Accessibility links

Қажығұмар Шабданұлына ас берілді


Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда басылып шыққан «Қылмыс» (алты томдық) және «Пана» кітаптарының мұқабасы. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қажығұмар Шабданұлының Қазақстанда басылып шыққан «Қылмыс» (алты томдық) және «Пана» кітаптарының мұқабасы. Алматы, 22 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұзақ жылдар Қытай түрмесінде отырған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының өмірден өткеніне бір жыл толғанына орай ақпанның 15-і күні Алматы қаласында ас берілді.


Асқа жазушының Қытайдағы таныстары, марқұмның Қазақстанда тұратын туыстары, ақын-жазушылар мен өнер иелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен журналистер келді.

Бұл шара кезінде Қажығұмар Шабданұлына арналған деректі фильм көрсетілді, құран оқылды. Қажығұмар Шабданұлы атындағы қоғамдық қор құру, оның шығармаларын жариялау мәселесі де айтылды.

«ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАТЫСЫ ЖОҚ ШЫҒАРМА» АВТОРЫНЫҢ ОН ТОМЫ

Қажығұмар Шабданұлының қызы Жайнар Қажығұмарқызы әкесінің әлі жарық көрмеген еңбектерін жарияламақ ойы бар екенін айтты.

– Араб әріптерімен жазылғандықтан оларды аударуға тура келеді. Шығарамыз Жайнар Қажығұмарқызы әкесінің Қазақстанда жарық көрген 6 томдық «Қылмыс» романының таныстырылымы кезінде. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.

Жайнар Қажығұмарқызы әкесінің Қазақстанда жарық көрген 6 томдық «Қылмыс» романының таныстырылымы кезінде. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.

деген, бірақ үлгере алмай жатырмыз. Дастандары өте көп. Өзі есептеп отыратын, «жазған шығармаларым он томға жақын» деп, – дейді Жайнар Қажығұмарқызы.

«Қажығұмар Шабданұлын 1976 жылдан бері танитын едім» деген Ибрагим Қошқаридың («Қазақтану» қорының төрағасы) сөзінше, марқұмның түрмеде қалып қойған еңбектері де бар.

– Түрмеде екі повесі мен екі естелік дәптері қалған. Олар Қытайдың ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолында. Қажығұмар Шабданұлының әйелі сұрап барғанда бермеген, – дейді Ибрагим Қошқари.

Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы Қазақстанда тұңғыш рет 2009 жылы екі мың данамен жарық көрген еді. Бұл романды 2010 жылы мәдени саясат және өнертану институты Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынған. Бірақ сыйлық тағайындайтын комиссия «бұл шығарманың Қазақстанға қатысы жоқ» деп, тізімінен алып тастаған.

«СҮЙЕГІН ӘКЕЛУГЕ ШАМА КЕЛМЕДІ»

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың айтуынша, Қажығұмар Шабданұлы елге оралғысы келетінін айтып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына екі мәрте өтініш жазған.

– «Қазақстаннан топырақ бұйырса екен, сонда болсам екен» деп армандап өтті ғой дүниеден. Оның президентке жазған хаттары жетті. Бірақ ешкім орнынан қозғалған «Қазақтану» қорының төрағасы Ибрагим Қошқари. Алматы, 15 ақпан 2012 жыл.

«Қазақтану» қорының төрағасы Ибрагим Қошқари. Алматы, 15 ақпан 2012 жыл.

жоқ. Қажекеңнің сүйегін әкелуге де талпындық, «ең болмағанда сүйегі ата жұртта жатсын» деп. Бірақ оған да шама келмеді, – дейді жазушы.

Ал Ибрагим Қошқари «Қажығұмар Шабданұлының сүйегін әкелу ісі Қазақстан үкіметі тарапынан белсенді әрекет болмағандықтан аяқсыз қалды» деп біледі.

– Президент болмаса да, министр дәрежелі адам, яғни сыртқы істер министрі Қытай үкіметіне талап қойса, қайтарып беретін еді. Сұрамаған, қаламаған – сыйлықтарды бермегенінен де көрініп тұр ғой. Мемлекеттік сыйлықты алып жатқандар Қажығұмардан көп еңбек еткен бе! – дейді Ибрагим Қошқари

ОТЫЗ БЕС ЖЫЛЫ ТҮРМЕДЕ ӨТКЕН ЖАЗУШЫ

Жазушы Қабдеш Жұмаділов Қажығұмар Шабданұлын «ештеңеден қорықпайтын, ештеңеден тайсалмайтын, алған беттен қайтпайтын жан еді» деп сипаттайды.

– Ол өзінің ұстаған жолынан таймаған күйі дүниеден өтті. Бұл – екінің бірінің Жазушы Қабдеш Жұмаділов. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

Жазушы Қабдеш Жұмаділов. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

қолынан келетін шаруа емес, тек ұлы адамдардың қолынан келеді, – дейді Қабдеш Жұмаділов.

Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде туған. 1930 жылдардың басында Қазақстанды жайлаған ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Дөрбілжін ауданына ауып барды.

1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде «ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар» деген айыппен Қытай билік орындары тарабынан қудаланып, абақтыға түскен.

1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.

Қажығұмар Шабданұлы1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулар кезінде бас бостандығынан айырылып, 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда жүрді.

– Туған жерінен шақыру келмегеннен кейін, туған жері «қайтарып аламыз» демегеннен кейін Тарым лагерінде жүре берген. Арзан еңбек күші болды. 29 юань айлық алып, сол жерде істеп жүре берді, – дейді «Қазақтану» қорының төрағасы Ибрагим Қошқари.

Тарым лагерінде 22 жылын өтеген Қажығұмар Шабданұлы 1980 жылы ақталып, бостандыққа шықты.

Бірақ 1986 жылдың желтоқсан айында қайта тұтқындалып, «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады», «шетел жансызы болды» деген айыппен 13 жылға бас бостандығынан айырылады. Жаза мерзімін Үрімжі қаласындағы №1 түрмеде өтеді.

Түрмеден шыққаннан кейін өмірінің соңына дейін Қытай билігі оны үйқамақта ұстады.

Қажығұмар Шабданұлы 2011 жылы ақпанның 15-і күні Қытайдың Шәуешек қаласында 86 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болып, сол қалада жерленді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG