Accessibility links

Әйелдер ракты ерте анықтауға құлықсыз


Онкологиялық ауруханада жүрген әйел мен қыз бала. (Көренкі сурет)

Онкологиялық ауруханада жүрген әйел мен қыз бала. (Көренкі сурет)

Орталық Азия мемлекеттері арасында сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандар саны ең көп ел – Қазақстан. Әйелдердың көбі тегін диагностикадан өту мүмкіндігін пайдаланбайды дейді мамандар.

Алматы облысы тұрғыны Майра Әмірханова сүт безі қатерлі ісігін алдыру үшін жуырда омырауына операция жасатқан. Дерт анықталған бойда бірден дәрігерге қаралған егде жастағы экономикалық ғылым кандидаты өзге әйелдерді өзінен үлгі алуға шақырады.

– Омырауымда ісік пайда болғанын душқа түсіп жатып байқадым. Бұған дейін ешқандай белгі беріп, мазаламаған болатын. Үйді жөндеп, соның алдында ғана демалыс үйіне барып келгенмін. Бұл дерт білінбей асқына береді екен ғой. Сәл күдік туса, бірден дәрігерге қаралу керек, – дейді Майра Әмірханова Азаттық тілшісіне.

Алматыдағы маммология орталығында науқас әйелдің омырауынан биопсия алып, тексеріп, карцинома (сүт безі рагының бір түрі) барын анықтаған. Дәрігерлер химиялық терапияның алты курсын тағайындап, әйелдің сол жақ омырауын алып тастау туралы шешім қабылдаған.

СТАТИСТИКА

Алматы қаласындағы маммологиялық орталық басшысы Шынар Талаеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, 2010 жылға дейін Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйел саны жыл сайын жүз адамға дейін көбейсе, қазір бұл өсім жылына 500-ге дейін жеткен. Оның пікірінше, елдің экономикалық дамуы мен онкологиялық дертке шалдығу деңгейі арасында белгілі бір байланыс бары байқалады.

– Тұрмыс деңгейі төмен елдерде онкологиялық дертке шалдығу деңгейі де төмен. Өйткені бұл елдерде тамақ қоспалары жоқ, тамақтың бәрі табиғи, ыдыс Алматы қаласындағы маммологиялық орталық басшысы Шынар Талаева. 5 мамыр 2014 жыл.

Алматы қаласындағы маммологиялық орталық басшысы Шынар Талаева. 5 мамыр 2014 жыл.

жуатын сұйықтықтың құрамындағы сияқты асқазан, өңеш рагын тудыратын эндогенді заттар жоқ, – дейді Шынар Талаева Азаттық тілшісіне.

Маманның Азаттық тілшісіне айтуынша, Орталық Азия бойынша Қазақстан – сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандар саны ең көп ел. Ол мұны қазақстандық әйелдердің босанғаннан кейін баланы емшектен ерте айырып, жұмысқа ерте шығуымен байланыстырады. Ол «жүктілікке қарсы құралдарды жиі әрі ұзақ пайдалану да сүт безі рагын тудыруы мүмкін» дейді.

Қазақстанда жыл сайын сүт безі қатерлі ісігіне жаңадан шалдыққан 4 мыңнан аса әйел тіркеледі. Бұл диагноздан жылына бір жарым мың әйел қайтыс болады.

«ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТЕТІНДЕР АЗ»

Сүт безі қатерлі ісігінің жиілеп кетуіне байланысты Қазақстанда 2008 жылдан бастап ауруды ерте анықтау бағдарламасы бойынша тегін скрининг-тексеру жүргізіледі. Бұл диагностика бүкіл ел аумағын қамтиды.

– Ресей, Италия, АҚШ және басқа елдерде скрининг белгілі бір қалаларда ғана
Дәрігерге ісік үлкеймей келіп көрінетін әйелдер аз, көбі ауруы асқынып кеткенде келеді.
жүргізіледі, ал бізде бүкіл елдегі әйелдер қамтылған. Бірақ біздің әйелдер тексеруден өтуге құлықсыз. Аудандық онкологтардың жауапкершілігінің төмендігі мен қазақстандық әйелдердің өз денсаулығына салдыр-салақ қарауы осындай жағдайға жеткізіп отыр, – дейді Шынар Талаева.

Талаеваның маммология орталығында жұмыс істегеніне 20 жыл болған. Оның айтуынша, дәрігерге ісік үлкеймей келіп көрінетін әйелдер аз, көбі ауруы асқынып кеткенде келеді. Маммология орталығында күніне үш-төрт операция жасалады.

Мамандардың есебінше, әйелдердің көбі омырауынан айырылудан қорқып дәрігерге көрінбейді. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, қазір омыраудың эстетикалық қалпын бұзбай сақтап қалудың толып жатқан амал-тәсілдері бар. Голливуд киножұлдызы Анджелина Джоли.

Голливуд киножұлдызы Анджелина Джоли.

Шынар Талаева «әйелдердің дәрігерге кеш көрінуіне бұл себеп болмауы тиіс» дейді.

Кейбір дәрігерлер сүт безі қатерлі ісігінің алдын алудың тиімді әрі радикалды жолдарының бірі - профилактикалық мастэктомия деп есептейді. Голливуд актрисасы Анджелина Джоли сүт бездерін алып тастайтын осындай операция жасатқан. Анасы рактан қайтыс болған Джоли қатерлі ісік тұқым қуалауы мүмкін екенін ескеріп, хирургиялық әдіске жүгінген. Бұдан кейін Еуропа елдерінде мастэктомия операциясына сұраныс артқан. Қазақстанда да мұндай операция жасатқан әйелдер бар. Соңғы екі жылда Алматыда үш әйелге осындай операция жасалған.
  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG