Accessibility links

Сотталған мұсылманның анасы баласының түрмедегі тағдырына алаңдайды


Валерий Твердохлебтің анасы – Раиса Селезнева. Көкшетау, 2 маусым 2010 жыл.

Валерий Твердохлебтің анасы – Раиса Селезнева. Көкшетау, 2 маусым 2010 жыл.

Ақмола облыстық соты төрт жылға сотталған мұсылман жігіт Валерий Твердохлебтің шағымын қанағаттандырған жоқ. Оның туған-туыстары қолдарында қаражаты қалмауы себепті тегін адвокат табылар деген үмітте.


БЕС МИНУТТА ТӨРТ ЖЫЛҒА КЕСТІ


Ақмола облыстық соты Жақсы кентінің тұрғыны Валерий Твердохлебтің апелляциялық шағымын қарады. Аудандық сот Валерий Твердохлебті «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни өшпенділікті қоздыру» және «Лаңкестікті насихаттау және лаңкестік әрекетін жасауға жария түрде шақыру» баптары бойынша айыпты деп тапқан болатын.

Бұдан бұрын, 2010 жылдың 9 сәуірінде, Ақмола облысы Жақсы аудандық сотының судьясы Зәуре Жоламанованың үкімімен Валерий Твердохлеб төрт жылға жалпы режимдегі түрмеге кесілген.

Естеріңізге сала кетсек, 2005 жылы Валерий Твердохлеб ислам дінін қабылдаған. Айыптаушы орган – ҰҚК-нің Ақмола облысы бойынша департаменті оған қатаң бір құдайшылық туралы діни кітаптарды (имам Ән-Нававидің, Ибн Теймийяның және өзгелердің кітаптары) таратқаны, сонымен бірге Кавказдағы жиһадтың атышулы идеологы Саид Бурятскийдің дәрістерін принтерден шығарып алғаны үшін айып таққан.

Ақмола облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрайымы Дана Мұқышева 2010 жылдың 2 маусымында Валерий Твердохлебтің апелляциялық шағымын қарады. Алайда, сотталушының анасы Раиса Селезневаның айтуынша, сот өте түсініксіз жағдайда өткен.

Азаттық радиосына Раиса Селезневаның айтуынша, ол облыстық сотқа таңғы сағат 09:10–да кірген. Бірақ соттың үш ғимаратының
Сот үкімі шыққан соң Валерий Твердохлебті Астанадағы абақтыға алып кетті. Жақсы кенті, 8 сәуір 2010 жыл.
арасында «адасып жүргенде», сағат 09:30–да дәлізде кездескен ұлының адвокаты Ыдырыс Ноғаев оған «сот бітіп кетті» деп хабар берген.

Раиса Селезневаның айтуынша, ол адвокатқа да, сотқа да сенбейді. Олар есікті жауып алып, қоғамдық қорғаушыны күтпестен бес адамның – Валерий Твердохлебтің, оның екі жас баласы мен әйелінің, анасының тағдырын «бес минуттың» ішінде шешіп тастаған.

Естеріңізге сала кетсек, өздері де бұдан бұрын исламды қабылдаған Жақсы ауданының тұрғындары Алексей Карасев пен Дмитрий Костомахалар сотқа куәгер ретінде қатысты. Сот жұмысы барысында олардың біріне-бірі кереғар куәліктер бергені соншалық, шыдай алмаған судья оның біреуіне: «Сіздің немесе біздің деген сөзді айта алмайсың ба?» – деді.

Сот барысында Алексей Карасев ҰҚК қызметкерлерінің алдын-ала тергеу барысында оны азаптағанын, осыдан соң куәлік беруге мәжбүр болғанын айтты. 2009 жылдың қыркүйек айында оны Көкшетаудағы үш жасырын пәтерде үш күн бойы оқшаулап ұстап, азаптаған.

Сотталушы Валерий Твердохлебтің апелляциялық шағымында жазғанындай, оны ұрып-соққанын куәгер Алексей Карасев қана емес, сонымен бірге аудандық аурухананың хирургі мен медбикесі, анасы Раиса Селезнева мен әйелі Нина Твердохлебтер растай алады. Дәлел ретінде олар өздері түсірген әуесқойлық фотосуретті ұсынды. Бірақ Ақмола облыстық прокуратурасының 2010 жылғы 4 наурыздағы қаулысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалмай қалды.

КУӘГЕРЛЕРГЕ НҰСҚАУ

Вокзал маңындағы кафеде отырғанда Раиса Селезнева қолмен жазылған біраз өтініштерді ақтарды. Олардың ішінде ҰҚК департаментінің
Куәгер Ямир Янтураев, Жақсы кенті, Ақмола облысы, 4 наурыз 2010 жыл.
айыптауындағы басты куәгер Дамир Янтураевтің тұлғасын анықтауға байланысты аудандық прокуратураға жазған өтініші де бар. Раиса Селезневаның айтуынша, ол үкім шыққан соң барып Дамир Янтураевтың туыстармен кездескен.

Естеріңізге сала кетсек, бұл куәгердің сотқа мәлімдегеніндей, 2009 жылдың наурыз айында Жақсы аудандық ауруханасында оның аяғына екінші рет операция жасап, аяғын тізесінен кесіп тастаған. Осыдан бірнеше күн өткен соң ол ауыл көшесінде Валерий Твердохлебпен кездейсоқ кездесіп қалған. Куәгер өзінің аяғына операция жасаған уақытты да шатастырып айтса да судья оның куәліктерін шындықққа жанасады деп қабылдады. Жергілікті хирург Дамир Янтураевтың аяғына 2009 жылдың қаңтар айында операция жасалды деп мәлімдеген болатын.

Бір назар аударарлық жай, Дамир Янтураев алдын ала тергеу барысында Валерий Твердохлебпен 2009 жылғы наурыз айының соңында кездестім деген. Бірақ сотталушының туыстары бұл кезде Валерийдің батыстағы Атырау қаласында болғандығы жайында ақпарат ұсынған. Янтураевтың берген куәлігінің өтіріктігін дәлелдеу үшін Твердохлебтің туыстары ұлттық темір жол компаниясына сұрау салу керектігін талап етті. Бірақ мұндай сұрау жасалған жоқ.

Алайда, сот залында Янтураев өзінің бұрынғы берген куәлігін өзгертті. Оның берген жаңа куәлігі бойынша ол сотталушымен 2009 жылғы сәуір айының ортасында танысыпты. Валерий Твердохлебтің пікірінше куәгердің куәлігін өзгерту себебі «ҰҚКД қызметкері Д.А.Баяндинов сот процесінің басынан бастап сотқа қатысып отырды. Ол жағдайдан үнемі хабардар болып, сотта куәгер ретінде сұралды».

Сотталушының әйелі Нина Твердохлебтің айтуынша, куәгерлердің барлығы сотқа ҰҚКД-нің аталған қызметкерінің машинасымен жеткізілген. Яғни куәлік беру алдында куәгерлерге нұсқау жүргізген тәрізді.

АДВОКАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯСЫ

Дамир Янтураевтың бұған дейін екі рет сотталғанын соттан жасырғаны сотталушының анасын қатты таң қалдырды. Бірақ адвокат Ыдырыс Ноғаев мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп есептейді. Азаттық радиосына оның айтуынша, «Мысалы, Янтураев бес жүз рет сотталса да мұнда тұрған ешнәрсе жоқ». Және ол, адвокат, айыптаудың күмән тудыратын басты куәгеріне қатысты прокуратураға сауал жазудан бас тартқанын растады.

Раиса Селезневаның айтуынша, адвокат куәгер Янтураевтың сотталуына қатысты сауал жолдаудан бас тартқан соң ол аудандық
Адвокат Ыдырыс Ноғаев Жақсы аудандық сотында. 4 наурыз 2010 жыл.
прокуратураға үш мәрте барған. Бірақ ондағылар Селезневаны прокуратуранының табалдырығынан да аттатпаған. Олардың айтуларынша сауалды тек адвокат қана жолдауы керек екен.

«Міне осылайша екі ай сандалып, ақырында ешнәрсе де білген жоқпын. Тек бекерге шыр айналып жүрмін», – дейді ол. Өзінің айтуынша, ол қоғамдық қорғаушы болса да оның ұлы бір ай бойы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында жатқан кезде оны ұлымен бір де бір рет кездестірмеген.

Нина Твердохлебтің айтуынша, Валерий Твердохлеб кездесуден бас тартып, «бұл адамды бірінші рет көріп тұрғанын» айтып, адвокатсыз бір сөз де айтпайтындығын мәлімдеген. Осыған қарамастан Валерий Твердохлеб пен куәгер Дамир Янтураевтың бетпе-бет кездесуінде адвокат Ыдырыс Ноғаевтың болмауы себепті, қылмыстық істе олардың бірін-бірі жақсы танитындығы жөніндегі тергеуге қажетті куәліктер пайда болған.

«Мен туыстарымнан және өзімнің зейнетақымнан жиған 250 мың теңгені адвокатқа бердім», – дейді Раиса Селезнева. Ол адвокатқа ақшаны бекер бергенмін деп өкініш білдіреді. Өйткені Көкшетауға баруға қалдырған ақшасын айтпағанда соңғы қалған төрт мың теңгесін ол ұлының кішкентай екі баласына салып жіберген.

«Онымен кездесу қиын болды және ол қажетті сауалды жодаудан да, күйеуімді қорғаудан да бас тартты. Әйтпесе менің адвокаттық лицензиямды алып қояды деді. Ол әншейін сотқа қатысқаны болмаса, түк те тындырған жоқ», – дейді сотталушының әйелі Нина Твердохлеб.

Валерий Твердохлеб өзінің апелляциялық шағымында осы уақытқа дейін сот отырысының хаттамасымен таныспағандығын жазады. «Осы себепті мен аталған шағымда соттың назарына ілікпеген сәттерді келтіре алмадым», – делінген оның шағымында.

ТОПТАП ОҚЫҒАН ТЕРРОРИСТ, ТЕРІП ОҚЫҒАН ТӘРТІПТІ

Сотталушыдан алынып, оның исламның экстремистік ағымына қатысының барлығына дәлел ретінде пайдаланылған діни кітаптарға қатысты мына бір жай назар аудартады. Енді Раиса Селезнева өзге құжаттармен бірге әл-Бұхаридің «Сахих» хадистері мен ән-Нававидің «40
Валерий Твердохлебті «діни экстремист» деп айыптауға негіз болған басты айғақтардың біреуін Раиса Селезневаға қайтарып берді. Көкшетау, 2 маусым 2010 жыл.
хадисін» де өзімен бірге алып жүр.

Алайда, судья Зәуре Жоламанованың шешімімен, құндылығы болмағандықтан әдебиеттердің бір бөлігі жойылуы керек екен. Жақсы аудандық сотының шешіміміен жойылуға тиіс кітаптар мен брошюралардың арасынан Азаттық радиосының тілшісі «Мұсылман қорғаны» кітапшасы мен Мұхаммад ибн-Әбд-Әл-Уаххабтың «Жаратқанның даралығы туралы кітабын» да байқады.

Бір назар аударарлық жағдай, сот процесі барысында дінтанушы сарапшылардың берген қорытындысы оқылды. Олардың пікірлерінше, алынған кітаптар жеке–жеке алғанда тыйым салынғандардың қатарына жатпайды. Бірақ біріге келгенде олар қолға қылыш алып жиһад жасауға шақырады екен.

– Оларды жеке-жеке оқу керек. Ал оларды жинастырып бір-ақ оқитын болса, онда бұл лаңкестікке жатады, – деп түсіндірді бұл сараптама қорытындысын адвокат Ыдырыс Ноғаев Азаттық радиосына берген сұқбатында.

ЖАҢАДАН ДІН ҚАБЫЛДАҒАНДАРДЫ ЕСКІШЕ ҚИНАЙДЫ

Қазір Валерий Твердохлебтің отбасы не істерлерін білмей отыр. Раиса Селезневаның Астанаға бір рет барып қайтуы үшін бес мың теңге (30 доллар шамасында) кетеді. Және ол колонияға алып кеткенше ұлымен қай уақытта жолығатынын да білмейді. Өзінің айтуынша адвокат жалдау үшін 160 мың теңге (мың доллар шамасында) қарыз алған Нина Твердохлеб енді ақшасының жоқтығын айтып, Жоғарғы соттағы апелляциялық шағымға даярлану үшін кәсіпқой адвокаттардың бірі тегін қол ұшын созар деген үмітте.

Бірақ ол енесі Раиса Селезневаға қарағанда жағдайға шынайырақ қарайтындай. «Бізді қазір алаңдатып отырғаны түрмеде күйеуімнің жағдайының қалай болатындығы. Өйткені түрмеде мұсылмандарды қалай қорлайтынын біз білеміз», – деп мәлімдеді Нина Твердохлеб Азаттық радиосына телефон арқылы.

Раиса Селезневаға Жақсы ауылындағылар бұдан бұрын сотталған мұсылмандардың түрмедегі жағдайлары жайында айтып берсе керек. «Түрмеде қатыгездікпен ұрып-соғады екен. Содан соң тәулік бойы тікеңнен тік тұрғызып қояды екен. Отырсаң бәлеге қалады екенсің», – дейді ол шынымен де қатты үрейленіп.

Білікті қорғаушыдан үмітін үзген және сот машинасы оның отбасының тағдырын талқандай бастағанын көрген Раиса Селезневада ең соңғы және оның пікірінше соттардың назарын аударатын соңғы уәж қалғандай. «Мен енді президент Назарбаевқа шағым жазуым керек пе?» – дейді шарасы таусылған ол. Азаттық радиосының тілшісі ел президентінің мүмкіндігі жайында айтып, оны райынан қайтарғысы келген жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG