Accessibility links

Жаңа вакцинаны салғызғандар әлі аз


Дәрігер балаға вакцина салып жатыр. (Көрнекі сурет)

Дәрігер балаға вакцина салып жатыр. (Көрнекі сурет)

Қазанның 1-інен бастап Қазақстанда жасөспірім қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина ерікті түрде салына бастады. Бұл вирус әйел адамдарды көбінесе жатыр мойыны қатерлі ісігі дертіне душар етеді.

Қарағанды облысының тұрғыны Айгүл анасының бірнеше жыл бұрын, 47 жасында жатыр мойыны ісігінен қайтыс болғанын айтады.

– Ауылда жағдайды өздеріңіз білесіздер, дәрігерге тек өлейін дегенде ғана барамыз. Анам да әбден бүктеліп қалғанда гинекологқа барды. «Жатыр мойнының ісігі» деді – операция жасаттық, бәрібір көмектескен жоқ. Жарты жылға жетпей анамыздан айырылып қалдық, – деді Айгүл.

Айгүл қазір өзі жылына бір рет дәрігерге қаралып тұруға тырысатынын, қызы болғанда вакцинаны міндетті түрде жасататынын айтады.

Ал Алматы облысының тұрғыны Майра керісінше вакцина салдыруға асықпайды.

– Қызымның денсаулығы – мен үшін маңызды. Сондықтан әзірге вакцинаның сапасы мен нәтижесіне нақты көзім жетпей вакцина жасатпаймын, – деді ол.

«ВАКЦИНАНЫ САЛҒЫЗҒАН ЖӨН»

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дерегінше, Қазақстанда дені адам папилломасы вирусы (Human papilloma virus – HPV) кесірінен жатыр мойыны қатерлі ісігі дертіне шалдыққан 10 мыңдай әйел бар. Елде жылына жаңадан мың жарымдай әйел осы дертке ұшырайды. Қазақстанда жылына 600-ден астам адам осы аурудан көз жұмады.
Жатыр мойыны қатерлі ісігі – Қазақстандағы әйелдер арасында, омырау безі қатерлі ісігінен кейінгі, көп адамның ажалына себеп болатын онкологиялық аурулардың бірі.

Жатыр мойыны қатерлі ісігі – Қазақстандағы әйелдер арасында, омырау безі қатерлі ісігінен кейінгі, көп адамның ажалына себеп болатын онкологиялық аурулардың бірі.

Елдегі онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайту мақсатында 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Бағдарлама негізінде 2013 жылдың қазан айынан бастап елдегі 11-12 жас аралығындағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы тегін вакцина салу көзделген.

– Вакцина – тегін. Міндетті емес, әр ата-ананың қалауымен жасалады. Біздің емханаға қарасты 14 мектептің 320 оқушысына вакцина жасауымыз керек. Бірақ қазір алдымен тұмауға қарсы вакцинаны жасауымыз керек – уақыты келді. Содан кейін ғана жатыр мойны ісігіне қатысты вакцинаны жасаймыз, – деді Алматы қаласының №3 балалар емханасының бас дәрігері Рая Жексекова Азаттыққа.

Оның сөзінше, вакцинаға қатысты ақпараттық-таныстыру шаралары мамыр айынан бері жүріп жатыр.

– Қыркүйек басталғалы бері мектептерге барып, ата-аналармен кездесу жасап жатырмыз. Сұрақтары мен түсінбейтін нәрселерді сұрайды. Әзірге «вакцина Үзіліс кезінде мектеп ауласында ойнап жүрген оқушылар. Алматы, 22 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Үзіліс кезінде мектеп ауласында ойнап жүрген оқушылар. Алматы, 22 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

жасатамын» деп келгендер жоқ, бірақ үзілді-кесілді қарсы болып жатқандар да жоқ. Көпшілік қорқатындай бұл вакцинаның ешқандай теріс әсері жоқ, – деді медицина саласында 30 жыл қызмет етіп келе жатқан Рая Жексекова.

Алматы қаласындағы №7 балалар емханасының иммунолог-дәрігері Айтолқын Жаңабаева «бұйрық бойынша тек 11-12 жастағы, яғни 2001-2002 жылдары туған қыз балаларға вакцина салатындарын» айтады.

– Одан үлкен не одан кішілерге жасамаймыз. Негізі, вакцинаны алғашқы жыныстық қатынас жасағанға дейін салу керек деп көрсетілген. Ал жасы үлкен қыз-келіншектер болса, олар тек өз гинекологтарының жолдамасымен ектіре алады, – деді иммунолог-дәрігер Азаттыққа.

Биыл 11-12 жастағы қыз балаларға вакцина үш мәрте (қазан, қараша және келесі жылдың наурызында) салынады. Маман вакцинаның нәтижесін оншақты жылдан кейін ғана анықтауға мүмкіндік бар екенін айтады. Айтолқын Жаңабаеваның сөзінше, «адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаны ер балалаларға да салу туралы сөз болған, алайда оларға әлі вакцина жоқ».

HPV – ҚАУІПТІ ВИРУС

«Аман-саулық» қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменованың айтуынша, «вакцинаға күдікпен қараушыларды түсінуге болады, бірақ оны жасатпауға да болмайды».

– Вакцина – адам папилломасы вирусына (HPV-ға) қарсы. Ал бұл вирус 99 «Аман-саулық» қоғамдық қорының басшысы Бақыт Түменова. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.

«Аман-саулық» қоғамдық қорының басшысы Бақыт Түменова. Алматы, 19 тамыз 2013 жыл.

пайыз жатыр мойнының ісігіне душар етеді. Қазақстанда бала тууға қабілетті жастағы әйелдердің көз жұмуына бірден-бір себеп – жатыр мойнының ісігі. Сондықтан вакцинаны жасатқан жөн, – деді Бақыт Түменова Азаттық тілшісіне.

Ерге де, әйелге де қауіпті адам папилломасы вирусы жатыр мойыны рагы, қынап қатерлі ісігі, жыныс мүшелері қатерлі дерті, тікішек рагы сияқты ауруларға себеп болады.

Бұл вирус әсіресе жыныстық қарым-қатынас кезінде жиі жұғады. Дәрігерлер бұл дерттің вирусы кейде монша мен бассейнге түскенде, қырынғанда немесе эпиляция жасағанда, ал сәбиге анасынан туған кезде жұғатынын айтады.

Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның екі түрі – Cervarix (вирустың жатыр мойыны ісігіне жиі душар ететін 16 және 18 номерлі штамдарына арналған) пен Gardasil (вирустың 6,11, 16 және 18 номерлі штамдарына арналған) тіркелген.
Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 9-26 жас аралығындағы ұл және қыз балаларға, қыз-жігіттерге арналған.

АҚШ-тағы Ауруларды бақылау орталығы Иммунизация қауіпсіздігі басқармасының (Атланта) директоры Франк ДеСтефаноның айтуынша, адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 9-26 жас аралығындағы ұл және қыз балаларға, қыз-жігіттерге арналған.

– Вакцина салдырған соң кейбір адамдардың басы ауырып, басы айналып, жүрегі айнитыны жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты деп білемін. Лицензиясы бар вакцина он мыңға тарта әйел адамға салынып, сынақтан өткен. Бұл дәріге қарсы қатты аллергиялық реакция бірнеше жүз мың, тіпті миллион адамның бірінде ғана болады, – деді ол Азаттық тілшісіне.

2006 жылдың маусымынан бері АҚШ-та осы вирусқа қарсы Gardasil және HPV4 вакциналарының 56 миллионы салынғанын мәлімдеген ДеСтефано вакцинадан көз жұмған адам туралы анық дерек жоғын айтады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG