Accessibility links

Қазақстан VII қысқы Азия ойындарында 70 медаль еншіледі


VII қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Алматы, 6 ақпан 2011 жыл.

VII қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Алматы, 6 ақпан 2011 жыл.

VII қысқы Азия ойындарының қортындысында Қазақстан спортшылары командалық есепте бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарды Жапония және Оңтүстік Корея командалары иеленді.


Жексенбі күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында VII қысқы Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «тұңғыш рет 69 медальдар жиынтығы сарапқа салынғаны Азия ойындары үшін рекорд болып табылады» деп атап өтті.

Айта кету керек, Қазақстанда өткен Азия ойындарында болған бұл бір ғана рекорд емес.

Азия ойындары тарихында Қазақстан құрамасының 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға қол жеткізуі де – бұрын соңды болмаған оқиға санатына жатады. Бұған дейінгі рекорд 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен алғашқы Азия ойындарында орнатылды. Ол кезде жапон елінің құрамасы 29 алтын медаль жеңіп алған.

Бұл жолғы ойындарда командалық есепте жапон спортшылары екінші орынды иемденді. Олар 54 медальді (13 алтын, 24 күміс, 17 қола) қанжығасына байлады.

Үшінші орын 38 медаль (13 алтын,12 күміс және 13 қола) еншілеген Оңтүстік
Ерлер арасындағы қосалқы могул жаттығуында қазақстандық Дмитрий Бармашов жеңімпаз атанды. Алматы, 3 ақпан 2011 жыл.
Корея спортшыларына бұйырды.

Алматыдағы спорт сарайына жұрт көп жиналды. Олардың көпшілігі Азия ойындарының ашылу салтанатындай «кереметті» күткендерін айтады. Алайда 700-ден аса адам қатысып, бір сағаттан аса өткен салтанатты рәсімге кейбірінің көңілі толмағаны да байқалып тұрды.

Ұйымдастырушылар жабылу салтанатының Астанадағыдай «көлемді» ету басты мақсат емес еді дегенді айтады.

– Жабылу салтанаты Қазақстанның оның ішінде Алматының рухы оның ішкі жан дүниесін сипаттауы тиіс деген мақсат болды. Біз бұл мақсатымызды орындаған сияқтымыз, – дейді рәсімнің продюссері Арман Давлетьяров.

Салтанатты кеште қазақша, орысша және ағылшынша сөз сөйлеген Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қысқы Азия ойындарының туын ендігі Азия ойындарының астанасы – Саппоро қаласының ұйымдастыру комитетіне салтанатты түрде табыс етті.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG