Accessibility links

Уәлихан Қайсар екінші мәрте өтініш түсірді


Уәлихан Қайсар, оппозициялық саясаткер

Уәлихан Қайсар, оппозициялық саясаткер

2011 жылғы президент сайлауына үміткер Уәлихан Қайсар Азаттық радиосына берген сұқбатында Орталық сайлау комиссиясына қайтара өтініш түсіргенін хабарлады. Бұлай жасауға заңдық тұрғыдан ешқандай шектеу жоқ болып шықты.


Ақпанның 10-ы Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына түсуге үміткер Уәлихан Қайсар екінші мәрте орталық сайлау комиссиясына өтініш тапсырды. Бұл туралы үміткер Азаттық радиосына берген сұқбат барысында мәлімдеді. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бұл ақпаратты тілшімізге растап, өтініштің бүгін қабылданғанын айтты.

Қайсар мырза бұған дейін үміткер ретінде мемлекеттік тіл емтиханын тапсырып, лингвистикалық комиссияның шешімі бойынша сынақтан өтпей қалған еді. Үміткер тіл комиссиясының шешімін «Ақ орданың тапсырмасы» деп атап, өзінің саяси себептер бойынша сайлауға түсуден шеттетілгеніне шәк келтірмейтінін айтқан болатын.

Ақпанның 10-ы күні Азаттық радиосында өткізген онлайн конференция кезінде Уәлихан Қайсар лингвистикалық комиссияның оған жауаптары жазылған парақшаны да, ондағы қателерін де көрсетпей отырғанын айтқан.

Назар аударатын бір жайт, кез-келген президенттікке кандидаттың қайтара өтініш түсіруіне тыйым салатын заңдық негіз жоқ болып шықты. Уәлихан Қайсар осы жайтты пайдаланып, екінші мәрте өтініш берген.

Соңғы түскен ақпарат бойынша президент сайлауына үміткер болуға бас-аяғы төрт адам өтініш берді. Олар – кәсіпкер Сәлім Өтен, эколог Мұсағали Дуамбеков, саясаткер Амантай қажы және қайтара өтініш түсірген Уәлихан Қайсар.


Уәлихан Қайсардың онлайн-конференциясынан түсірілген видео:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG