еді. Міне, қазір 6 емес, 8 ай өтті. Бірде-бір тұшымды жауап естігем жоқ» дейді босқын.

Өзбекстанда діни себептермен қуғынға ұшыраған 20 жастағы Отобек Абдуалиев өзінің айтуынша, Қазақстанға 2009 жылы келген екен. Сол жылдың күзінде БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссары басқармасының босқын мәртебесіне ие болады. Бірақ Қазақстанда да құқық қорғау органдары оған «тыныштық бермегенге» ұқсайды. 2009 жылдан бері бірнеше мәрте ұсталып, қайта босатылған ол жергілікті полицияның негізсіз тексерулерінен шаршағанын да айтады.

- Құқық қорғау органдары құжаттарымыз дұрыс болса да жиі тексере береді. Мысалы, өткен жылы жазда ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстап, бізге қатты психологиялық қысым жасады. Соның салдарынан жүрек дертіне шалдықтым. Бұл жағдайлар әйеліме де әсер етсе керек. Ол ауруханада жатқан кезде түсік тастады. Біз мұны тек бір айдан кейін ғана білдік, - дейді Отобек Абдуалиев.

Осы мәселеге байланысты БҰҰ-ның арнайы басқармасына хабарласқанмен «жиын өтіп жатыр, кейін телефон соғыңыз» деген жауап естідік.
Бірақ қазіргі уақытта оған «рұқсат бермей жатыр», «бас тартып жатыр» деген ақпарат жоқ.

Отобек Абдуалиев өткен жазда «Мигрант» операциясы барысында Алматыда ұсталған елу Өзбекстан азаматының бірі. Осыған дейін Қазақстан оған босқын мәртебесін беруден бас тартқан еді. Абдулиевтер отбасының құқығын қорғап жүрген Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Гүлмира Қуатбекованың айтуынша, оларды Канадаға көшіру мәселесі қазіргі таңда қаралып жатқан болуы керек.

- Әрине, мен басқарма үшін жауап бере алмаймын. Біздің бюро босқындарға құқықтық жағынан көмектеседі. Бірақ қазіргі уақытта оған «рұқсат бермей жатыр», «бас тартып жатыр» деген ақпарат жоқ. Білуімше, үшінші елге көшкісі келетін көптеген адамдар оны қабылдайтын елден жауап күтеді. Сондықтан басқарма да «оларды көшіреміз» деп уәде бере алмайды, - деді Гүлмира Қуатбекова.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG