Accessibility links

Азаттық ең белсенді оқырманға Абай қарасөздерінің жинағын тарту етеді


Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискісі. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.

Азаттық радиосы шығарған «Абайдың қара сөздері» компакт-дискісі. Алматы, 10 тамыз 2012 жыл.

Тамыздың 10-ы - Абайдың туған күні. Azattyq.org сайты бүгін шыққан мақалаларға белсенді пікір жазған оқырмандар мен ең көп дауыс жинаған комментарий иелеріне ақынның қарасөздер жинағын сыйламақ.

Құрметті оқырмандар,

Азаттық бүгінгі мақалалардың форумында жарияланған пікірлерге арнайы сыйлық тағайындап отыр. Ол екі шарт бойынша беріледі.

Абайдың қара сөздері жазылған дискілер форумға пікір жазған оқырмандар ішіндегі ең белсенді үш адамға, сол сияқты өзге оқырмандарға қатты ұнаған, яғни ең көп дауыс жинаған үш пікірдің иесіне, жиыны - алты адамға тарту етіледі.

Жүлдеге ие болған Азаттық оқырмандарының форумға тіркелген есімдері дүйсенбі күні azattyq.org сайтында жарияланады. Ол адамдар сол күні сыйлықтарын алады.

Өзіңізге ұнаған пікірге дауыс беру үшін сайтқа тіркелу қажет болатынын еске саламыз.

Дискіге жазылған Абайдың қара сөздерін Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Гүлжамал Қазақбаева оқыған. Егер Сіз бұл жүлдені ұтып алсаңыз Абай қара сөздерін кез келген жерде (көлік ішінде, көшеде, т.б. жерлерде - ред.) тыңдауға мүмкіндік аласыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG