Accessibility links

Марстан алғашқы суреттер жіберілді


Марсқа қонған америкалық Curiosity аппараты. 6 тамыз 2012 жыл.
Марсқа қонған америкалық Curiosity аппараты. 6 тамыз 2012 жыл.
АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі Марсқа қонған Curiosity аппараты Жерге ғаламшардан түсірілген алғашқы суреттерді жібергенін хабарлады.

Алты дөңгелегі бар, атом қуатын пайдаланатын Марс аппаратының арнайы камерасы Гейла кратеріне қонатын кезде бір жарым мыңға жуық сурет түсірген. Марс аппаратына орнатылған арнайы Mars Hand Lens Imager камерасы жартасты, таулы жыныстарды және басқа нысаналарды үлкейтіп түсіре алады.

Дүйсенбіде Марсқа қонған аппарат ғаламшарға жету үшін ғарышта сегіз айдан астам ұшты.
XS
SM
MD
LG