Accessibility links

«Қарияны сабап» интернетке шыққан жігіт: «Өкінбеген күнім жоқ»


Зейнеткерлерді соққыға жықты деп айыпталған Бақытжан Бопатаев Азаттық тілшісімен сөйлесіп тұр. Алматы, 8 ақпан 2013 жыл.

Зейнеткерлерді соққыға жықты деп айыпталған Бақытжан Бопатаев Азаттық тілшісімен сөйлесіп тұр. Алматы, 8 ақпан 2013 жыл.

Жолдағы бұзақылығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған алматылық Бақытжан Бопатаевтың әрекеті әлеуметтік желілер арқылы қоғам назарына ілінген сирек оқиғаның бірі болды.

Ақпанның 8-і күні Алматының Алмалы аудандық сотында 32 жастағы Бақытжан Бопатаевтың (қаңтар айында жол үстінде зейнет жасындағы ер және әйел адамды соққыға жыққан азамат) ісі қаралуы тиіс еді. Алайда жәбірленушілер сотқа келмей қалып, процесс кейінге шегерілді.

«БАҚ МЕНЕН АНТИГЕРОЙ ЖАСАДЫ»

Қаңтар айында интернетте көлік ішінде отырған қарт кісіні және оған араша түсуге ұмтылған әйел адамды ұрып жатқан жас жігіт туралы видео тарады. Қаңтардың 10-ы күнгі оқиға қасынан өтіп бара жатқан көліктің видео-регистраторына түсіп қалған. YouTube желісінде жарияланған видео-жазба қызу пікірталас пен қоғамдық айыптауға түрткі болды.

Алматының ішкі істер департаментінің (ІІД) сол кездегі баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек қарт адамдарды соққыға жыққан жүргізушінің жеке бас мәліметтерін жариялап, оның «зардап шеккен азаматпен жолға таласып, сөзге келіп қалғанын» айтқан еді.


- Бұл факт бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ-та) болғаннан кейін біз оны ресми түрде тіркедік. Алдын ала тергеу тағайындадық. Алдымен жәбірленушілердің екеуі анықталып, қаңтардың 15-і күні Бақытжан Бопатаевты ұстадық. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабының 1-тармағы («бұзақылық») бойынша іс қозғалып, бұлтартпас шара ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды, - деген еді қаңтардың 15-і күні Азатыққа түсініктеме берген Салтанат Әзірбек.

«Жолға таласып, сөзге келіп қалғанын» Бақытжан Бопатаев та растады, бірақ оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.

- Болған оқиғаға қатысты өкінбеген күнім болған жоқ. Дегенмен мен қазір не айтсам да, көпшілікте мен жайлы негативтік пікір қалыптасты. Ол солай қалып қалады. Интернетте те аз айтылып, аз талқыланған жоқ. Шындығына келсек, бұл секілді оқиғалар күнара болып тұрады. Ал мені авто-регистратор түсіріп, «бағым ашылды». Ол ролик интернетке шығып, БАҚ менен «антигерой» жасап шығарды, - деді Бақытжан Бопатаев Азаттық тілшісіне.

Ол соттың кез-келген шешімін орындауға дайын екенін айтты.

ІРІКТЕП ТІРКЕУГЕ АЛУ

Қала көшелерінде, әсіресе Алматы жолдарында жүргізушілер осы сынды жайттарға күніне тап болатыны рас дейді «Оселпаркинг» сайтын құрастырушыларының бірі Роман Слегин.

Бірнеше белсенді жас құрған «Оселпаркинг» сайтына кез-келген азамат дұрыс Роман Слегин - "oselparking.kz" сайтының жетекшілерінің бірі. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Роман Слегин - "oselparking.kz" сайтының жетекшілерінің бірі. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

қойылмаған көліктер, жол жүру тәртібін бұзған жүргізушілер жайлы фото-бейне жазба жүктей алады. Слегин олардың ішінде тіпті қылмыстық оқиғаларды түсіріп алған жазбалар да бар екенін айтады.

- Жол көлік апаттары мен адамдарды қағып кеткен бірнеше жазба бар. Бірақ менің білуімше, олардың бір де біріне қатысты іс қозғалған жоқ. Жол полицейлері басшылығының телеарна арқылы берген соңғы түсініктемесінде «нақты уақытын анықтау мүмкін болмағандықтан видео-регистратордағы жазбаны оқиғаның куәлігі ретінде қабылдай алмайтынын» айтты. Регистратордағы мәліметтерді өзгертуге болатынын меңзеп отырған болуы керек. Бірақ ІІД-нің бір фактіні тіркеп, ал кейбірін тіркемейтіні түсініксіз, - дейді Роман Слегин.

Ал Алматы қаласы жол полициясы басқармасының өкілі Жасұлан Құлтасов, егер регистраторлардағы заңбұзушылықтар жарияланса, «тіркеуге алып, іс қозғаймыз, ал іздестіру бөлімі оларды іздестіреді» деп қысқа жауап берді.

Машинаға видео-регистратор орнату арқылы қандай да бір көлік апаты кезінде, я жол полициясы тарапынан заң бұзылған жағдайда куәлік материал түсіруге тырысатын жүргізушілер Қазақстанда да көбейіп келеді. Азаттық бұған дейін мұндай құрылғының ресейлік жүргізушілер арасында кең тарағаны туралы жазған еді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG