Accessibility links

Қазақстанда терактілер неліктен елдің батысында басталды?


Полицейлер шабуыл болған жерде тұрған автокөлікті тексеріп жүр. Тараз, 12 қараша 2011 ж.

Полицейлер шабуыл болған жерде тұрған автокөлікті тексеріп жүр. Тараз, 12 қараша 2011 ж.

Қазақстан постсоветтік кеңістіктегі «тұрақтылық пен игілік орнаған шағын арал» болудан қалды. Елдің батыс өңірінде терактілер мен радикалды топтар қатысқан атыстар бой көрсете бастады.


Қазақстандағы жанкештінің араласуымен болған алғашқы жарылыс Ақтөбе қаласында болды. Артынша Ақтөбе облысы жаңа құбылыстың ошағына айналды – Шұбарши ауылында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды, ал ізінше полиция қызметкерлері арнайы операциялар өткізіп, қарулы топ мүшелерімен атысты.

Кейін Астана, Атырау мен Таразда жарылыстар болды. Олардың дені Қазақстанның мұнайлы өңірі – батыс облыстарды қамтыды. Бұл жердегі ахуалдың тұрақсыздануы неден шықты? Қандай жайттар мен мәселелер ықпал етті? Қазақстан билігі болған терактілерді тергеп, бұдан кейін ондай әрекеттердің алдын алуда лайықты амал-шаралар атқарып отыр ма?

«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосы грузин редакциясының «Эхо Кавказа» радиосының бас редакторы, Кавказ аймағы бойынша сарапшы Андрей «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының қызметкері Андрей Бабицкий.

«Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының қызметкері Андрей Бабицкий.

Бабицкийдің айтуынша, әрбір постсоветтік республикада өз ұлттық-діни ұйымдары пайда болып, әлдеқайда сыртта емес, елдің өз ішінде әрекет етіп жатыр. Бұлардың наразылықтары көп жағдайда таза ішкі мәселелер – әлеуметтік, саяси себептерден туындайды дейді Бабицкий. Радикалды исламшыл топтарды осы іспеттес іс-әрекетке әлдебір шетелдік қастық ойлаушылар азғырып айдап салды не жасады деу шалағай пікір деп есептейді Андрей Бабицкий.

Атыраулық «Демос» құқық қорғау ұйымының төрайымы Тоғжан Қизатова осыдан бес жыл бұрын "теріс ойлы адам" ретінде жергілікті билік қырына алған атыраулық құқық қорғаушы әйел туралы оқиғаны еске алды.

Сол әйел мен оның балаларына билік қоқан-лоққы жасады дейді Қизатова. Сонда әлгі әйел Қизатоваға былай депті: «Ал маған қара. Дұрыстап қарап ал және бір нәрсені ойыңа тоқып ал: егер мыналар қоқан-лоққыларын іске асырып, балаларым бірдеңеге ұшырайтын болса, онда қазір сенің алдыңда отырған кісі – қазақтан шыққан алғашқы терроршы әйел болатынын біліп қой».

Ресейде милиция өкілдерін өлтіре бастағанда, бұл «шектен шыққан менттерге» қарсы халықтың наразылығы болатын дейді Тоғжан Қизатова. Құқық қорғаушының айтуынша, Қазақстанның батыс өңірінде полиция мен арнайы қызмет адамдары одан да бетер шектен шыққан.

«Московские новости» газетінің шолушысы Аркадий Дубнов терактілерге қатысты Қазақстан билігінің амал-әрекеттерін арандатушылық деп сипаттады. Оның пікірінше, осы іспеттес қоқан-лоққыларға итермелейтін де солар.

Бұған қоса Дубнов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейлік «Московские новости» газетінің шолушысы Аркадий Дубнов.

Ресейлік «Московские новости» газетінің шолушысы Аркадий Дубнов.

Ресейдің "Новости" және "Интерфакс" ақпарат агенттіктеріне берген сұқбатын талдай келе, президент үшін Норвегиядағы жалғызбас лаңкес Брейвиктің іс-әрекеті мен Қазақстандағы терроризм көрінісі төркіндес екені анық нәрсе деген тұжырым жасады.

"Назарбаев Қазақстанда жүйелі қалыптасқан терроризмнің шығуына негіз жоқ екендігін ерекше атап өтпек болды", – дейді Аркадий Дубнов. Оның айтқанына қарап «Московские новости» газетінің шолушысы Қазақстан президенті «өтірікті шындай, ақсақты тыңдай» етіп көрсетуге тырысқан, немесе, одан да жаманы – бұл оқиғалар жайлы президент қате ақпарат алған деген байлам жасайды. Мемлекет басшысына ақпарат берудің мұндай түрін Қазақстанның күштік құрылымдарының жүгенсіз әрекетімен байланыстырады. Күштік құрылымдар өздері ойдан шығарған исламшыл экстремизм қаупімен алысып жүр дейді Орталық Азия жөніндегі ресейлік сарапшы.

Алматылық Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина Қазақстанның батысында болған оқиғаларды «террористік» деп атауға Қазақстандық құқық қорғаушы Нинель Фокина.

Қазақстандық құқық қорғаушы Нинель Фокина.

асықпауға шақырады. Оның айтуынша, олар адамдарды жаппай қыруға бағытталмаған, осы «жанкештілердің» артында қандай да бір ұйым тұрғаны байқалмайды, сол себепті бұл фактілер көпшілікке мәлім терроризм анықтамасына сай келмейді.

Құқық қорғаушы соңғы кезде Қазақстанда «діни терроризм» төңірегінде байбалам шыққанын бақылап отырғанын айтады.

«Сонда наразылықтың төтенше көріністерінің түп-тамырын іздеудің орнына мемлекет қоғамды байбалам салуға жұмылдырады. Мемлекет істің алдын алуға тырыспақ түгілі, барша іс-әрекетімен, ақпарат жасыру арқылы, қарама-қайшы мәлімдемелерімен, осы байбаламға өзі септеседі», – дейді Нинель Фокина.

Құқық қорғаушы биылғы жарылыстардың негізінен Қазақстанның батыс аймағында болғанының себептері ретінде келесі жайттарды атады: «Ең бай бола тұра кедейлік қамытын киген өңір, бұл жердің байырғы ел-жұрты осы байлық пен өркениет игіліктерінен құр алақан қалған; жұмыссыздық, келешектен күдер үзген; ал айналадағы жабайы әрі даңғаза байлық халықты ашындырады».

Азаттық радиосы «Қазақстандағы терактілер неліктен елдің батысында басталды» деген тақырыпқа дөңгелек үстел өткізді. Осы пікірталастың орыс тіліндегі толық аудио-жазбасын мына жерден тыңдауға болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG