Accessibility links

Елеусізов: Климат проблемасы атом соғысы қаупінен асып түсті


Арал теңізі маңындағы Қаратерең ауылының тұрғыны су әкеле жатыр. Қызылорда облысы, 21 сәуір 2005 жыл. (Көрнекі сурет)
Арал теңізі маңындағы Қаратерең ауылының тұрғыны су әкеле жатыр. Қызылорда облысы, 21 сәуір 2005 жыл. (Көрнекі сурет)

Францияда БҰҰ-ның климат өзгеруіне арналған конференциясына қазақстандық делегация құрамында қатысып жатқан «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов «әлемдік деңгейдегі проблемалар Қазақстанда да жеткілікті, бірақ конференциядан тұщымды нәтиже күтпеймін» дейді.

Францияда БҰҰ-ның климат өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылайтын дүниежүзілік конференциясы өтіп жатыр. 147 елдің басшылары экологтардың көбі «ескірді» деп санайтын Киото хаттамасының орнына қабылданатын жаңа келісімнің шарттарын жан-жақты талқылап отыр. Жаңа құжат ғаламдық климаттың жылынуына себепкер парник газдарының бөлінуін тежеуі тиіс.

Бұдан бөлек экологиялық бағдарламаларға жыл сайын 100 миллиард доллар жинау да жоспарланған.

Азаттық «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі, БҰҰ конференциясына қазақстандық делегация құрамында қатысып отырған Мэлс Елеусізовтен жиында айтылған мәселелер жайлы сұрады.

Азаттық: – Конференцияға қатысу Қазақстан проблемаларын шешуге қаншалықты ықпал ете алады?

«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов. Астана, 19 қазан 2015 жыл.
«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов. Астана, 19 қазан 2015 жыл.

Мэлс Елеусізов: – Мұндай конференциялардың не беретінін өзім де түсінбеймін. 20 жыл қатарынан қарақұрым халық жиналып өткізіп жатады, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Климаттың өзгеруіне әсер ететін проблемаларды шешудің еш қиындығы жоқ. Оларды жұрттың бәрі біледі. Парник әсері газдардан пайда болады.

Азаттық: – Әлем елдері басшылары осы мәселені талқылау үшін жинала ма? Әлде олар өзге де проблемаларды талқылай ма?

Мэлс Елеусізов: – Терроризм проблемасы ушығуына байланысты бұл жолғы конференция өз тақырыбынан біраз ауытқыды. Бірақ климатқа көңіл бөлу керек екенін олар қазір түсінді. Бұрын мұндай көңіл бөлінбейтін. Атмосфераны ең көп ластайтын елдер – Қытай, Ресей және АҚШ. Климаттың жылыну проблемасы адамзатқа атом соғысынан да қауіпті екені осы конференцияда алғаш рет айтылды. Бірақ әлдебір тұщымды нәтижелер байқалмайды.

Біріншіден, орман алқаптарының 70 пайызы оталған. Екіншіден, ауаны автомобиль, өнеркәсіп ошақтары да көп ластайды. Улы газдардың бөлінуін азайту үшін ештеңе жасалмайды. Үшіншіден, қоршаған ортаны қоқыс үйінділері де көп ластайды. Кейбірін өртейді немесе өзі шіриді. Тұрып қалған су да газды көп бөліп, таза суды ластайды.

Азаттық: – Қазақстандағы қандай проблемаларды әлемдік деңгейдегі мәселелер деп атауға болады?

Мэлс Елеусізов: – Каспий мен Арал теңізі проблемаларын атауға болады. Балқаш та Арал теңізінің кебін құшатын сияқты. Тағы бір проблема – Семей полигоны. Қазақстанда экологиялық проблемаларға тым жеңіл-желпі қарайды. Жұрттың бәрі экономикамен әуре, ал өзімізге тиісті міндеттерді ешкім шешкісі келмейді.

XS
SM
MD
LG