Accessibility links

10 боксшының мақсаты – кемінде екі алтын


Қазақстан құрамасының боксшылары. (Сурет спорт шарасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Қазақстан құрамасының боксшылары. (Сурет спорт шарасының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Қазанның 14-і күні Алматыда бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Қазақстан құрамасы басты қарсыластары кімдер болатынын біліп отыр.

Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында 14-26 қазан аралығында өтеді. Елдің бокс федерациясының дерегі бойынша, биылғы чемпионат ең көп спортшы қатысқан жарыс болады – 116 елден 576 боксшы келеді. Бұл чемпионатқа Еуропадан – 39 ел, Азиядан – 26 ел, Оңтүстік және Солтүстік Америкадан – 25 ел, Африкадан – 22, Мұхит аймағынан (Океаниядан) 4 ел қатысатындығын растаған.

Алматыдағы жарыс халықаралық бокс қауымдастығы (АIBA) қабылдаған жаңа ереже бойынша өтеді. Яғни боксшылар шлемсіз бокстасады.

БАС БАПКЕРДІҢ ЖОРАМАЛЫ

Бұл жолғы әлем чемпионатына Қазақстанның атынан 10 боксшы қатысады: Пекин және Лондон олимпиадаларына барған Біржан Жақыпов (49 килограмм салмақ дәрежесінде), 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ілияс Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов. Маңғыстау облысы, 15 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды).

Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Әділбек Ниязымбетов. Маңғыстау облысы, 15 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды).

Сүлейменов (52 килограмм), Қазақстан чемпионы Қайрат Ералиев (56 килограмм), 2013 жылы Иорданияда өткен Азия біріншілігінде чемпион атанған боксшылар – Берік Әбдірахманов (60 килограмм), Мерей Ақшалов (64 килограмм), Данияр Елеусінов (69 килограмм), Жәнібек Әлімханұлы (75 килограмм), Антон Пинчук (91 килограмм), соңғы олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов (81 килограмм), пен Лондонда қола медаль алған Иван Дычко (+91 килограмм).

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, боксшылар бұл әлем чемпионатынан кем дегенде екі алтын алуды мақсат етеді.

– Биылғы жарысқа Куба, Италия, Әзербайжан, Украина, Өзбекстан құрамасы басты қарсыластарымыз болмақ. Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов сынды боксшылардан алтын күтеміз. Құрамадағы барлық Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов (оң жақта) жаттығу кезінде Біржан Жақыповқа (сол жақта) кеңес беріп тұр. Алматы, 10 мамыр, 2012 жыл.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов (оң жақта) жаттығу кезінде Біржан Жақыповқа (сол жақта) кеңес беріп тұр. Алматы, 10 мамыр, 2012 жыл.

10 боксшының да жүлдеге таласуға күші жетеді, – деді Мырзағали Айтжанов Азаттық тілшісіне.

Қазақстан мұның алдындағы бокстан өткен әлем чемпионаттарында – 2009 жылы Италияның Милан қаласында өткен чемпионатта бір қола ғана, ал 2011 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында болған жарыста екі күміс пен екі қола алған еді.

Қазақстандық боксшылардың бұл жолғы әлем чемпионатына Азияның үздік командасы ретінде қатысатын да атап өтуге тұрарлық. Биылғы шілде айында Иордания астанасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс иеленіп, бірінші орынға шыққан болатын.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ

Алматыда бокстан ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың арасында 2011 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль алған Ласаро Альварес пен Хулио де ла Крус (екеуі де кубалық), Миша Алоян (Ресей), Эвертон Лопес (Бразилия), Магомедрасул Меджидов (Әзербайжан) бар.

2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын медаль иеленген Роберси Рамирес Ұлыбританиялық Фред Эванс (сол жақта) пен қазақстандық Серік Сәпиев Лондон олимпиадасында бокстасып жүр. 12 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлыбританиялық Фред Эванс (сол жақта) пен қазақстандық Серік Сәпиев Лондон олимпиадасында бокстасып жүр. 12 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

(Куба), күміс жүлдегерлер Фред Эванс (Ұлыбритания), Нямбаярын Төгсцогт (Моңғолия), Клементо Руссо мен Роберто Каммарелле (екеуі де Италиядан) Алматы рингіне шығады.

Лондон олимпиадасында қола медаль алған боксшылар Лазаро Альварес пен Ясниер Толедо (екеуі де кубалық), Пэдди Барнс пен Майкл Конлон (екеуі де Ирландиядан), Уранчимэгийн Мөнх-Эрдэне (Моңғолия) де Алматыда өтетін әлем чемпионатына келеді.

Жарыс билеттері Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының кассасында және чемпионаттың ресми сайтында онлайн жүйеде сатылып жатыр. Алғашқы раундтарға кіретін билеттің бағасы – 700 теңге мен 3 мың теңге, ал ширек финал мен жартылай финалға – 1-10 мың теңге, финалға – мың жарымнан 30 мың теңгеге дейін. арасында. Жарысты бастан-аяқ толық көру үшін абонемент (бағасы 8-62 мың теңге аралығында) алуға да болады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG