Accessibility links

Соколова мен Винявскийдің босатылуын сарапшылар әрқилы жориды


Полицейлер қарсылық жиынына келген адамды әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Полицейлер қарсылық жиынына келген адамды әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Саясаткерлердің көбі Наталья Соколова мен Игорь Винявскийдің рақымшылыққа ілінуін «Жаңаөзен оқиғасының дүбірі халықаралық қауымдастыққа жеткені Назарбаевтың өзіне де оңай тимеді» деп түсіндіреді.


Бір аптаның ішінде бірі сотталған, біріне ауыр айып тағылған екі азамат рақымшылық заңына ілініп, түрмеден босады. Өткен жексенбіде мұнайшылар кәсіподағының заңгері Наталья Соколова, ал кеше «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский бостандыққа шықты.

«БҰЛ – БАТЫСТЫҢ ЫҚПАЛЫ»

Көптеген саясаткерлер Наталья Соколова мен Игорь Винявскийдің шұғыл түрде босатылуына «Батыстың сыны әсер еткенін» айтады.

Наурыздың 14-і мен 15-і күндері Страсбургте Еуропарламент Қазақстан бойынша қарар қабылдап, Маңғыстауда болған толқудың күшпен басылғанын ресми түрде айыптаған еді.

– Бүкіл Батыс қоғамының, Батыс мемлекеттерінің осы мәселе жөнінде біздің елге "Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.

"Азат" ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.

қойылып отырған наразылық үндеулердің барлығы өз ықпалын тигізген шығар, – дейді Жармахан Тұяқбай.

Оның ойынша, Соколова мен Винявскийге тағылған айыптардың «өте күмәнді, негізсіз болуы да бұл шешімге әсер еткен». «Игорь Винявскийдің «кінәсі дәлелденбей жатып рақымшылыққа ілінгенін» айтқан Жармахан Тұяқбай:

– Винявский де, Соколова да өздеріне тағылған қылмыстық істің негізсіз екенін дәлелдеу үшін шағым жасауын тоқтатпауы керек, – дейді.

Бірақ, Жармахан Тұяқбайдың ойынша, бұл оқиғаларға бола «билік гуманистік көзқарасқа көшті», «оппозицияға, ойы өзге адамдарға жаны ашып жатыр» деп айту қиын.

Ол қамаудағы Серік Сапарғали, Владимир Козлов, тағы басқа азаматтарға ауыр айып тағылғандықтан олардың амнистияға ілінуі күмәнді екенін айтты.

«БИЛІК ӨЗІНЕ-ӨЗІ ОР ҚАЗҒАНЫН ТҮСІНДІ»

Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов «Соколова, Винявский, Козловқа байланысты қылмыстық істер – саяси есуастық» дейді.

Оның ойынша, «билік кәсіби міндеттерін атқарған заңгер Наталья Соколова мен Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

Тәуелсіз журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

журналист Игорь Винявский соттау арқылы өзіне-өзі ор қазғанын түсініп, енді шегіне бастады».

– Мұны енді түсінгеннен кейін «не істесеңдер де, мұндай проблема бізге керек емес» деген нұсқау түскен. Олар содан кейін шегінді, – дейді Сергей Дуванов.

Оның айтуынша, Владимир Козловтың ісі заңгер мен журналистікіне қарағанда біршама күрделірек – «өйткені Козлов өзінің қайда бара жатқанын алдын-ала білген саясаткер».

– Мұнда барлығы олардың (биліктің – ред.) процесті қалай ұйымдастыра алғанына байланысты болды. Тіпті, бұл процесс олардың пайдасына қарай шешілмейді. Олар [айыпталушыларға] өздері қалаған нәрсені мойындарына ілуге тырысады. Онда (айыптау қорытындысында – ред.) «ұйымдасқан қылмыстық топ» деген бар. Бұл өте күлкілі нәрсе, – дейді Сергей Дуванов.

«НАЗАРБАЕВҚА ДА ОҢАЙ ТИІП ТҰРҒАН ЖОҚ»

Коммунист-саясаткер Серікболсын Әбділдин заңгер Наталья Соколова мен журналист Игорь Винявскийдің босатылуына «шетелдегі оппозиция үнінің де сөзсіз ықпалы болғанын» айтты.

Оның ойынша, «Назарбаев белгілі бір деңгейде өзін әділ, демократ етіп көрсетуге Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин. Алматы, 13 қаңтар 2012 жыл.

Оппозициялық саясаткер Серікболсын Әбділдин. Алматы, 13 қаңтар 2012 жыл.

​тырысып, өзінің ақымақтығын жуып-шаю үшін қандай да бір қадамдар жасауға мәжбүр болды».

– Досқалиевті түрмеге тоғытқаны ақымақтық болды. Бұған дейін де өзге министрлерді қамағаны да ақымақтық болды. Винявскийді қамау мүлдем заңсыз болды. Жұмысшылардың құқығын қорғап жүрген әйелді қамауы да – ақымақтық, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Саясаткер «Владимир Козловтың жағдайы заңгер мен журналистің ісіне ұқсамайтынын, мүлде басқаша екенін» айтты.

– Билікте көптен бері Козловты ұстау ниеті болған. Онымен Назарбаев жеке жұмыс жасайды. Сондықтан болжау өте қиын. Бірақ шын мәнінде Козлов айыптайтындай ешқандай іс жасаған жоқ, – дейді Серікболсын Әбділдин.

Оның пікірінше, биліктің Жаңаөзенде өз азаматтарына оқ атуы – халыққа «басыңды көтерсең, жойып жіберемін» деген ескертуі болды.

– Еуропа бұл жағдайды түсініп, Назарбаевтың шынайы бет-бейнесі ашылды. Сондықтан қазіргі жағдайда оған да оңай тиіп тұрған жоқ, – дейді Серікболсын Әбділдин.

«БҰЛ БИЛІКТІҢ ЕСКЕРТУІ»

«Шаңырақ» ісі бойынша сотталған Арон Атабектің ұлы Асқар Айдарханның ойынша, Наталья Соколова мен Игорь Винявскийдің босап шығуы «билік позициясының өзгергенін білдірмейді», «бұған Батыс та ықпал еткен жоқ».

– Билік Батыстың пікірімен де, халықтың пікірімен де санаспайды. Санасқан Асқар Айдархан түрмедегі әкесіне берілген Freedom to Create сыйлығын алып тұр. Каир, 26 қараша 2010 жыл.

Асқар Айдархан түрмедегі әкесіне берілген Freedom to Create сыйлығын алып тұр. Каир, 26 қараша 2010 жыл.

​жағдайда «Шаңырақ» ісі де, Жаңаөзен оқиғасы да болмас еді. Билік үшін Еуропарламентте қабылданып жатқан қарардың түк маңызы жоқ. Оған қоса демократиялық құндылықтарды басшылыққа алған Батыс елдерінің Қазақстанда энергетикалық мүдделері бар екенін де ұмытпау керек, – дейді Асқар Айдархан.

Оның пікірінше, Ақорда кейбір азаматтарды босату арқылы «билікке қарсы келгендерге ешқашан кешірім болмайтынын түсіндіргісі келеді».

– Менің әкем Арон Атабек ешқашан президентті мақтамайды. Билік жасаған қылмысы үшін өзін кінәлі сезінбейді. Сондықтан әкем мерзімінен бұрын босатылмайды, керісінше оның жазасын қатаңдатуы мүмкін, – дейді Асқар Айдархан.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG