Accessibility links

Қазақ әскері мен техникасы өзбек жерінен өте алмады


Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өткен «Бейбіт миссия – 2012» бірлескен әскери жаттығуы. Тәжікстан, 10 маусым 2012 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өткен «Бейбіт миссия – 2012» бірлескен әскери жаттығуы. Тәжікстан, 10 маусым 2012 жыл.

Өзбекстан Тәжікстанда өткен жаттығуға бара жатқан Қазақстанның әскері мен техникасын өз жерінен өткізбеген. Бұл туралы бүгін журналистерге Душанбедегі қазақ елшілігінің өкілі Серік Жұмаділов хабарлады.

Бейсенбіде Тәжікстанның Соғд облысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында өткен «Бейбіт миссия – 2012» бірлескен әскери жаттығуы аяқталды.

Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің әскери атташесі Серік Жұмаділовтің мәліметінше, осы жаттығуларға қатысуы тиіс болған Қазақстанның әскери техникасы мен арнайы құрамы Өзбекстан жерінен өте алмай, Қырғызстан территориясы арқылы жеткізілген.

Азаттық радиосы мұның себебін анықтау үшін Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметіне телефон арқылы хабарласты. Өзін сол жердегі қызметкермін деп таныстырған азамат сұрақты Өзбекстан сыртқы істер министрлігі арқылы жолдауды сұрады. Ал министрлікпен байланыса алмадық.

АНТИТЕРРОРЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Соғд облысындағы «Бейбіт миссия – 2012» біріккен антитеррорлық жаттығуына ШЫҰ-ға мүше елдердің қарулы күштерінің екі мыңнан астам өкілі, 50 әскери ұшағы, 300 әскери көлігі және түрлі қару-жарақтары жұмылдырылды.

Әскери жаттығуларды Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Дмитрий Булгаков, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өткен «Бейбіт миссия – 2012» бірлескен әскери жаттығуы. Тәжікстан, 10 маусым 2012 жыл.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өткен «Бейбіт миссия – 2012» бірлескен әскери жаттығуы. Тәжікстан, 10 маусым 2012 жыл.

Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Тәжікстан қорғаныс министрі Шерали Хайруллоев, Қырғызстан қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев және Қытай армиясы бас штабы бастығының орынбасары Ма Сяотянь бақылады.

2001 жылы 15 маусымда құрылған ШЫҰ-ға Ресей, Қазақстан, Қытай Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мүше. Моңғолия, Үндістан, Иран және Пәкістан ұйымға бақылаушы ретінде тіркелген. Беларусь пен Шри-Ланка ШЫҰ-ның әріптестері деп сипатталады.

Өзбекстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болса да, Тәжікстанның «Чорух-Дайрон» полигонында биыл 8-14 маусым аралығында өткен жаттығуларға қатысудан бас тартты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG