Accessibility links

Үш қазақ балуаны әлемдегі үздіктер қатарына енді


Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрмахан Тінәлиев (қызыл киімде) Алматыдағы жаттығу жиынында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрмахан Тінәлиев (қызыл киімде) Алматыдағы жаттығу жиынында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

Халықаралық күрес федерациясы грек-рим күресінен әлемдік рейтингке үш қазақ балуанын енгізді. Рейтингте 2012-2013 жылдары әр салмақта үздік өнер көрсеткен он спортшыдан бар.

Әлемдік күрес федерациясының ресми сайтындағы ақпаратта: «Рейтингте 2012 жылдың соңы мен 2013 жылдың алғашқы бес айында өткен жарыстардың нәтижелері есепке алынды. Әр салмақ дәрежесі бойынша үздік ондыққа енген спортшылардың барлығы - құрлық чемпионаттары мен гран-при жарыстарының жүлдегері» деп жазылған.

ҮЗДІК ҮШ БАЛУАН

Әлемдегі грек-рим күресінің үздік балуандары тізімінде 120 килограмм салмақ дәрежесі бойынша алдыңғы үштікке Нұрмахан Тінәлиев кіреді. Оның алдында түрік балуаны Риза Кайалп пен украиналық Евгений Орлов тұр.

Биыл сәуірде Делиде (Үндістан) өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, 2013 жылғы әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанған Нұрмахан Тінәлиев өзімен бірге әлемдік рейтингке енген балуандардың кілең мықты екенін айтты.

– Бұл нәтижеге Азия чемпионы атанған соң қол жеткізіп отырмын. Үндістанда өткен Азия біріншілігіне тек алтын аламын деп бардым. Енді осы рейтингтегі Нұрмахан Тінәлиев (алдыңғы қатарда, ортада) командаластарымен бірге жаттығу залында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

Нұрмахан Тінәлиев (алдыңғы қатарда, ортада) командаластарымен бірге жаттығу залында. Алматы, 20 маусым 2012 жыл.

көрсеткішті жақсартуға тырысамын. Бұйырса, алда бірнеше халықаралық турнирге қатысамын. Биылғы басты жарыс – қыркүйекте (Венгрияның Будапешт қаласында - ред.) өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатырмын. Рейтингте менен жоғары тұрған қарсыластарым әлсіз дей алмаймын. Өз басым кез келген жарыста барлық қарсыластарымды құрметтеймін және жарыста тек жоғары жетістікке жетуге тырысамын, - деді Нұрмахан Тінәлиев Азаттық радиосына.

Сонымен бірге, 96 килограмм салмақта биылғы құрлық біріншілігінің күміс медалін алған Ерұлан Искаков та әлемдік күрес федерациясының рейтингінде сегізінші орында тұр.

Ал 66 килограмм салмақ дәрежесінде биыл Үндістанның Дели қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленген Ербол Қоңыратов үздік он спортшының қатарына кірген.

МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШ

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметкері Назерке Сұлтанбек қазақ балуандарының әлемдік рейтингке енуі қазақ спорты үшін маңызды көрсеткіш екендігін айтады.

– Халықаралық күрес федерациясының бұл рейтингі - маңызды тізімдердің бірі. Рейтинг жылына екі рет жарияланады. Қазақстанның үш спортшысы өз Лондон олимпиадасында қола жүлде алған қазақстандық балуан Даниял Гаджиевтің (көк киімде) Беларусь спортшысы Алим Селимауға тәсіл жасаған сәті. 6 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Лондон олимпиадасында қола жүлде алған қазақстандық балуан Даниял Гаджиевтің (көк киімде) Беларусь спортшысы Алим Селимауға тәсіл жасаған сәті. 6 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

салмақтарындағы он үздіктің қатарына еніп отыр. Қазақстан балуандарының үздіктер қатарына енуі – Делиде өткен Азия чемпионатындағы жақсы нәтижеге тікелей байланысты. Азия біріншілігінде грек-рим күресінің өкілдері бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алған еді. Құрлық чемпионатында жүлде алған спортшыларымыздың барлығы да өз салмақтарында үздік ондыққа еніп отыр, – деді күрес федерациясының өкілі.

Халықаралық күрес федерациясының рейтингіне Қазақстаннан бөлек Оңтүстік Корея, Болгария, Түркия, Иран, Грузия, АҚШ, Қытай, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан балуандары да енген.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG