Accessibility links

Паралимпиада ойындары аяқталды


Паралимпиаданың жабылу салтанаты. Лондон, 9 қыркүйек 2012 жыл.

Паралимпиаданың жабылу салтанаты. Лондон, 9 қыркүйек 2012 жыл.

Қыркүйектің 9-ы күні Лондонда паралимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Ұлыбритания астанасы төрт жылда бір өтетін екі бірдей ірі жарысты аяқтап, олимпиадалық және паралимпиадалық туды Рио-де-Жанейро қаласына тапсырды.

Лондонның «Олимпиадалық стадионында» өткен паралимпиаданың жабылу салтанатын сексен мың адам тамашалады. Ал теледидар арқылы бір жарым миллиард көрермен көрген.

Ойындардың жабылу салтанатына халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Филипп Крэйвен және Лондон олимпиадасы мен паралимпиада ұйымдастыру комитетінің төрағасы Себастьян Коу қатысты.

Ал салтанатты кештің бас режиссері Ким Гэвин британ елінің тарихын және мерекелерін көрсетуге тырысты. Ұлыбританиядағы айтулы мейрамдардан сахналық көріністер қойылып, әскер маршы да ұйымдастырылды. Паралимпиадаға қатысқан 4 мың 200 спортшы шараны сахнада отырып тамашалады. Жабылу салтанатына әнші Рианна мен танымал Jay-Z, Coldplay топтары қатысты.

Салтанатты шара соңында биылғы паралимпиаданың чемпиондары Элли Симьондс және Джонни Пикок (екеуі де Ұлыбритания спортшылары) ойынның алауын сөндірді. Одан кейін Лондон мэрі Борис Джонсон паралимпиада туын Рио-де–Жанейро (Бразилия) қаласының мэрі Эдуардо Паэшуге табыстады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІГІ – ЖЕТІНШІ ОРЫНДА

Паралимпиада ойындарының жүлдесін 75 елдің спортшылар иеленді. Олардың қатарында Нигерия, Тунис, Ирак, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Кипр, Үндістан, Шри Ланка, Өзбекстан бар.

Ал жалпыкомандалық есепте Қытай (95 алтын) – бірінші, Ресей (36 алтын)– екінші, Ұлыбритания (34 алтын) – үшінші орын алды.

Қазақстаннан барған жеті спортшы да биылғы жарыстан жүлде ала алған жоқ. Ең Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшы Кәбира Асқарова.

Паралимпиада ойындарына қатысқан спортшы Кәбира Асқарова.

үздік нәтиже – Кәбира Асқарованың (пауэрлифтинг) жетінші орны.

Паралимпиада ойындарына аттанған Қазақстанның спорт және дене шынықтыру агенттігі ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовтың айтуынша, Қазақстан спортшыларының нәтижесі Пекинмен салыстырғанда өскен.

Ол Қазақстан құрамасының жеті спортшысы биылғы паралимпиада ойындарында «өзіндік деңгейде өнер көрсеткенін» айтты.
Лондонға аттанарда ұлттық құрама алдына «осынша жүлде алу керек» деген міндет қойылмаған.

– Лондонға аттанарда ұлттық құрама алдына «осынша жүлде алу керек» деген міндет қойылмаған. Бірақ қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг сынды спорт түрлерінде жарысқа қатысып, өздерінің жеке рекордтары жаңартты. Енді Қазақстанның паралимпиада құрамасы 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия паралимпиада ойындарына дайындықты бастайды, – деді Ардақ Тоғымов.

Қазақстан 1996 жылы Атлантадағы паралимпиадаға – 13 спортшы, 2000 жылғы Сиднейдегі жарысқа – 2 спортшы, 2004 жылғы Афинадағы ойындарға – 8 спортшы, 2008 жылғы Пекиндегі паралимпиадаға 6 спортшы жіберген.

ПАРАЛИМПИАДАДАҒЫ ШУ

Паралимпиада ойындарында алтын алған украиналық Мария Помазанның медалін жарыстан кейін ұйымдастырушылар қайтарып алды. Спортшы диск лақтырудан чемпион атанған еді. Алайда төрешілер «атлеттің нәтижесін есептеу кезінде Қазақстандық делегация паралимпиада ойындарында ел туының ресми көтерілу салтанатында. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл. (Сурет Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінен алынды).

Қазақстандық делегация паралимпиада ойындарында ел туының ресми көтерілу салтанатында. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл. (Сурет Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінен алынды).

техникалық қателік болды» деп, алтын медальді екінші орын алған қытайлық Ву Синға табыстады. Украина паралимпиада комитеті ұйымдастырушылардың бұл әрекетіне орай шағым түсіргенімен, еш пайда болмады.

Паралимпиада тарихында тұңғыш рет спортшылар допингпен ұсталды. ВВС ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, ресейлік екі спортшы Вадим Ракитин, Николай Марфин және грузиялық Шота Омаришвилидің ағзасынан рұқсат етілмеген препарат табылған.

Ресей спортшылары ағзадағы гормондарды көбейтетін «Неотропин» препаратын қолданғандарын мойындады. Ал грузин спортшысы Омаращвили бұл жайтқа қатысты ешбір мәлімдеме жасаған жоқ. Халықаралық антидопинг агенттігі допинг дауына іліккен паралимпиадашыларды жазалауға қатысты шешім шығарған жоқ.

Биылғы паралимпиадада 502 комплект медаль сарапқа салынып, 251 әлем рекорды орнады. Жарыстарды стадионнан барлығы 2,7 миллион көрермен тамашалаған. Билет сатудан түскен пайда – 70 миллион доллар.

2012 жылдың басты додасы – олимпиада мен паралимпиада ойындары жайлы толық ақпараттар мен қорытындыларды Азаттықтың арнайы парақшасынан оқи аласыз.

Лондондағы паралимпиада ойындары (фотогалерея):

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG